Мәһди

Мәһди, Мәди, Мәді (араб.: المهدي‎ — дұрыс жолға бастаушы, Алланың жолымен алып жүруші) — діни сенімде ислам құндылықтарын қайта жандандыру үшін болашақта өмірге келетін діни қайраткер.

Ислами түсінікте ол ақырзаман таянғанда дүниеге келеді. Мәһди жайлы Құранда аят кездеспейді, Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) оның Хорасанда туылатынын болжап, хадисінде “Хорасаннан қара белгі көрсеңдер асығыңдар, онда Алланың орынбасары — Мәһди болады” дейді (Ал-Хаким, 8572). Мәһди адам баласының бойындағы адамгершілік қасиетті қайта тірілтіп, Құран Кәрімнің құпиясын жариялайды деген түсінік қалыптасқан. Ол Иасауи ұстанған адамның өзін-өзі тану ілімін дамытатын болады. Мәһдидің қайраткерлігін пайғамбар: “әділетсіздік пен жемқорлық толы әлемге әділдік орнатушы” деп бағалайды (Мишкат/Сунан Абу Дауд, 4285). Мәһди дүниеге келерде түрлі оқиғалар (дүниежүз. соғыс, лаңкестік, тағыда басқа) және ай мен күннің тұтылуы, өзен-көлдердің тартылуы, климаттың ауысуы секілді табиғи ауытқулар болады деген болжам айтылады. Ибн Кәсир, Ас-Суйути, Ас-Сахауи, Ас-Санғани, Аш-Шауқани, Абу Нуғайма әл-Исфахани, ибн Халдун, т.б. ислам ғұламалары еңбектерінде Мәһдидің өмірге келуі туралы болжамды шындыққа балайды. Ал Шейх Рафийуддин Мухаддис Дехлеуи “Қиямет белгілері” атты кітабында “Пайғамбардың қызы Фатима әз-Зухрадан өрбіген Мәһди 40 жасында Меккеде қажылықта жүрген кезінде танылады” дейді. Жалпы мұсылман қауымы Мәһдидің келетініне сенуді иманның негізі деп есептемесе де, оны шындық деп біледі.

Дереккөздер


Tags:

АллаАраб тіліАятИсламМұхаммед пайғамбарХорасанҚұран

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Батыс ЕуропаҚазақ батырлар тізіміБатыс Қазақстан облысыАбиссина (мысық)Ресейдің Украинаға басып кіруі (2022)Қазақстан жерінде мал шаруашылығының қалыптасуыАйдын Ақанұлы АйымбетовСәукелеТоныкөкАстанаЖылқыШежіреАлланың есімдеріАналық жыныс безіАтмосфераӨкпеНарықтық экономикаМоғолстанОттегіЖай сөйлемТүркілерДамушы елдерДевианттық мінез-құлықӘлеуметтік шиеленістерді шешу жолдарыАдам генетикасыИндонезияКүрделі эфирлерДаун синдромыҚазақстан мәдениетіОрбұлақ шайқасыБесеудің хатыКомпьютерлік желіҚаңлыларСарматтарМайларАққуларЖетіқарақшыАбылай ханФотосинтезАннотацияАнемияАуыспалы егісКерей ханБауыржан МомышұлыСөз таптарыПедагогикаФутболДәруменЭкологияИталияӘлемдік саясатЭкологиялық проблемаВолейболЖылулық сәулеҮйсін мемлекетіҒылыми-техникалық прогрессҚыз ЖібекЖаяу Мұса БайжанұлыАлтын ОрдаҚызбаМұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрыҚонақжайлылықОрта жүзКремнийОрталық АзияСабақтас құрмалас сөйлемАммиакНоғай ордасыЖарықтың шағылуыЕуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымыТұрар РысқұловБаубек БұлқышевЕуропа мемлекеттерінің және тәуелді аймақтарының тізіміНайманҚытайҚазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі оқу-ағарту ісіҮстеуЗиготаХимиялық элементтер тізімі🡆 More