Салем Сиқыршылары Соты

Салем сиқыршылары соты (ағылш.

Бұл сотта жалпы 200 шақты адам айыпталып, 30 шақты кісі кінәлі деп танылады; ал олардың 19-ын (14 әйел, 5 еркек) дарға асып өлтіреді. Тағылған айыпты мойындамағаны Жилес Кори атты тағы бір диханның кеудесін көшеде таспен бастырып қояды, ол үш күннен соң қайтыс болады. Ал, түрме ішінде кем дегенде 5 адам қорлықпен көз жұмады.

Салем Сиқыршылары Соты
Сиқыршыны сынау, Т.Х.Мэттесон, 1853. (Салем сиқыршылары сотына негізделіп сызылған)
Салем Сиқыршылары Соты
Сот залы, (негізгі фигура сиқыршыларды әшкерелеушілердің бірі Мэри Уолкотт), сурет 1876 ​​жылы салынған
Салем Сиқыршылары Соты
Жилес Кориді таспен бастыру
Салем Сиқыршылары Соты
Христиан діні тарихындағы өздерін таза діншіл есептейтін Пуританистер

Аталған тұтқындау Салем қаласы мен Салем қыстағынан (қазір бұл қыстақ "Данверс" деп аталады) кеңейіп, Андовер мен Топсфилд секілді көптеген қалаларда жүргізіледі. Сиқыршыларға қарсы Солтүстік Америка отаршылдық тарихындағы ең қанды жазалау болған бұл сотта алқабилер негізгі қылмыстар үшін Салем қаласында 1692 жылы Ойер мен Терминер сотын (фр. Oyer - тыңдау, фр. terminer - белгілеу) өткізсе, ал 1693 жылы Массачусетс жоғары соты істі жалғастырады. Ал, негізгі жазалау ретіндегі дарға асу сол Салем қаласында орындалады. Осы реткі жазаланғандарды санамағанда, бүкіл XVII ғ-да Массачусетс пен Коннектикут колонияларында тек 14 әйел мен 2 еркек қана өлім жазасына кесілген екен.

Отарланған Америкадағы бұл оқиға сол кездегі жаппай истерия таралуымен қатысты. Оқиға саяси риторика мен танымал әдебиетте оқшауланудың, діни экстремизмнің, жалған айыптаулардың және процедуралық қателіктердің қауіптілігі туралы ерекше ескерту ретінде көрсетіледі. Бұл оқиға тосын, не кездейсоқ емес, оған дейін де Еуропа мен басқа құрылықтарда, әсіресе христиандық, исламдық және басқа діни мәдениеттер алғышартында сиқыршыларды соттау оқиғасы түрлі-түсті формада сан мәрте болған еді. Дегенмен, бұл Еуропада ежелден бері орын алып келген сиқыршыларды соттау мен жазалау құбылысының отарланған Америкадағы ерекше мысалы есептеледі. Көптеген тарихшылар бұл сот АҚШ-тың кейінгі тарихында өте әсерлі болды деп санайды. Тарихшы Джордж Линкольн Беррдің айтуынша: "Салем сиқыршылдығы теократияны талқандаған жартас болды".

1992 жылы оқиғаның 300 жылдығы шарасында Салем Сиқыршылары Соты құрбандарын еске алу үшін Салем қаласында саябақ, ал Данверсте (кезіндегі Салем қыстағы) мемориал салынды. 1957 жылы Массачусетс заң органы 6 адамға кешірім берген акт қабылдады, ал 2001 жылы тағы бір адам, бес құрбанға кешірім жариялады. 2004 жылдан бастап барлық құрбандарды ақтау туралы әңгіме көтерілуде. 2016 жылдың қаңтарында Вирджиния университетінің "Gallows Hill" (Дарға асу төбешігі) жобасы тобы Салемдегі 19 "сиқыршы" дарға асылған жерді дәл анықтағанын хабарлады. Қала 2017 жылы сол жерде құрбан болғандарға Проктор Ледж мемориалын (Proctor's Ledge Memorial) салды.

Оқиғаның алғышарттары

1500-1660 жж аралығында Еуропада шамамен 50 000 - 100 000 адам сиқыршы ретінде айыпталып, өлім жазасына кесілген екен. Олардың 80 пайызы әйелдер болған. Ал, сиқыршыларды соттау ХVІІ ғ-дың ортасына қарай Еуропаның көп бөлігінде жойыла бастағанымен, олар Еуропаның шеткері өңірлерінде және Америкадағы колонияларында жалғасын тапты. 1692-1693 жылдардағы Салемдегі оқиғалар Жаңа Әлемдегі истерияның мәлім түрінің қысқа мезеттік өршуінен туған болатын, ол ондай жағдайдағы қатал жазалау тәжірибелері Еуропаның көпшілігінде азая бастаған болатын.

1668 жылы «Заманауи саддукеиге қарсы» деген еңбегінде Джозеф Гланвилл табиғаттан тысқары әлемдегі сиқырлар мен елестердің бар екенін дәлелдей алатынын жазады. Ол "тәндік реинкарнация (қайта тірілу) және супертабиғи (табиғаттан тысқары) рухтар туралы мәселелерге талдау жасайды.

