Джеффри Чосер

Джеффри Чосер (1340/1341-1400) - XIV ғасырдағы ағылшын ақыны, прозашы,ағылшын поэзиясының атасы.

Кейінгі XVI ғасырдағы ағылшын ақындары Спансер мен Марлоға дейін ағылшын поэзиясында Джеффридің "Кентерберийские рассказы" өлеңдер жинағына теңкелерлік, тіпті шамалас еш нәрсе болмаған. "Кентерберийские рассказы" алдыңғы барлық ғасырларды болжай, күн ілгері жазылған туынды болған еді.

Джеффри Чосер
Джеффри Чосер
Туған күні

Қайтыс болған күні

25 қазан 1400 (1400-10-25)

Қайтыс болған жері

Лондон, Вестминстерлік аббаттықта жерленген

Қызметі

XIV ғасырдағы ағылшын ақыны, прозашы

Әкесі

Джон Чосер (1312/1313-1366)

Өмірбаяны

Джеффри Чосер 1340 жылы немесе 1341 жылдың басында туған. Әкесі өзін "Лондон азаматымын" деп атайтын Джон Чосер (1312/1313-1366) - беделді арақ-шарап сатушы, сонымен қатар жылжымайтын мүлік сатып-алумен айналысқан бай адам болған. Джеффриді әкесі патша сарайына паж (әскери орын) қызметіне орналастырады, содан кейін атқосшы болады, Францияға қарсы жорыққа екі рет қатысып, 1359 жылы тұтқынға түскен оны патша өтеуін төлеп құтқарып алады. Сарайға қайтқаннан кейін оған III Эдуардтың жұбайын, кейінірек II Ричардтың әйелі Анне Богемскаяны өз әңгімелерімен алдандыру қызметі жүктеледі. Алғашқыда басқалардың шығармаларын оқып, әңгімелейді, "Роман о Розе" шығармасын аударады, одан кейін өз өлеңдерін құрастырып, оқи бастайды.

Шығармашылығы

  • 1369 жылы "На смерть герцогини Бланш", 1382 жылы II Ричардтың Анне Богемскаяға құдаласуы туралы "Птичий парламент" поэмасын жазады.
  • Екі рет 1373 және 1378 жылдары Италияда болады, онда ол итальяндық ақындар Данте, Петрарка және Боккаччолардың шығармаларымен танысады. Дантенің "Божественная комедиясымен" танысуы Джеффридің "Птичий парламент" , "Храм Славы" (1384), тіпті "Кентерберийские рассказы" туындысының бірқатарында байқалады. Боккаччоның "Достославные женщины" туындысы Джеффридің "Легенда о Добрых Женах" (1380-ші жылдардың ортасында жазылған) еңбегіне үлгі болды, Боккаччоның "Тезеидасын" Джеффри рыцарь Паламон және Арсит туралы қысқа әңгімеге айналдырады. Барлық ұстаздарынан өзіне керектісін іздеп, алып, шығармаларына жаратты, әсіресе "Троил и Хризеида" (1370 жылдардың аяғы және 1380 жылдардың басы) поэмасы соның ерекше көрсеткіші болды.
  • Джеффри Олдгэйт мұнарасында (Лондон) ешкіммен араласпай өмір сүрген кезінде көп оқиды, кейінірек қариялық шағында көптеген жылдар бойы Боэцияның (римдік философ) "Об утешении философией" трактатын оқиды және оны аударады.
  • 1380 жылдырдың аяғында бірнеше жылдар бойы "Кентерберийские рассказы" өлеңдер жинағының негізгі бөлігі жазылады, одан кейін 1390 жылдары елдегі жағдайға байланысты шығармашылығы тоқырап қалады. Джеффридің мүшкіл жағдайын сол жылдары жазған "Великое шатание", "Былой век", "Жалоба пустому кашелю" сияқты поэмалары айқындайды. 1399 жылы патша тағын Джеффридің бұрынғы қолдаушысы Ланкастердің (1340-1399, ағылшын патшасы Эдуард III-тің ұлы) ұлы Генри Болингброк тартып алынғаннан кейін, Джеффриге қамқорлық көрсетіледі.

Шығармалары

  • "На смерть герцогини Бланш" 1369
  • "Птичий парламент" 1382
  • "Легенда о Добрых Женах" (1380-ші жылдардың ортасы)
  • "Храм Славы" (1384)
  • "Троил и Хризеида" (1370 жылдардың аяғы және 1380 жылдардың басы)
  • "Кентерберийские рассказы" - өлеңдер жинағы (1380 жылдардан бастау алған)

Дереккөздер

Tags:

Джеффри Чосер ӨмірбаяныДжеффри Чосер ДереккөздерДжеффри Чосер1340134114 ғасыр140016 ғасырАқынПоэзияӨлең

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ШайтанкөлГүлді өсімдіктерҚұранМақал-мәтелдерМастопатияАдам даму индексі бойынша елдер тізіміҚазақстан соғыстан кейінгі кезеңдеБарбаросса жоспарыМәдениет туралы түсінікАлматыИнтеграцияХолециститБәйтерек (монумент)Дүние жүзінің саяси картасыБір жасушалыларӘлихан Нұрмұхамедұлы БөкейхановҚазақстан туыСарқылатын ресурстарЭмбриогенезТәрбиеМұстафа Кемал АтатүрікАбай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетіТотығу-тотықсыздану реакцияларыТабиғи газТүркістан (қала)Лаңкестік әрекетСұлтанәлі Базарбайұлы БалғабайСұрыптауҒарышкерМетонимияКөлденең жолақты ет ұлпасыЭкономикалық интеграцияЭндокриңді бездерТеміртауЕуропа одағыБауыр (орган)ҚоңыратМодификациялық өзгергіштікЫңғайлас салалас сөйлемАлмазАдам ағзасындағы химиялық элементтерТөлен ӘбдікМөде қағанСарматтарҚазақ газетіҚұралайдың салқыныСарыарқа (Солтүстік Қазақ жазығы)Ринат Рифхатұлы ЗайытовЖануарларЭндемикАмерика–Жапон шарттарыРайымбек батырГормондарАмерикадағы азамат соғысыМолотов-Риббентроп пактыҚазақстандағы көмірЕсік Алтын адамыАмерикаАвтокөлік шығаратын елдер тізіміСалауатты өмір салты1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісАнемияТеміреткіБаскетболҚазақстан Республикасы Қарулы КүштеріАқ Орда (мемлекет)Жоғары молекулалы қосылыстарҒылыми-техникалық революцияӨзгергіштікҚазақ әліпбиіҚырғызстанСолтүстік АмерикаДүниежүзілік сауда ұйымыМодернизмМайданҚанДамушы елдерКенесары ханҚан топтары🡆 More