Парапсихология(гр.
Парапсихологияның синонимі ретінде психотроника ұғымы қолданылады.Парапсихологияға эксрасенсорлық қабылдау, телепатия, яғни алыстағы адам туралы белгілі бір ақпарат игеруге қабілеттілік, болашақты жорамалдау, көріпкелдік, құмалақшылық, т.б. жатады. Парапсихология экстрасенсорлық қабылдау, телепатия, түс көру сияқты табиғаты айқындалмаған, функционалдық қызметі тиянақсыз психикалық құбылыстар туралы мәліметтердің жиынтығы ретінде көрінеді.
Парапсихологиялық көріністер 19-ғасырдың соңғы ширегінен арнайы ғылыми нысан ретінде зерттеле бастады.1980–1890 жылдары Батыс Еуропа елдерінің ғалымдары Парапсихологиялық құбылыстарды зерттеумен шұғылдана бастады. Пси-феномендердің нақтылығын дәлелдеу емес, аномалды деп аталатын құбылыстарды зерттеу мақсатында Парапсихология қауымдастығы ұйымдастырылды. Психология ғылымының бір саласы ретінде Германия мен АҚШ-та – gарапсихология, Францияда – метапсихика, КСРО-да – биоинформатика, т.б. атаумен одан әрі дамыды. Парапсихологияда гипноз арқылы өткізілген зерттеулер маңызды орын алады. Орыс ғалымы Л.Васильев гипноз бен экстрасенсорлық қабылдау арасында мәнді байланыстар орнатты. Ғалымдардың көп жылғы ізденістері гипноздың, идеомоторлық актілердің, субсенсорлық қабылдаудың, таңғажайып естің, есеп шығарудағы дарынды қабілеттің психологиялық заңдылықтарын танып-білуге ұйтқы болды. Дегенмен, Парапсихология қарастыратын құбылыстардың ерекше сипаты осы уақытқа дейін мамандар арасында бірде қызу айтыс-тартыс, бірде ашық күмән туғызуда..
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Парапсихология, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.