Онегин

Онегин - Александр Сергеевич Пушкиннің «Евгений Онегин» атты романының бас кейіпкері.

Абай "Онегинның сипаты" өлеңін, Пушкинның «Евгений Онегин» романының 1 тарауының, X, XI және XII бөлімінің басын алып аударып жазған. Онегин - орыс дворяндарының өкілі, солардың типтік мінез ерекшеліктерін танытатын жинақталған, сомдап бейнеленген көркем тұлға. Оның бойынан орыс дворяндарына тән жағымды қасиеттерді де, жағымсыз сипаттарды да табуға болады. Абай «Онегиннің сипаты» өлеңінде:

«Кейде ұялшақ, төменшік, кейде тіп-тік, Қамыкқансып, қайғырып, орны келсе...» - деп, Онегиннің сезімтал, «ғашықтық сөзге жүйрік», ұнатқан адамын үйіріп әкетуге бейімділігіне, мінез- құлқының қыры мен сырына, ерекшеліктеріне көңіл аударады. Онегиннің өмірге көзқарасы, Татьянамен қарым-қатынасы - Абай аударған екеуінің жазысқан хаттарынан анық байқалады. Онегин Татьянаны лапылдаған жастық шағы өткен, махаббатқа бойы суынған уақытта кездестіреді. Сондықтан ол жас қыздың ғашықтық сезімін қабыл алмай, өмірден басқа қызық іздемек ниетін білдіреді. Алайда, бойындағы күш-қуатын қоғам- дық пайдалы іске жұмсасам деген талабынан ештеңе шықпай, өз ортасынан көңілі қалады. Өмірден торығып, жалғыздығын әбден сезінген Онегин Татьянаны қайта көздестіріп, жүрегінде ғашықтық сезімі оянғандай болғанымен, жоғалған махаббаттың енді қайтып келмейтініне көзі жетеді. Пушкин оны өмірден өз орнын таба алмаған адам етіп көрсетіп, сол арқылы қоғамдық өмірдің қайшылығын танытса, Абай Онегинді заманынан, төңірегіндегі адамдардан соққы жеп, рухани күйзеліске түскен сезімтал тұлға етіп бейнелейді. Абайдың Татьяна аузына салған: «Сен жаралы жолбарыс ең.., Сен шошыдың ғашығыңнан, Өзге жұрттан қамшы жеп...», - деген сөзінен, қазақ ақынының оны төңірегіндегі адамдардан зардап шегіп, махаббаттан көңілі суынған, рухани күйзеліске түскен жан бейнесінде сипаттауға ұмтылғаны айқын көрінеді.

Дереккөздер


Tags:

Александр Сергеевич Пушкин

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ИспанияСалт-дәстүрХалықаралық еңбек бөлінісіОтын-энергетикалық кешенҚышқылРим империясыҮш жүз он екінші атқыштар дивизиясыСелекцияСәбит Мұқанұлы МұқановБактерияларТеріАқан серіҚазақ хандығыМұражайФариза ОңғарсыноваЖәнібек ханЕуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымыСырым ДатұлыАрал теңізіОңтүстік АмерикаДәрілік өсімдіктерАтомның ядролық үлгісі. Резерфорд тәжірибесіБаланы қырқынан шығаруҚажығали МұханбетқалиұлыҚазақстанның 1920-1940 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайыДомбыраЖануарларГеографияКарл ЛиннейМутацияҚазақстан жоғарғы оқу орындарының тарихыАлтын ОрдаТөлеген ТоқтаровШарын шатқалыМонархияӘмір Темір1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісКартопТарих философиясыӘжеТөлен ӘбдікҰлыбританияГендік инженерияФутболСақ мәдениетіЕскендір (поэма)Нарықтық экономикаТабиғатКубизмМұхитИнтернетҚанЕсім ханҚазақ-Жоңғар соғысыМұхтар Омарханұлы ӘуезовСоғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның ауыл шаруашылығы (1946-1960)Қазақстан қорықтарының тізіміҚазақстан Республикасының Ұлттық музейіДемографияКөп жасушалы ағзаларҚазақстанның Қызыл кітабына тіркелген бірінші санатты жануарларКөксерек (әңгіме)Алаш қозғалысыШиеИнтеграцияҚазақстандағы транспортСинонимПалеозойТәуке ханҚарахан мемлекетіЖұлдызГрузияАлмазАвторлық құқықАфрика мемлекеттері және тәуелді аймақтарының тізіміКеңес үкіметіӨнеркәсіптің дамуы және оның шикізаттық бағыт-бағдарыЛеонардо да ВинчиҚытай Халық Республикасы экономикасы🡆 More