Сүндеттеу

Сүндеттеу, Сүндет (араб.: ختان‎ — сұннат) — медицина ғылымында «циркумцизия» (лат.

Circumcisio — дөңгелете кесу) деп аталады.

Сүндеттеу
Cүндет ғұрпы

Сүндет – ислам дінінде ер баланың жыныс мүшесіндегі тері бөлшегін кесу арқылы жасалатын ғұрып. Сүндет әуел баста араб халқының әдет-ғұрпы болатын. Сүндет мәселесі Құранда баяндалмағанымен, көне араб поэзиясы мен хадистерде айтылған. Сүндет Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) сүннеті болғандығы үшін де мұсылман халықтарында ерекше маңызға ие болды. Меккеде ер балалар 3 – 7 жастарында сүндетке отырғызылды. Бұл ғұрып“таһар” деп аталады. Сүндетке отырғызылатын баланың құрметіне арналып той-думан жасалып, балаға ең әсем киімдер кигізіп, атпен серуендетеді. Мысырда ұл баланы 5-6 жасында сүндеттейді. Сүндетке отырғызатын адамды ерекше құрметтейді. Қазақ халқында сүндеттеуді қожа-молдалар атқарып келсе, қазір көбіне медицина қызметкерлері жүзеге асырады. Бала сүндетке отырғызылған соң көрші-қолаңға қонақасы беріліп, құран оқытылады.

Тарихы

Оның тарихына қарасақ, б.э.д. 2500 жж. ежелгі Мысыр елінде кең қолданылғандығын көреміз. Сүндеттелген перғауын бейнесі мен ересектеу екі баланы сүндетке отырғызу рәсімі көрсетілген папирус суреттерінің Каир мұражайында сақталғандығы осының айғағы. Тіпті, ол көптеген Африка елдерінде де баланың есею нышаны ретінде қалыптасқан.

Сүндеттеу тәсілдері

Мыңдаған жылдардан бергі құрал саймандардың өзгергені секілді, сүндеттеу тәсілдері де уақыт талабына сай өзгеріп отырған. Сүндеттеу тәсілдерінің ең негізгілері мыналар:

  1. Еркін әдіс (ағылш. free hand): хирургтардың новокайн арқылы жансыздандырып, арнайы аспаппен сүндетке отырғызуы, тамырлардың тігілуі. Бұны «классикалық әдіс» деп те атауға болады.
  2. Дәстүрлі әдіс: дін мамандарының өткір ұстарамен кесіп, жараға таза күлді кесемен төңкеріп жасайтын әдіс. Бұл сүндеттеудің бұрыннан кең тараған түрі.
  3. Арнайы құрал пайдалану; сүндетке отырғызуға медицина мамандары араласқалы бері оған «Gomco Clamp» пен «PlastiBell» (қоңырау) секілді арнайы құралдар ойлап табылды. Алайда, балаға бір апта көлемінде тағылып, ұшын байлап, терінің өз бетінше түсіп қалуын қамтамасыз ететін бұл қыстырма құралдар аса тиімді деп есептелмеуде. Бұдан бөлек, электр құралын пайдалану арқылы косметикалық әсермен қанатпай жасалатын басқа да сүндеттеу тәсілдері баршылық.

Жақтау мен сынау

Бүгінгі күні дүниежүзі бойынша ер адамдардың алтыда бір бөлігі сүндетке отырады екен. Соңғы статистика бойынша, әсіресе, солтүстік Америкада профилактикалық әрі гигиеналық мақсатта жас балалардың тоқсан пайызы сүндеттеледі. Әлем тұрғындарының 1,5 миллиардын құрап отырған мұсылмандарды былай қойғанда, Канада, Аустралия, Жаңа Зеландия, Англия секілді бірқатар мемлекеттерде баланы сүндетке отырғызу бүгінгі күні қалыпты үрдіске айналған. Сүндеттеуге Викторияндық кезеңде көңіл бөле бастаған ағылшын тілді бұл елдерде 20 ғ. алғашқы жартысында сүндетке отырғызу жақтаушылармен қатар Дэвид Голлахер секілді оған қарсы шығушылар да бар. Қарсы шығушылар пікірлері бойынша:

сүндет мұсылмандар мен еврейлерге ғана тән діни міндет, өзге дін өкілдеріне қатысы жоқ. Ол гигиена сақтау қиынға соғатын ыстық аймақтарда қолданылған. Бүгінгідей гигиенаны сақтау мүмкіндіктері жоғары кезде оның қажеті жоқ. Ол құмарлықты тежейді. Балаға ауыр тиеді

