Нимфалидтер-мыңдаған түрлері бар көбелектің ең көп тұқымдасының бірі.Бұл көбелектің ішінде біртүстілері жоқ-олардың қанаттарының жоғарғы жағы алуан түсті,ал асты көріксіз.Ол отырған көбелекті жақсы бүркелемейді.Нимфалидтің шошақ және ойыс қанатының шеттері әдетте өрнектермен әдептеледі.Бұл тұқымдасқа негізінен тропикалық түрлер жатады.Алайда нимфалидтердің біразын жайылымдардан,орман мен саябақтардан да жолықтыріға да болады.Бұл көбелектің халықтық атаулары-құлпырма күреңше,інжу,лимон-олардың әдемілігін паш етеді.Сәл бұрын нимфалидтер Мәскеу сияқты ірі қалаларда да өріп жүретін.Өкінішке орай,қазір бұл көркем жәндіктерді көру бақыты бұйыра бермейді.Жұлдызқұрттарының көпшілігі ошағанның,қалақайдың басқа да жабайы өсімдіктердің жапырағымен қоректенетіне қарамастан,олар қаладан және даладан жоғалып барады.Өйткені қазір шымдағы шөптерді егіп қана қоймай,оларды шауып алатындар көп.
Нимфалидтер | ||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Нимфалид | ||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||
| ||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||
Nymphalidae |
Күндізгі тауыскөзді бір-бірімен әсте шатастыру мүмкін емес.Оның барқыт қызыл-қоңыр қанаттары тауыс қауырсынындағы көздер сияқты таңбалармен әдептелген.Аналық көбелек қалақай жапырағының(оның жүндес жұлдызқұртының негізгі азықтық өсімдігі) төменгі жағына,кейде таңқурай жапырағына,қожақатқа,құлқайырға 100-ден 300-ге дейін жұмыртқа салады.Шілде-тамызда тұлыптан көбелектердің жаңа бөбектері дүниеге келеді.Олар қолайлы жерде қысты жақсы өткізеді,сондықтан ерте көктемде ғана көруге болады.Күндізгі тауыскөз Еуразияның бүкіл аймағында кеңінен таралған.Адмирал-көбелек өз атауын қанатындағы адмирал бұлығын еске түсіретін қызыл жолақтарына байланысты иеленген.Қыстап шыққан көбелектер тоғай ішінде сәуір-мамыр айларында сауық құра бастайды,ал Ресейде жазда кездесетін көптеген дарақтар оңтүстіктен ұшып келеді.Адмиралдардың барлығы үлкен қашықтыққа дейін ұшып қона алады.Адмиралдар гүл шіресіне қызықпайды,алайда ағаш сөлі мен пісіп кеткен жемісте құныға сорады.Адмирал жұлдызқұрттары қалақайда,ошағанда,құлқайырда дамып жетіледі. Адмиралдың жылдам самғауы Карл Линнейді бұл көбелекке аталанта деген ғылыми атау беріге итермеледі.Ол грек мифологиясындағы ең жүйрік әйелдің құрметіне қойылған. Азакөбелектің жайған кезде 7,5 см-ге жететін қарасұр немесе боз-сары жиекті қара қанаттары шындығында қайғылы ойларға жетелейді.Басқа тілдерде де көбелектің осыған ұқсас есіммен аталатыны таңғаларлық емес:ағылшындар оны "азалы шапан",ал француздар "шер" дегенді жөн көреді.Қыстап шыққан азакөбелектер ерте көктемде күн жылына салысымен,ұша бастайды.Олар қабықтан аққан сөлді сорғанды ұнатады және кейде топталып,осы астан дәм тату үшін бас қосады.
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Нимфалидтер, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.