Османлы әулеті — Ұлы Османлы Мемлекетін 1299-1922 жылдар аралығында басқарған сұлтандар мен халифтер әулеті.
Османлы әулеті түр. Osmanlı Hanedanı | |
| |
Елі | Осман империясы |
---|---|
Титулдары | сұлтан, қаған, хан, халиф, падишаһ, қазы, шаһзада, бей |
Негізін салушысы | I Осман |
Соңғы билеушісі | II Әбділмәжит |
Қазіргі басшысы | Осман Баязит Османұлы |
Негізі салынған жыл | 1299 жыл |
Ұлты | Түрік |
өңдеу |
Әулет негізін Османлы Бейлігінің алғашқы ұлыбейі Осман Ғази салған. Сондай-ақ әулет мүшелерінің ішінде 1389-1402 жылдары билеген Шапшаң Сұлтан Баязит, 1451-1481 жылдары билеген Жаулаушы Сұлтан Мехмет, 1512-1520 жылдары билеген Жауыз Сұлтан Сәлім, 1520–1566 жылдары билеген Заңшы Сұлтан Сүлеймен, 1789-1807 жылдары билеген Низами Сұлтан Сәлім, 1808-1839 жылдары билеген Жаңартпашы Сұлтан Махмұт және 1876-1909 жылдары билеген Ұлы Сұлтан Әбділхамит сынды сұлтандар танымал болған. 1923 жылдың 29 қазанында сұлтандық жойылып, Османлылардың соңғы сұлтаны VI Мехмет Түркиядан қашып кетеді. Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің шешімімен халиф ретінде Османлы әулетінің шаһзадасы II Әбділмәжит тағайындалады. 1924 жылдың 3 наурызында халифат та ыдыратылып, елдегі Османлы әулетінің барлық мүшелері елден қуылады.
Ұлы Османлы Мемлекетінің сұлтандары | ||
---|---|---|
I Осман · Орхан · I Мұрат · I Баязит · Сұлтанаралық · I Мехмет · II Мұрат · II Мехмет · II Мұрат · II Мехмет · II Баязит · I Сәлім · I Сүлеймен · II Сәлім · III Мұрат · III Мехмет · I Ахмет · I Мұстафа · II Осман · I Мұстафа · IV Мұрат · Ибраһим · IV Мехмет · II Сүлеймен · II Ахмет · II Мұстафа · III Ахмет · I Махмұт · III Осман · III Мұстафа · I Әбділхамит · III Сәлім · IV Мұстафа · II Махмұт · I Әбділмәжит · Әбділғазиз · V Мұрат · II Әбділхамит · V Мехмет · VI Мехмет · II Әбділмәжит (соңғы халиф) | ||
Әулет · Шежіре · Санат |
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Османлы әулеті, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.