АҚШ тың педиатрлық академиясы 1989 жылы осы мәселеге орай жаңа туған нәрестелерге арналған ауыртпайтын әрі қауіпсіз препарат табылғандығын ресми мәлімдеді. Бүгінгі күні Вашингтонның Балалар емханасының медициналық орталығында (Childrens Hospital Medical Center) ата-аналардың қадағалауымен жаңа туған балаларға жасалатын барлық хирургиялық операциялар кезінде ауруды басатын анестезия пайдаланылуда. Сондай-ақ, бұл педиатрлық академия 1999 жылы сүндеттің медициналық тұрғыдан пайдалы екендігін жариялаумен қатар, баланы сүндетке отырғызу, отырғызбау мәселесін ата аналардың өздері шешкені мақұл деп тапты. Бұған қоса, сүндеттеуде қалыптасқан діни, мәдени, эстетикалық көзқарастармен де санасу керектігін ескертті.

2000 жылғы баяндамасында Американың медициналық ассоцациясы (Аmerican Medical Association AMA) сүндеттеудің несеп қуық жолдарын сирек кездесетін қатерлі, жұқпалы аурулардан, инфекциядан қорғайтындығын мәлімдеді.

Американың акушер және гинекология академиясы да (American Academy of Obstetricians and Gynecologists ACOG) Педиатрлық академия мен медициналық ассоцацияның мәлімдемелерін мақұлдап, сүндеттеуге ескішілдіктің сарқыншағы ретінде қарауға ешқандай да медициналық негіз жоқ екендігін жариялады.

Көптеген медициналық зерттеу жұмыстары сүндеттеудің мынандай пайдалары бар екенін дәлелдеді:

  • Сүндеттелмегендерге қарағанда, сүндеттелген ерлер жыныстық қатерлі ісікке (рак) анағұрлым аз шалдығады;
  • Ері сүндеттелмеген әйелдерде жатыр мойыншағының қатерлі ісікке шалдығу қаупі алты есе жоғары;
  • Жыныстық жұқпалы ауруларды жұқтыру қаупі сүндеттелмегендерде сегіз есе жоғары; зерттеуші ғалымдар бұған қызықты дәлелдер келтірген. Айталық, балалардың небәрі он немесе отыз пайызы сүндеттелетін Кения, Замбия сияқты елдерде жыныстық жұқпалы ауруға шалдыққандар жергілікті тұрғындардың төрттен бірін құраған. Ал, Бенин және Камерун секілді шамамен әр бала сүндеттелетін Африка елдерінде жұқпалы ауруларға шалдыққандар тұтас алғанда алты-ақ пайыздан аспаған. Аустриялық зерттеуші ғалымдар тіптен үлкен жаңалық ашты. Олар «СПИД-ке шалдыққан ер кісілердің басым көпшілігінің сүндеттелмегендер» екендігін дәлелдеді. Өйткені, СПИД вирусы ең әуелі жыныс мүшесінің ұш қабатын зақымдайтын көрінеді. Егер ол тұс микрозақым алса, қабыну қаупі өте тез жүріледі екен.
  • Сексопатологтар да сүндеттелудің қажеттілігін мойындауда;
  • Гигиеналық тұрғыдан бактериялогиялық, стафилокк (іріңді микроб), гонорей (жыныстық жіңішке ауруы) микробтарынан таза болу тұрғысынан сүндет жасату аса керекті. Оған қоса, смегмалардың (қорғаушы ақ түйіршектер) қабынып, жараға айналмауында үлкен рөл ойнайды.
  • Сүндет фимоз (жыныс үрпісінің жиырылып ашылмай қалуы), парафимоз, баланит, баланопостит кеселдерінің алдын алады.

Дүние мәдиенеттерінде

Еврейлерде

Көне заманда еврейлер таңғы құлшылықтарын жасағаннан кейін барып, синагогта сүндеттеу рәсіміне кірісетін болған. Бұл күн оларда ерекше қуанышты синагог мерекесіне баланған. Оны әдебиеттерінен де көруге болады. Кейіндеп бұл дәстүр израил қауымына тән он өкілдің қатысуымен жеке үйлерде де атқарыла тек раввиннің қатысуы жеткілікті саналады.

