О Канада (ағылш.
Канадада екі мемлекеттік тіл (ағылшын және француз) болғандықтан, канадалық әнұранның екі ресми нұсқасы бар. Нунавут территориясының аумағында жергілікті инуктитут тіліндегі нұсқасы да қабылданған, ол ағылшын және француз нұсқаларымен қатар орындалады.
Канада Канада | |
---|---|
Сөзін жазған | Адольф-Базиль Рутье (Француз тілі, 1880) |
Композиторы | Каликса Лавалле (1880) |
Бекітілді | |
Әнұран (сөзі, әні) | |
Әнұран бірінші француз тілінде Квебектің екі тұрғынымен жазылған болатын: автор — Адольф-Базиль Рутье, композитор — Каликса Лавалле. Канадалық әнұран алғаш рет 24 маусым 1880 жылы Квебекте Франсуа Жозеф Везина басқаруындағы оркестрмен орындалған болатын. Ол кезде «Ұлт әні» (фр. Chant National) деп аталатын француз тіліндегі ән болатын. 1906 жылы ағылшын тіліндегі аудармасы пайда болды, бірақ Канаданың ресими әнұраны ретінде бекітілген әнұран 1908 жылы Монреальдық Роберт Стэнли Уирмен жазылды. Содан бері француз нұсқасы мүлдем өзгертілмеген болса, ағылшын нұсқасы бірнеше рет өзгертілген болатын.
Дегенмен, ресми әнұран статусын тек 27 маусым 1980 жылы ғана алды, оған деін ресми әнұран ретінде британдық әнұран «God Save the Queen» саналып келген.
Мемлекеттік әнұран туралы заң "O Canada" әнінің мәтінін Канаданың екі мемлекеттік тілі — ағылшын және француз тілдерінде орнатты. Алайда, бұл екі мәтін бір-бірінің аудармасы болып табылмайды.
Әнұрандардың мәтіндері келесідей:
O Canada |
---|
1. Ағылшын (1937) |
2. Француз (1918) |
3. Аспаптық (1927) |
4. Аспаптық (1916) |
5. Аспаптық (2000-шы) |
Ағылшын тіліндегі мәтін | Қазақша аудармасы (сөзбе-сөз) |
---|---|
O Canada! | О Канада! |
Француз тіліндегі мәтін | Қазақша аудармасы (сөзбе-сөз) |
Ô Canada! | О Канада! |
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Канада әнұраны, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.