Лука Модрич

Лука Модрич (xорв.

Лука Модрич Футбол
xорв. Luka Modrić
сурет
Жалпы мағлұмат
Туған күні

9 қыркүйек 1985 (1985-09-09) (38 жас)

Туған жері

Задар, Югославия

Азаматтығы

Лука Модрич Хорватия

Бойы

172 см

Салмағы

66 кг

Позиция

жартылай қорғаушы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Испания Реал Мадрид

Номері

10

Жастар клубы
1996—2001 Хорватия Задар
2001—2003 Хорватия Динамо (Загреб)
Клуб карьерасы
2003—2008 Хорватия Динамо Загреб 94 (26)
2003—2004   Босния және Герцеговина Зриньски 22 (8)
2004—2005   Хорватия Интер Запрешич 18 (4)
2008—2012 Англия Тоттенхэм Хотспур 127 (13)
2012— Испания Реал Мадрид 289 (22)
Ұлттық құрамы
2006— Лука Модрич Хорватия 148 (21)
Марапаттары мен медальдары
Әлем чемпионаты
Күміс Ресей 2018 футболдан

2018 жылғы әлем чемпионатының үздік футболшысы. 2018 жылғы "Алтын доп" иегері.

Клубтық мансабы

«Динамо»

2002 жылы, 16 жастағы Лука Модрич загребтік "Динамо" клубымен келісім шартқа отырады, бірақ бір жыл бойы жастар құрамасында ойнап, келесі жылы Мостардағы «Зриньски» босниялық хорваттардың клубына жалға беріледі. Ол клубта ойнағанда босниялық премьер–лигада үздік ойыншы атанып, Лука өзінің потенциалын тез көрсетеді, сол кезде ол тек 18 жаста болатын. Келесі жылы тағы да жалға беріледі, бұл жолы Запрешич қаласының "Интеріне", ол жерден “Хорватия футболының үміті” деген атақпен оралады. 2005 жылы "Динамоға" оралып, 2015 жылға дейін келісім шартты созады.

«Тоттенхэм»

2008 жылдың 26 сәуірінде Модрич «Тоттенхэм Хотспур» клубымен алдын ала келісім шартқа қол қояды, келісім бойынша ойыншы медициналық тексерістен өтіп және Ұлыбританияда жұмыс істеу үшін рұқсат алу керек болды. Негізгі келісім 6 жылға жоспарланған, трансфер сомасы 16,5 млн фунт стерлинг құрады, бұл клубтың 2007 жылы Даррен Бентті сатып алғаннан кейін рекордты трансфері.

«Реал Мадрид»

2012 жылдың 27 тамызында Лука мадридтік "Реалмен" бес жылға келісімге қол қояды. Испандық клуб хорваттың трансфері үшін Тоттенхемге 33 млн. фунт стерлинг төледі.

2012 жылдың 30 тамызында Реал Мадридтегі дебют ойыннын өткізді. Испания суперкубогының екінші ойынының 83-ші минутында "Барселона" клубына қарсы қосалқы құрамнан шығады. Матч барысында каталондықтар 2:1 есебімен жеңілді, екі матчтың қорытындысы бойынша есеп 4:4 болды, бірақ "Реал Мадрид" жеңді, өйткені қонақта көбірек гол соқты. Осылайша Модрич өзінің дебютті ойынында жаңа клубымен бірге бірінші олжасын ұтып алды.

2017/18 жылғы маусымда керемет ойнап, 2018 жылғы "Алтын доп" жүлдесін ұтып алды.

Ұлттық құрамадағы мансабы

Лука Модрич Хорватия ұлттық құрамының негізгі командасында дебютін Аргентина құрамасына қарсы матчта өткізді. Бұл ойын 2006 жылдың 1 наурызында Швейцариядағы Базель қаласында өтті.

Алғаш қатысқан ірі турнирі - 2008 жылғы Еуропа чемпионаты. Содан бері барлық ірі турнирге қатысып келеді. 2018 жылы әлем чемпионатында Хорватия финалға дейін жетті де, Модрич турнирдің үздік футболшысы атанды.

2011 жылдың 11 қазанында құрамадағы 50-ші ойынын өткізді.

Жетістіктері

Халықаралық

  • ФИФА версиясы бойынша 2008 жылғы Футболдан Еуропа Чемпионатының символды құрамасына кіреді.

Лука Модрич  Динамо Загреб

Лука Модрич  Реал Мадрид

  • Испания Суперкубогының иегері - 2012, 2017, 2020
  • УЕФА Чемпиондар Лигасы: 2014, 2016, 2017, 2018
  • Клубтар арасындағы әлем чемпионаты: 2014, 2016, 2017, 2018
  • УЕФА Суперкубогы: 2016, 2017
  • Испания чемпионы: 2017, 2020

Жеке

  • Алтын доп иегері: 2018
  • ӘЧ-2018 үздік футболшысы.

Жеке өмірі

2010 жылдың мамырында Модрич Вана Босничке үйленеді. 2010 жылдың 6 маусымында ұлы Иван (Ivano) туған.

Сілтемелер

Дереккөздер

Tags:

Лука Модрич Клубтық мансабыЛука Модрич Ұлттық құрамадағы мансабыЛука Модрич ЖетістіктеріЛука Модрич Жеке өміріЛука Модрич СілтемелерЛука Модрич ДереккөздерЛука Модрич1985 жыл9 қыркүйекРеал МадридХорват тіліХорватия Ұлттық футбол құрамасыЮгославия халқының социалистік одағы

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Бейнелеу өнеріТоқтар Оңғарбайұлы ӘубәкіровМайларПсихологияАқ Орда (мемлекет)ҚышқылҚазақтардың Дүниежүзілік құрылтайыӨсімдіктер систематикасыФерменттерТеатрЕліктеу сөзЕуропа одағыТүркістан (қала)Жоғары молекулалы қосылыстарОрталық ҚазақстанТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануСу көлігіДенсаулықКомпьютерлік вирусЖүсіп БаласағұниМайданЖұлынАдам даму индексіСаяси мәдениетГемоглобинӘбу Райхан әл-БируниХристиандықОрта ғасырлардағы мәдениетҚазақстандағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізіміБатыс Қазақстан облысыАналық жыныс жасушасыИнфрақұрылымФранцияКүнделік.кзҚимыл-сын бағыныңқылы сабақтас сөйлемҚазақстанның тұңғыш мектептеріҚорғансыздың күні (әңгіме)ДемократияСаяси партияҚазақстан мейрамдарыҚытай Халық Республикасы экономикасыАбылай ханМұнай өнеркәсібіЖай санКарбон қышқылдарыҚазақстандағы ұжымдастыруҚазақстан музейлеріҚасым ханСан есімЕуразиялық Экономикалық ОдақҚазақстанның кен ресурстарыРеформацияҚазақ газетіҚұрманғазы СағырбайұлыVII — IX ғасырдағы сәулет өнері ескерткіштеріЖуніс СахиевИосиф Виссарионович СталинТеңеуКеңес үкіметіМұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрыОзон қабатыДостықӨңдеуші өнеркәсіпАдамның табиғатқа әсеріМикроорганизмИранҚазақстанның жеті кереметіГүлҚазақ әліпбиіСалауатШарын шатқалыҚазан төңкерісіШеңберСарматтарАқтабан шұбырындыБауыржан МомышұлыТабиғи сұрыптауАдам ағзасындағы химиялық элементтерАлмаз🡆 More