Дмитрий Донской, князь Дмитрий Иванович (12.10.1350, Мәскеу қаласы – 19.5.1389, сонда) – Владимир мен Мәскеудің ұлы князі (1359 – 89).
Иван І Калитаның немересі.
Жас бала кезінде үкіметті метрополит Алексей басқарды. Дмитрий Донской билікке келген уақыт Мәскеу князьдігінің күшейе бастаған кезеңіне тура келді. Бұл кезде Алтын Орда мемлекеті ішкі тақ таластарына байланысты әлсірей бастаған еді. Боярлар мен қалалықтардың қолдауымен ол өзінің қарсыластары – Суздаль-Нижегород, Рязань, Тверь князьдарының қарсылығын басты. 1367 жылы Мәскеуде бірінші тас Кремль салынды, 1368 және 1370 жылдары Мәскеуге жасалған Литва князі Ольгердтің шабуылы тойтарылды. Тверьмен болған соғыста (1368 – 75) өз үстемдігін мойындатты. 1376 жылы Мәскеу князьдігі Волга-Кама Болгариясына өз ықпалын орнатты. 1378 жылы Мәскеу әскері Скорнищевоның түбінде Рязань князін талқандады. 1378 жылы Вожа өзенінде Алтын Ордалық Бегіш мырзаның әскері талқандалды. 1380 жылы Дмитрий Донской орыстардың біріккен күштерін Руське аттанған Мамай әскеріне қарсы бастап шықты (қ. Күлік шайқасы). Күлік шайқасында жеңіске жеткендіктен “Донской” деген атақ алды. Бірақ Алтын Орданың жаңа билеушісі Тоқтамыс ханмен бетпе-бет келуден қорқып, 1382 жылы Мәскеуді тастап, солтүстікке қашты. Алтын Орда әскерінің қоршауында, ешқандай басқарусыз қалған қала іштегі бүліншіліктердің әсерінен өртеніп кетті. Дмитрий Донской өзінің Алтын Орда ханына қайта бағынатындығын мойындады. Осыдан кейін Тоқтамыс хан Ордаға қайтып, Дмитрий Донской талқандалған қаланы қалпына келтіру жұмысын басқарды. Дмитрий Донскойдың кезінде Мәскеу өзінің орыс жерлерін басқарудағы жетекшілік жағдайын онан әрі нығайтты.
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Dmitry Donskoy |
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Дмитрий Донской, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.