Мұсылмандарда

Ислам дінінде сүндеттелу өте үлкен мәнге ие. Өйткені, ол үмбеті ретінде Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.а.у.) ісін қайталауға, яғни сүннет амалын жасауға жатады. Дәлел Әбу Хұрайра жеткізген Пайғамбарымыздың хадисі. Хадисте адам жаратылысының табиғи қажеттілігі ретінде мына бес нәрсе: сүндетке отыру, мұртты басу, қолтық пен ұятты жерді түктен таза ұстау, тырнақ қысқарту аталған.

Қазақтарда

Қазақ халқы мұсылмандықты тілінен бұрын дініне енгізген. Мысалы, отағасы ұл баласы жеті жасқа толысымен сүндетке отырғызуды өзінің міндеті санаған. Бала туғанда жасалатын «шілдехана», «бесік тойдан» кейінгі үлкен той осы «сүндет той». Ауқатты адамдар ондайда ат шаптырып, балуан күрестіріп, үлкен думан жасаған.

Сүндет тойда орындалатын қазақи салт-дәстүрлер

Сүндет тойды өткізетін күнді белгілеу

Қалыптасқан дәстүр бойынша ата-бабаларымыз ер балаларын бес, жеті не тоғыз жасында сүндетке отырғызады. Сүндет тойын өткізетін сәтті күн алдын-ала белгіленеді.

Қонақтарды тойға шақыру

Сүндет тойға ғана тән өзіндік ерекшелік - тойға қонақтарды баланың өзі шақырады. Айшықты тарланбозға сәнді киенген бір бозбала мен құйрығын шарт түйіп, жорға мінген сүндет бала көпшілікті тойға шақырады. Оның бауырсақ пен кәмпит толтырылған қоржынынан ат басын тіреген үй иесі дәм татады да түсті матаны жыртып, бала мінген жорғаның жалына байлайды.

Сәрсенбі күні баланы сүндетке отырғызу

Сәрсенбінің сәтті күні баланы сүндетке отырғызады. Тойға келген адамдар "сүндетің қабыл болсын!" деп, баланың айналасына жеміс-жидек пен тәтті дәмдер толтырылады.

Tags:

Сүндеттеу ТарихыСүндеттеу тәсілдеріСүндеттеу Жақтау мен сынауСүндеттеу Дүние мәдиенеттеріндеСүндеттеу Сүндет тойда орындалатын қазақи салт-дәстүрлерСүндеттеуАраб тілі

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Мұқағали Сүлейменұлы МақатаевБайқоңыр (ғарыш айлағы)АлматыАдам қаңқасыКүкірт қышқылыКанадаГормондарСерверҚазақстан қорықтарының тізіміҚұстарҚанипа Омарғалиқызы БітібаеваМемлекет астаналары тізіміЗейінКөзИнтернетТыныс алу жүйесіОрталық ҚазақстанДамушы елдерХалық саны бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміСөз таптарыАбайдың қара сөздеріҚарақытай мемлекетіБақылауЖүйке жасушаларыКөкжөтелҚазақстан қалаларыЕсік Алтын адамыДауыссыз дыбыстарЖер асты суыФилософияТұтқырлықҚазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі оқу-ағарту ісіСауд АрабиясыЖүйке жүйесінің құрылысы, маңызыБатыс Түрік қағанатыҒылыми стильСелекцияРеформация дәуірінің мәдениетіБүйректің созылмалы жетіспеушілігіҚазақ Кеңестік Социалистік РеспубликасыАқтабан шұбырындыАлланың есімдеріАнтонимҚұрманғазы СағырбайұлыТістің құрылысы және гигиенасыНоғай ордасыКәлимәДНҚМитозНекеЕуропа одағыАқсу-Жабағылы қорығыШарана шайқауБаққожа МұқайҚожа Ахмет ЯсауиИғтикафКеңес үкіметіБезАсық ойыныТуыстық атауларыЛейкозБронх демікпесіЖемқорлықАлғашқы қайта өрлеу дәуіріСүреҚазақстан Ресейдегі 1905-1907 жылдардағы революция кезіндеЕсімдікЖер құрылымыҚадір түніАбортБалқаш18 ғасырдағы Қазақстан тарихнамасыКомпьютерОрганикалық қосылыстарӘл-Бақара сүресіДидактикаЕркіндікАИВ/ЖИТС🡆 More