Сүндет Той

Сүндет той - қазақ даласында ежелден сән-салтанатымен ерекше аталып өтетін, көптеген өзіндік жөн-жоралғылары бар той.

Сүндет Той
"Бәйге"

Сүндетке баланы алдын ала дайындау

Қалыптасқан дәстүр бойынша ата-бабаларымыз ер балаларын бес-жеті не тоғыз жасында сүндетке отырғызады. Сүндетке отырғызбас бұрын әрбір ата-ана баласын алдын ала психологиялық тұрғыдан дайындайды. Алдымен "бір, екі. үш, төрт, бес, шүметайымның басын кес!" деп тақпақ үйретеді, "сүндетке отырғаннан кейін ғана сен нағыз жігіт боласың" деп күнделікті құлағына құя береді. Осындай әңгімелерге әбден еті үйренген бала осы бір күнді асыға күтіп, іштей дайын болып жүреді.

Сүндет тойына шақыру

Сүндет тойын өткізетін сәтті күн алды ала белгіленеді. Бұл тойға тән ерекшелік - тойға қонақтарды баланың өзі шақырады. Айшықты тарланбозға мінген, сәнді кинген бозбала мен құйрығын шарт түйіп, жорға мінген сүндет бала көпшілікті тойға шақырады. Оның бауырсақ пен мәмпәси толтырылған қоржынынан тойға шақырылған үй иесі дәм татады да, түсті матадан жыртыс жыртып, бала мінген жорғаның жалына байлайды.

Сүндетке отырғызу барысы

Сәрсенбінің сәтті күні ауыл молдасы баланы сүндетке отырғызады. Бұл рәсім былайша жүргізіледі: әкесі баланы дастарқанға шақырып, күлдіргі әңгімелер айтады, мақтауын жеткізе отырып, төсекке жатқызады. Үйде жалғыз қалған молда қолын үш рет сабындап жуып, құрал-саймандарын отқа ұстап, таза ақ шүберек, ұнның кебегі, кесе дайындайды. Молда бала көңілін аулайтын түрлі хикаялар айтып отырып, шүметайының артық терісін қаз майымен әбден уқалап, жанын кетіреді, оның қалайша шорт кесіліп қалғанын баланы өзі де аңғармай қалады. Ұнның кебегін сеуіп, қанын тоқтатады да, үстіне кесе төңкереді. Қара қотырланған жарасы қажалып, қанамас үшін етегі кең көйлек киген бала бір-екі күннен кейін жүгіріп кетеді. (Шүметайдың артық терісін перзенті немесе ұлы жоқ ата-аналар қалап алатын жоралғы бар).

Той сыйлары

Тойға келген адамдар "сүндетің қабыл болсын!" деп баланың айналасына жеміс-жидек пен тәтті дәмдер толтырып, жастығының астына ақша тығады. Сүндетелген бала ата-анасының сұрауы, өзінің қалауы бойынша жиналған қаржыны жұмсайды. Сүндет тойында ауқатты адамдар ат шаптырып, көкпар тартқан.

Тағы қараңыз

Дереккөздер

Tags:

Сүндет Той Сүндетке баланы алдын ала дайындауСүндет Той Сүндет тойына шақыруСүндет Той Сүндетке отырғызу барысыСүндет Той Той сыйларыСүндет Той Тағы қараңызСүндет Той ДереккөздерСүндет Той

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Ботай мәдениетіЕуразияМоңғол шапқыншылығыҚызыл кітапКөзАбай облысыҮндістанҚұндылықЖелшешекАқмешіт әулие үңгіріЭнеолитАлты кәлимәҚазақтың XX ғасырдағы мәдениетіМиғражСүлейман Демирел атындағы университетАминқышқылдарСалт-дәстүрҚұтадғу білікАсан қайғы СәбитұлыАфрика мемлекеттері және тәуелді аймақтарының тізіміДінмұхаммед Қанатұлы ҚұдайбергеновЧарлз ДарвинЖалайырҚазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріТерминМарқакөл қорығыҚажылықҚышымаТалғат Аманкелдіұлы МұсабаевҚадыр Мырза ӘліКөз ауруларыЭкологиялық жүйеТәуке ханКорея РеспубликасыАустралияЖануарларЖошы ханКатализТалғат Жақыпбекұлы БигелдиновҚазақ тіліндегі өсімдік атауларының тізіміҚазақстанның мұнай өнеркәсібі2022 жылғы Қазақстандағы наразылық шараларыҚазақ шежірелерінің тізіміҚазақстан әкімшілік бірліктеріҚазақстан соғыстан кейінгі кезеңдеЭнергияҚажымұқан МұңайтпасұлыБіріккен Ұлттар ҰйымыТүрік қағанатыТүркістан облысыТабиғатты пайдалану мен қорғау негіздеріБалқашЭрих Мария РемаркӘлкей Хақанұлы МарғұланМоңғол империясыЕртісАлтын ОрдаНорвегияҚұранҚалқанша безНАТОҚазақстанның Мәдени мұра жобасыГеографияПсихологияның зерттеу әдістеріСептік жалғауМұстафа ШоқайАлтын Орда тарихыМутацияАдам ағзасындағы химиялық элементтерХалықаралық ұйымдарҚазақстан және дүниежүзілік қауымдастықКеңес Одағының БатырыШәмші ҚалдаяқовСөз тіркесіЭлектролизҚасқырАтеросклерозГипоксия🡆 More