Гланвилл өз трактатында шыншыл адам бақсылар мен елестерге де сену керек деп мәлімдеді; егер олар рухтардың шынайылығына күмәнданса, олар жындарды ғана емес, құдіретті Құдайды да жоққа шығарды. Гланвилл супертабиғи күштерді жоққа шығаруға болмайтынын дәлелдегісі келді; Елесті жоққа шығарғандар бидғатшылар (heretics) болып саналды, өйткені бұл олардың періштелерге деген сенімдерін де жоққа шығарды. Гланвилл секілді Коттон Матзер (Cotton Mather) де өз еңбектерінде "жындар тірі" дегенді дәлелдеуге тырысты.

Алғашқы айыптаулар

Салем сиқыршылары сотына дейін де сиқыршыларды соттаулар болған. Мысалы, 17 жастағы Элизабет Хаббард секілді бірнеше жасөспірім қыз сиқыршылықпен айыптаған болатын. Дороти Гуд сиқыршылықпен айыпталған кезде бар болғаны төрт-бес жаста ғана екен.

Жаңа Англияда сиқыршыларды өлім жазасына кесудің басталуы

Ең ерте жазылған сиқыршыны өлім жазасына кесу 1647 жылы Коннектикут штатындағы Хартфордта болды, онда Альсе Янг деген әйел өлім жазасына кесілге екен.

Салем сиқыршылары оқиғасының барысы

Салем Сиқыршылары Соты 
Салем ауылындағы ғибадатхана, ХІХ ғ соңында суретке түсірілген

1692 жылдың ақпанында Салем ауылында прутанист пастор Сэмюэль Парристің қызы Бетти Паррис (9 жаста) пен жиені Абигейл Уильямс (11 жаста) екеуі бірдей истерия ауыруына шалдыққаны белгілі боладын. Олар айғайлайды, біреу ине сұғып жатқандай қиналады, дөңбекшиді, бүріседі, сіңгірлері тартысады, оқшауланады. Дәрігер William Griggs бұл қыздардан ешқандай физикалық ауру таппай, сиқырлауға ұшыраған деген жорамал айтады. Қыстақта басқа 10-20 жас аралығындағы қыздардан да сондай ауру белгілері байқалады. Жұрттың күдігі мен наразылығы өрши бастайды.

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

Tags:

Салем Сиқыршылары Соты Оқиғаның алғышарттарыСалем Сиқыршылары Соты Алғашқы айыптауларСалем Сиқыршылары Соты Жаңа Англияда сиқыршыларды өлім жазасына кесудің басталуыСалем Сиқыршылары Соты Салем сиқыршылары оқиғасының барысыСалем Сиқыршылары Соты Сыртқы сілтемелерСалем Сиқыршылары Соты ДереккөздерСалем Сиқыршылары Соты16921693Ағылшын тіліАҚШБатыстық өркениетБритан империясыМассачусетсСиқыр

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ҒаламшарТуберкулезЖылқыАқпан төңкерісіЕсімдікТүркістан облысыМиХалықаралық балалар күніЕжелгі РимТұрақты сөз тіркесіОзон қабатыШылауРеформацияТарих философиясыЕл тізімі (адамның өмір сүру ұзақтығы)АллитерацияКөміртегіБақытсыз ЖамалКөшбасшылықАвтокөлік шығаратын елдер тізіміҚазақстан азамат соғысы жылдарындаМағжан Бекенұлы ЖұмабаевМәншүк Жиенғалиқызы МәметоваСөз таптарыНейрондық желі, нейрожелі, жасанды нейронды желіЭволюцияӨсімдіктер систематикасыАзотДауысты дыбыстарҚатерлі ісікАстанаVII — IX ғасырдағы сәулет өнері ескерткіштеріӨзбекстанАқмола облысыТәуелсіз Қазақстан тарихыАқсу-Жабағылы қорығыАқ Орда (мемлекет)Менің атым Қожа (повесть)Қазақстанның Мәдени мұра жобасыБаланы қырқынан шығаруҚазақстандағы су тасқыны (2024)Инеліктер1930—1933 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылықУкраинаЕкінші дүниежүзілік соғысҒабиден МұстафинТуыстық атауларыМетаморфтық тау жыныстарыСәкен СейфуллинЖаңа экономикалық саясатТыныс белгілеріРинат Рифхатұлы ЗайытовҚазақстан Республикасының Ұлттық музейіДыбыстың сипаттамаларыЭкологиялық апатҚытай Халық Республикасы экономикасыАлтын ОрдаОрта ғасырлардағы Шығыс философиясыҚазақстандағы туризмГалогендерКомпьютерлік желіҚазақстан тарихыАустралияӘл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіАзаматтық қоғамДевианттық мінез-құлықОңтүстік АмерикаӨсімдіктерБастауышМетафораФантастикаЕтеккірРентген сәулесіТұқым қуалайтын ауруларМұстафа Кемал АтатүрікОперациялық жүйелерҚазақстан музейлеріБауыр (орган)🡆 More