Көкбұта Тұқымдасы

Көкбұта тұқымдасы (лат.

Ericaceae
Leptecophylla juniperina
Leptecophylla juniperina
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
(unranked) Қос жарнақтылар
(unranked) Кұрделігұлділер
Сабы: Ericales
Тұқымдасы: Ericaceae
Juss.
Өзге түрі
Over 120 genera
Үлгілік тегі
Erica
Карл Линней
Subfamilies
  • Enkianthoideae
  • Pyroloideae
  • Monotropoideae
  • Arbutoideae
  • Cassiopoideae
  • Ericoideae
  • Harrimanelloideae
  • Styphelioideae
  • Vaccinioideae
Көкбұта Тұқымдасы


Бұлардың арасында шалабұта, бұта, кейде жерге төселіп өсетін шөптесін өсімдіктер және биіктігі 20 м-ге дейін жететін ағаш та кездеседі. Көкбұталар тұқымдасының дүние жүзінде кең тараған (Арктикадан тропиктік шөл-шөлейтті аймақтарға дейін кездеседі), 100-ден аса туысы, 3000-нан артық түрі бар. Көкбұталар тұқымдасының өсетін жерлері мен түрлеріне қарай сабақтары да алуан түрлі (сүректенген қатты тік сабақ, төселіп өсетін өрмелегіш сабақ, т.б.) болады. Сүрегі өте тығыз, шайырлы. Басқа тұқымдастардан ең негізгі ерекшелігі – жапырақ тақтасы жалпақ, жиектері сыртқа қарай сәл қайырылып тұрады, қарағайдың жапырағына ұқсаған ине тәрізді қылқанды, қабыршақтанған майда жапырақтары болады. Қазақстанда Көкбұталар тұқымдасының 3 туысы қазанақ, Арктоус (Arctous), оның 1 түрі – Альпі арктоусы (A. alpіno) және көкбұта (Calluna), оның 1 түрі – кәдімгі көкшегүл (C. vulgarіs) өседі. Бұлар Алтай, Тарбағатай, Жетісу (Жоңғар), Күнгей Алатауларында кең таралған. Негізінен ылғалы көбірек, мүк, қына басқан батпақтар, қылқан жапырақты ормандардың арасы, бұлақ жағаларында жиірек кездеседі. Көкбұта Тұқымдасының өсетін жерлері мен түрлеріне қарай сабақтары да алуан түрлі: сүректенген қатты тік сабақ; төселіп өсетін, өрмелегіш (лиана) сабақ, т.б. болады. Сүрегі өте тығыз, шайырлы (қарағайдың шайыры тектес). Көкбұта Тұқымдасының басқа тұқымдастардан ең негізгі ерекшелігі – жапырақ тақтасы жалпақ, жиектері сыртқа қарай сәл қайырылып тұрады, қарағайдың жапырағына ұқсаған ине тәрізді қылқанды, қабыршақтанған майда жапырақтары болады. Бұл тұқымдасқа жататын өсімдіктердің кейбір түрлерінің (көкбұта) жапырақтары ауа райының өзгеруін алдын-ала болжайды. Құрғақшылық болған жағдайда көкбұтаның жапырағы дереу қусырылып бүктеліп (ширатылып) қалады, соның нәтижесінде судың булануы азайып, өсімдік қурамай, тіршілігін сақтап қалады. Гүлдері сабақ ұшында, жапырақ қолтығында жеке немесе топтанып орналасады. Топтанған майда гүлдері шашақ, шатыр, сыпыртқы тәрізді гүлшоғырларын құрайды. Жеке гүлінде 4 – 5 тостағанша жапырақша, 5 күлте, 10 аталық, жатыны 5 ұялы аналығы болады. Аталықтарының жіпшесі аналықтың түбіндегі жалпақ табақшаға бекініп тұрады. Аналық жатынында тұқым бүршігі көп болатындықтан, жемісі – көптұқымды қауашақ, тұқымбүршігі аздау болса, аз тұқымды сүйектіжеміс деп те аталады. Көкбұта Тұқымдасы – негізінен, жәндіктермен (кейде өздігінен де) тозаңданатын өсімдіктер. Көбінесе, батпақты жерлерде өсетіндіктен, азоты жеткіліксіз ортаға бейімделу үшін саңырауқұлақтармен селбесіп тіршілік етеді. Көкбұта Тұқымдасы балды өсімдіктерге жатады. Тұқымының шетінде болатын бұртиған өсіндісімен құмырсқалар, жидектерімен құстар мен сүтқоректілер қоректенеді. Гүлдері әдемі болғандықтан бақтарда, оранжереяларда сәндік үшін де өсіріледі7

Дереккөздер


Tags:

Латын тілі

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қазақстанның географиялық орны мен шекараларыНаурыз көжеОлимпиада ойындарыПатша үкіметінің отаршылдық қоныс аудару саясатыЕңлік — Кебек (пьеса)ҚұранОю-өрнекШешендік сөздерБиосфераСанаМұнайБесеудің хатыКомпьютерҒабит Махмұтұлы МүсіреповЖүктілік кезіндегі гестоз ауруыТұқым қуалайтын өзгергіштікӨртИммунитетТолеранттықҚазақ жүздеріБірінші дүниежүзілік соғысТері ауруларыӨкпе обырыСалауатты өмір салтыЖарықтың интерференциясы1868—1870 жылдардағы қазақтардың отаршылдыққа қарсы күресіЕуропаЖаңа экономикалық саясатМаркетингМұхаметжан ТынышбайұлыЖер сілкінуАдам өмірінің негізгі кезеңдеріСұлтанмахмұт ТорайғыровМағжан Бекенұлы ЖұмабаевҚазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі ғылыми мекемелері мен ғылыми-зерттеу жұмыстарыМобильді қосымшаларШыңғыс ханЕтісПолимерлеуНаурыз мейрамыҚазақстан мәдениетіАдамның зәр шығару жүйесіӨсімдіктерҚорықтарАрал теңізіРесейХалел ДосмұхамедовАуызашарТүркілерТөле биҚазақ әліпбиіАдамгершілікHTMLОмыртқа бағанасыЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміОрталық ҚазақстанҚазақстан тарихыМәңгілік бала бейнеАрыстан баб кесенесіОразаны бұзбайтын жағдайларҒылыми стильЕл тізімі (жалпы қабылданған атаулар)Жүрек-қантамырлар жүйесіКейс әдісіҚазақстанның Ресей қоластына өтуiнiң аяқталуыҚазақстандағы сауда және жәрмеңкелерСабақтас құрмалас сөйлемМитохондрияНашақорлықДевианттық мінез-құлықҚазақ Кеңестік Социалистік РеспубликасыАмерика Құрама ШтаттарыТың игеруЖүсіп БаласағұниЖасуша ядросыМиокард инфарктыҚадыр Мырза ӘліАсық ойыныАлаш партиясы🡆 More