Жаңақорған Шипажайы

Жаңақорған шипажайы — Қазақстандағы бальнеологиялық шипажайлардың бірі.

Қазақстан темір жолы бойында, Қызылорда қаласынан 170 км, Теріскен көлінің жағасында, Жаңақорған кентінің жанында, теңіз бетінен 170 м биіктікте орналасқан. Шипалы балшығы мен тұзды суы ертеден белгілі болғанымен, санаторий болып тек 1918 жылдан бастап ашылған. Мұнда көбіне қол-аяқ, омыртқа буындарының сырқаттарын және гинекологиялық ауруларын емдейді. Негізгі емі: Теріскен көлінің шипалы балшығы, тұзды суы. Сондай-ақ, жақсы жабдықталған физиотерапия кабинеттері бар.

Жаңақорған Шипажайы
Жаңақорған Шипажайы
Жаңақорған Шипажайы

Шипажай туралы мәлімет

Шипажай жыл бойы жұмыс істейді. 393 орынға арналған 7 корпусы, 260 адамдық асхана бар. Шипажайдағы демалушыларға арналған орындар – жай орын, люкс, «особняк» деп бөлінеді.

Шипажайда қосымша мынадай физиотерапиялық емдеулер қолданылады: ультрадыбыс, электрофорез, УВЧ, амилипульс, солюкс, УФО, лазер терапиясы, үгудің алуан түрі. Емдік медицинаның соңғы үлгідегі диагностикалық аппараттары мен УЗИ, ФГДС, ЭКГ зерттеу жолға қойылған.

Шипажайда емдейтін сырқаттар

  1. Сүйек-буын аурулары: полиартрит, артрит, артрозоартрит, остеохондроз, ревматроидты полиартрит, бруцеллезді полиартрит.
  2. Перифериялық нерв жүйелерінің аурулары: неврит, полиневрит, радикулит, полирадикулоневрит, омыртқа жұлын жарақаттарының зардаптары, грыжа Шморля.
  3. Гинекологиялық аурулар: созылмалы аднексит, сальпингоофорит, бірінші және екінші бедеулік.
  4. Урологиялық аурулар: созылмалы простатит, ерлер ұрықсыздығы, ерлер белсіздігі.
  5. Асқазан, бауыр, ішек, өт жолдары аурулары: созылмалы гастриттің барлық түрі, колит, дуоденит, гепатит, холесистит, өт жолдарының дискенезиясы, созылмалы пиелонефрит, семіздік, подагра.
  6. Стоматологиялық сырқаттар: парадонтоз, стоматит, гингивит.

Емдік факторлар

Курорттағы өте құнды, табиғи және ғасырлар бойы табиғаттың өзі жасап шығарған емдік факторлар:

  1. Теріскен көлінің көптеген химиялық элементтері бар пайдалы ерітінді тұзды суы;
  2. Табиғи лабораториядан өткен тұзды балшық, лай және батпақтары;
  3. Бұл тұзды ерітінділер мен балшық-батпақтардың белгілі ыстықтықпен шектеліп адам денесінің барлық түкпір-түкпіріне берілуі және керекті жағдайда қазіргі электр тоғының әсерімен ауырған жерге енгізілуі;
  4. Минералды ауыз суымен асқазанды, жіңішке, жуан ішектерді, бауыр және өт жолдарын шайып, жуу әсері;
  5. Курорттық климаттық фактор: бұл жерде ауа-райының бір жыл ішінде 7-8 айдай бірқалыпты ыстық болып адамды терлетіп, су айдағыш қабілеті денеден тер арқылы барлық керексіз улы заттарды айдап шығаруы; бұл табиғи жағдай бүйректің жұмысын жеңілдетіп, оларды демалдырып, қабынған тіндердің қалыпты жағдайына келуіне әсер етеді.

Дереккөздер

Tags:

Жаңақорған Шипажайы Шипажай туралы мәліметЖаңақорған Шипажайы Шипажайда емдейтін сырқаттарЖаңақорған Шипажайы Емдік факторларЖаңақорған Шипажайы ДереккөздерЖаңақорған Шипажайы1918 жылБальнеологияГинекологияЖаңақорған кентіТеріскен (көл)ШипажайҚазақстан темір жолыҚызылорда

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

АрғынАс қорыту жүйесіМоғолстанМоңғол империясыҚұнанбай ӨскенбайұлыТозаңдануАқмешіт әулие үңгіріТалғат Жақыпбекұлы БигелдиновЖалпақ құрттарӨсімдіктерБұлшық етИса МәсихСәбит Мұқанұлы МұқановМутация1930—1933 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылықМұхитАлкандарӨт айдайтын дәрілерСабақтас құрмалас сөйлемТуризмКүшҚожа Ахмет ЯсауиСемей полигоныҚыпшақтарA.Z. (Ninety One)КөмірсуларҚазақтың ұлттық тағамдарыМиграцияКөмірБейбарыс ЖамақұлыҒабиден МұстафинАуғанстанМәкрүһФобияның түрлеріҚазақ әліпбиіҚұтадғу білікСауд АрабиясыЕрке сылқым (күй)МемлекетЖол белгілеріҚазақстандағы саяси партияларӘл-Бақара сүресіЯдроҚарлығаш Төлегенқызы МұхамеджановаӘлихан Нұрмұхамедұлы БөкейхановҚазақстан қалаларыҚазақстан және дүниежүзілік қауымдастықСелекцияАлаш автономиясыФилософияРайымбек батырОмонимСолтүстік АмерикаҚаракесек (Арғын)ЕсімшеЖеңіс күніOAuthСүннетТабынМексикаҚан қысымыТоталитаризмСалқам Жәңгір ханДыбысЭлектромагниттік толқындарТорғайдағы Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтерілісХимиялық элементтер тізіміУрбанизацияАбайдың қара сөздеріАй (серік)Қазақ руларыТолқын ЗабироваРим империясыАлгоритмЭкологияЖапонияМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміЭндокриндік жүйе🡆 More