Клеопатра VII Филопатор (көне грекше: Κλεοπάτρα Φιλοπάτωρ) — (б.
з. д. 69, Александрия – 30, сонда) – Мысырдың соңғы патшайымы, Птолемей әулетінен шыққан Клеопатра Птолемей ХІІ-нің қызы. 21 жыл елді басқарған. Римнің әскери қолбасшысы Марк Антонийға деген драматикалық махаббатымен аты шығып, көптеген әдебиет шығармаларда және кинода бейнеленген.
Клеопатра VII Κλεοπάτρα Φιλοπάτωρ | ||
Лауазымы | ||
---|---|---|
| ||
б. з. д.51 ж. — б. з. д. 30 ж. | ||
Регент | Птолемей XIV (б. з. д. 47 ж. — б. з. д. 44 ж.), Птолемей XV Цезарион (б. з. д. 44 ж. — б. з. д. 30 ж.) | |
Бірігіп басқарушы | Птолемей XIII (б. з. д. 51 ж. — б. з. д. 47 ж.) | |
Ізашары | Птолемей XII | |
Ізбасары | Рим империясы | |
Өмірбаяны | ||
Дүниеге келуі | 2.11.б. з. д. 69 | |
Қайтыс болуы | 12.8. б. з. д. 30 Александрия | |
Династия | Птолемеи | |
Әкесі | Птолемей XII | |
Жұбайы | Марк Антоний | |
Балалары | Птолемей XV Цезарион, Александр Гелиос, Птолемей Филадельф, Клеопатра Селена II | |
Клеопатра VII Ортаққорда | ||
өңдеу |
Клеопатра б.з.д. 69 жылы 2 қарашада туған. Мысыр патшасы - Птолемей ХІІ-нің үш қызының бірі болған. Балалықшағы және жастық шағы туралы мәлімет жоқ.
Б.з.д. 51 ж. наурыз айында Птолемея XII қайтыс болғаннан кейін Клеопатра сол кездің заңы бойынша, 9 жасар інісі Птолемей XIII-мен формальды ресми некеге тұрып таққа отырады. Ресми лауазымы - Θέα Φιλοπάτωρ (Теа Филопатор).
Бастапқа кезде жалғыз өзі елді басқарды. Інісі өсіп, оның тәрбиешісі Теодоттың және қолбасшы Ахиллдың демеуімен таққа талас басталады. Нәтижесінде Клеопатра б.з.б. 48 ж. Сирияға қуылды.
Бірақ Александрия соғысынан кейін Рим императоры Ю.Цезарьдің көмегімен таққа қайта оралады. Птолемей ХІІІ қашып жүріп суға батып қайтыс болады, ал Клеопатра ресми түрінде кішкентай інісі Птолемей XIV-мен формальды некеге тұрып, шын мәнісінде Мысырда тұтас билікке еге болады.
52 жасар Цезарь Клеопатраға ғашық болып қалып, Риммен Мысырдың арасында қарым-қатынасы артып, император Тибрдың жағасында Клеопатра үшін вилла соғады. Осы сүйіспеншіліктен Клеопатра Цезарьдан 23 маусым б.з.д. 47 жылы ұл туады, атын Птолемей Цезарь деп қояды ( лақап аты - Цезарион).
15 науырыз б.з.д. 44 ж. Цезарь өлтіріліп, Римде тақ таласы басталады. Шілденің басында Клеопатра Александрияға қайтып оралады. Көп ұзамай 14-жасар Птолемей XIV қайтыс болады (Иосиф Флавийдің болжамы бойынша, оны Клеопатраның өзі уландырып өлтірген, өсіп келе жатқан баласына кедергі балмасын деп).
Мысырда сол кездері өте қиын жағдайда болды: бір жағынан - ашаршылық, 2 жыл құрғақшылық, халықтың наразылықтары өскен. Ал екінші жағынан елде Цезарьдің дұшпандары билеп отырды.
Осы жағдайда Клеопатра Марк Антониймен жақындасып, оның Октавианға қарсы соғысында қаржымен көмектесіп, қарсы күресін қызу қолдайды.
40-жасар Марк Антоний 28-жасар жас патшайымды жақсы көріп қалады. Осы 10 жылдаң астам созылған махаббат хиқкаясының нәтижесінде Клеопатра б.з.д 40 жылы Антонийдан егіз туды: ұлдың атын Гелиос («Күн») деп қойып, қыздың атын Селена («Ай») деп қойды. Б.з.д. 36 ж. Антонийдан үшінші бала - Птолемей Филадельф атты ұл тапты.
Б.з.б. 32 ж. Рим империясында азаматтық соғыс басталды. Б.з.д. 31 жылы Акциум түбінде Клеопатра мен Антонийдің әскері жеңіледі. Б.з.д. 30 ж. көктемде Октавиан армиясы Мысырға кіреді.
Клеопатра өзінің серіктес әйелдерімен тығылып, өтіріктен у ішіп қайтыс болған туралы жалған хабар береді.
Оны естіген Антоний өз өзіне пышақ салып қайтыс болады.
Көп ұзамай Клеопатра да Октавианның алдында басын игісі келмей у ішіп өз өзін өлтіреді.
Клеопа́тра бейнесі көрнекті драматургтер (У.Шекспир, Б.Шоу) мен суретшілер (П.Рубенс, Дж.Тьеполо) шығармашылығынан көрініс тапты.
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Клеопатра VII, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.