Бесқонақ

Бесқонақ — байырғы қазақ күнтізбесінде қолданылып келген, жыл айларынан тыс алынатын бес күн.

Нақты астрономиялық жылдың ұзақтығы бүтін күн санымен өрнектелмейді. Ол жуық түрде 365,24 тәулік (яғни 365 күн 6 сағат) деп есептеледі. Тәуліктің ширегін жыл сайын күнтізбеге енгізіп отыру қолайсыз. Сондықтан қазіргі қолданылып жүрген Григорий күнтізбесінде бұл ширектерден 4 жылда 1 күн құралатындығы ескеріліп, әрбір 4 жылдың алдыңғы үшеуі 365 күннен, төртіншісі 366 күн болып алынған. Ал әрқайсысы 30 күндік 12 айдан тұратын қазақ күнтізбесінде 360 күн болды. Жыл толық болу үшін оған 5 (кібісе жылдары 6) күн қосу керек. Аптаға толмайтын осы 5 күнді қазақ халқы «Бесқонақ» деп атаған. Айлардан тыс алынатын мұндай күндер басқа халықтарда да болған. Мысалы, б.з.д. 4-мыңжылдықта Мысырда 360 күннен кейін қосылатын 5 күнді құдайлар атымен (Осирис, Гор, Сет, Исида және Нефтида) атаған. Ежелгі парсы күнтізбесінде қосалқы 5 күн «фәнджи» немесе «андаргах» («ұрланып кіретін» не «кетікті толтыратын») деп аталған. Фәнджи парсылардың 8- және 9-айының аралығына қойылған. Ежелгі Соғдыда мен Хорезм күнтізбелерінде де қосалқы күндер болған. Байырғы қазақ күнтізбесінде «Бесқонақ» үнемі жыл аяғына қосылып отырған. Қазіргі күнтізбе бойынша «Бесқонақ» жыл сайын 17 наурыздан (кібісе жылдары 16 наурыздан) 21 наурызға дейінгі аралыққа келіп отырады.

Тағы қараңыз

Дереккөздер

Қазақтын ежелгі күнтізбесінің айлары
 Қаңтар | Ақпан | Наурыз | Сәуір | Мамыр | Маусым | Шілде | Тамыз | Қыркүйек | Қазан | Қараша | Желтоқсан 
Бесқонақ кезеңі •

Tags:

КүнМысырСоғдианаХорезмҚазақ күнтізбесі

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қой шаруашылығыБиомеханикаҚазан төңкерісіҚазақстан халқының бірлігі күніҚазақстан географиясыОдағайБауыржан МомышұлыҚазақтың ұлттық ою-өрнегіТерроризмМәдениетЭлектр энергетикасыОрта ғасырлардағы Шығыс философиясыII ЕкатеринаАндроново мәдениетіҚазақстанның Қызыл кітабына тіркелген бірінші санатты жануарларҚазақстандағы алюминий кеніҚозғалыс (зат)Мәдени өсімдіктердің шыққан орталықтарыҚазақстан және БҰҰДүниежүзінің табиғат ресурстарыМәдени өсімдіктерОрганикалық қосылыстарАбортАзаматтық іс жүргізу құқығыҚаңлыларТұрар Рысқұлов38-атқыштар дивизиясыКөсемшеҚазақ халқының өлім-жітім жөнелту салтыАқмола облысыМагниттік материалдарҚазақстанның Қызыл кітабыЕсік Алтын адамыАлкендерҮтірҰйқы безіҚазақ халқының ұлттық тағам түрлеріЭмбриогенезӘбу Насыр Әл-ФарабиСарматтарЖасушаның бөлінуіҚырғызстанОсип Андреевич ИгельстромЖіктік жалғауЕгіншілікҚазақстандағы «қайта құру» саясатыФантастикаЭмбрионЖан басына шаққандағы ЖІӨ (АҚТ) бойынша елдер тізіміМұнайлы мұнай кен орныҮйсін мемлекетіХалықаралық балалар күніHTMLЕсімдікВирустарҚазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріҚыз ЖібекТопырақОттегіАлтынемел ұлттық паркіҚырғи қабақ соғысыНарықЖарықСу көлігіҚожа Ахмет ЯсауиСөйлемИталияМайларҚазақстандағы туризмАтмосфераРаушангүлділерСұлтанәлі Базарбайұлы БалғабайҒұндар мемлекетіБронхитФотоэлектрлік құбылыстарМемлекеттік басқару формасыИосиф Виссарионович СталинЖеңіс күніВаршава келісімі ұйымы🡆 More