Концерт

Концерт (нем.

Жеке орындаушы мен оркестрдің өзара жарысын көрсете отырып, оларды салыстыру концерттің негізгі мақсаты болып табылады. Концерт 3 бөлімнен (1-бөлімі өте жылдам; 2-бөлімі лирикалық, байсалды; 3-бөлімі рондо формасында) тұрады. Әдетте, концерттің 1-бөлімі аяқталар алдында (жетекші аспаптың оркестр сүйемелінсіз) импровизациялық сипатта асқан шеберлікпен соло орындалады. Концерттің 2, 4 кейде 5 бөлімді түрлері де кездеседі. Жеке аспап пен оркестрге арналған 3 бөлімді циклдік Концертті алғаш жазған итальян композиторы А.Вивальди (1678 ж. ш. – 1741) болса, одан кейін И.С. Бах скрипка, клавир үшін Концерттер жазды. Концерттің фортепьяно, скрипка, т.б. аспапқа арналған классикалық түрлерін В.А. Моцарт жазды, ал Л.Бетховен бұл жанрға жарқын симфониялық түр беріп, оны одан әрі дамытты. 19 ғасырда Ф.Лист Концерттің 1 бөлімді түрін жазды. Орыс композиторлары П.И. Чайковский, С.В. Рахманинов Концерт жанрының тамаша үлгілерін жасады. С.С. Прокофьев, А.И. Хачатурян, Т.Н. Хренников секілді композиторлардың шығармларында Концерт жанры елеулі орын алды. Жеке дауыс пен оркестр үшін (Р.М. Глиэр, 1874/75 – 1956), балалайка, домбыра, цимбал, т.б. халық аспаптары үшін Концерттер жазылды. Қазақстанда осы жанр бойынша С.Мұхамеджанов (жеке дауыс пен оркестр үшін Концерті, 1958), Ғ.Жұбанова (скрипка мен оркестр үшін Концерті, 1958), Н.Меңдіғалиев (фортепьяно мен оркестрге арналған 2 Концерті, 1959, 1967), т.б. композиторлар елеулі еңбек етті; 3) 2 немесе бірнеше партиялардың (әншілер дауысы, аспаптық ансамбльдер және орган) өзара жарысына негізделген діни музыкадағы көпүнділік, вокальдық немесе вокальды-аспаптық форма. Алғашқы Концерттер 16 ғасырда Италияда пайда болды.

Концерт

Дереккөздер

Tags:

16 ғасыр19 ғасыр195819591967АспапБалалайкаВивальди Антонио ЛучоДомбыраДінЖұбанова ҒазизаИмпровизацияИталияИталиян тіліЙоганн Себастиан БахКлавирКомпозиторЛатын тіліЛирикаМоцартМузыкаМұхамеджанов СыдықНеміс тіліОрганОркестрПётр Ильич ЧайковскийРондоСахнаСергей Васильевич РахманиновСкрипкаСонатаТихон Николаевич ХренниковФеренц ЛистФортепьяноХореографияЦиклЦимбалҚазақстан

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Ақтабан шұбырындыЕтісРасул Ғамзатұлы ҒамзатовБауыржан МомышұлыСаңырауқұлақтарБұрыш (геометрия)ГрузияСөз таптарыҰлы Отан соғысыШерхан Мұртазаұлы МұртазаТүркістан автономиясыШешендік өнерЖаңа білім беру жүйесіСептік жалғауҚазақ ұлт зиялыларының қалыптасуыАлғашқы көмекБейбітшілікАдам ағзасындағы химиялық элементтерЭкстремизмКірпітәрізділерМұқағали Сүлейменұлы МақатаевҚазақ хандығының құрылуыТолықтауышЮпитерАвтотрофтарҚаңлыларӘпке (драма)Сауд АрабиясыҚайта құру кезеңіДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруЖұлдызАрал экологиясыРим империясыИнтернетҚарлығаштарМахамбет ӨтемісұлыИмпрессионизмҚозыке Бишімбайұлы БишімбаевБиомеханикаИбн СинаЧарлз ДарвинҚазақстан мәдениетіҚазақстан халқының бірлігі күніЕжелгі РимДүниежүзілік көрме (2017)Аналық жыныс жасушасыӨсімдік селекциясыҚазақстан әкімшілік бірліктеріДыбысКүн (жұлдыз)Қазақстанның білім беру жүйесінің тарихыБидай (астық)Керей ханАрқарӘлихан Нұрмұхамедұлы БөкейхановЗат алмасуАралас құрмалас сөйлемЖануарларЕуропа одағыЖай санҚалқанша безМәдениеттануКарл ЛиннейҰйқы безіФантастикаКөксерек (әңгіме)Тәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстан соғыстан кейінгі кезеңдеҰлы Жібек жолыТіршілік ортасыҚан мен терДәулеткерей ШығайұлыРақымжан ҚошқарбаевТопырақҚоршаған ортаны қорғауКөшбасшылықПедагогикаҚазақстанның Мәдени мұра жобасыҚозы Көрпеш – Баян Сұлу🡆 More