Баянауыл Ұлттық Паркі

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі — 1985 жылы ҚССР Министрлігі № 276 қаулысымен құрылған. Баянауыл ауданының аумағында орналасқан, жалпы аумағы 50 688 га құраған. ҚР Үкіметінің қаулысымен 2007 жылы 27 желтоқсанда №1305 парк аумағы кенейтілді. Қазіргі кезде БҰМТП 68 452,8 га құрайды. Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің шешімімен «Қызылтау» қаумалы БҰМТП қорғауға бекіттілді, жалпы аумағы 60 000 га құрайды.

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
Баянауыл Ұлттық Паркі
ХТҚО санаты — II (Ұлттық парк)
Жалпы мағлұмат
Ауданы68 452,8 га
Құрылған уақыты12 тамыз 1985 жыл
Басқаратын ұйымҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Орналасуы
51°00′00″ с. е. 75°40′00″ ш. б. / 51° с. е. 75.6667° ш. б. / 51; 75.6667 (G) (O) (Я) 75°40′00″ ш. б. / 51° с. е. 75.6667° ш. б. / 51; 75.6667 (G) (O) (Я) (T)
ЕлБаянауыл Ұлттық Паркі Қазақстан
АймақПавлодар облысы
АуданБаянауыл ауданы
Баянауыл ұлттық паркі (Қазақстан)
Баянауыл Ұлттық Паркі
Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
Баянауыл ұлттық паркі (Павлодар облысы)
Баянауыл Ұлттық Паркі
Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
Баянауыл Ұлттық Паркі Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Ортаққорда

Ұлттық парктің аумағы үш орманшылығына бөлінген.

  • Баянауыл орманшылығы — 19 188 га,
  • Жасыбай орманшылығы — 22 904 га,
  • Далба орманшылығы — 8 596 га.
  • Кенейтілген парк аумағы — 17 764,8 га

Климаты тым континенттік (жазы - ыстық, қысы суық). Жер бедері жекелеген жақпар тасты тау шоқыларынан тұрады. Баянауыл тауларының етегінде көптеген бұлақтар, суы мөлдір көлдер (Жасыбай, Сабындыкөл, Торайғыр) бар. Саябақта 20-дан аса археологиялық ескерткіштер, қола дәуірінен қалған қорғандар, тастағы жазулар мен таңбалар, үңгірлер (“Әулиетас”, “Драверт”, “Құмыра”, т.б.) бар. Ұзақ жылдар бойы жел мен судың әрекетінен түрлі мүсіндерге айналған жартастар (“Найзатас”, “Жұмбақтас”, “Көгершін”, “Атбасы”, т.б.) саябақ табиғатына ерекше көрік береді.

Саябақтың өсімдіктер дүниесі мен жануарлар әлемі де алуан түрлі. Өсімдіктердің 400-ден астам түрі (қарағай, қайың, қандыағаш, таңқурай, мойыл, долана, т.б.), сондай-ақ, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген жабысқақ қандыағаш, көктем жанаргүлі де осында өседі. Омыртқалы жануарлардың 100-ден аса түрі кездеседі. Сүтқоректілердің 40-тан аса түрлері (арқар, елік, қасқыр, түлкі, сілеусін, борсық, тиін, т.б.) мекендесе, құстардың 50-ден астам түрлері (аққу, қаз, үйрек, құр, шіл, бүркіт, т.б.) ұялайды. Арқар, бүркіт, сұңқылдақ аққу Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Балықтың 8 түрі (шортан, сазан, оңғақ, алабұға, т.б.) бар.

Саябақ аумағы атқаратын қызметіне қарай қорықтық, қорықшалық және демалыс белдемдеріне бөлінген. Қорықтық белдемде шаруашылық жұмыстардың қай түріне болса да тыйым салынып, биологиялық алуан түрлілік, экожүйелер қорғалады. Қорықшалық белдемде шаруашылық жұмыстар белгілі бір тәртіппен шектеулі түрде жүргізіледі. Демалыс аймағына келушілер саны да реттеліп отырады. Баянауыл ұлттық табиғи саябағының табиғат қорғауды, адам игілігі үшін ұқыпты пайдалануды насихаттау ісінде алатын орны ерекше, ғылыми, мәдени және эстетикалық маңызы зор.

Галерея

Тағы қараңыз

Tags:

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

АлкандарҚазақстандағы «қайта құру» саясатыСтолыпин реформасыАвтомобиль түрлеріТалас шайқасыВолейболҚаңлы руыТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыТүрік қағанаты1929-1931 жылдардағы шаруалар көтерілістеріҚазақстан экономикасының тарихыЕскендір (поэма)ПневмонияРайымбек батырҚадыр Мырза ӘліСолтүстік ҚазақстанШөмекейӘлімұлыЭкологиялық проблемаҚазақ Кеңестік Социалистік РеспубликасыЖусан иісі (повесть)КәлимәҚажымұқан МұңайтпасұлыМиғражПрокариоттарБактерияларКерей ханТәуекел ханXV-XVIII ғасырлардағы қазақ ауыз әдебиетіБөкей ОрдасыКелінжанАйтысЭндокриндік жүйеНарықтық экономикаБұрындық ханБерішТанымал қазақтардың тізіміСөйлем мүшелеріМәдениетТопырақЭрих Мария РемаркАқпараттық қауіпсіздікШығыс Түрік қағанатыҚазақстанның мұнай өнеркәсібіНанотехнологияЭкологиялық жүйеҚантамырларАлаш партиясыҚышқылКөне түркі жазбаларыЖыныстық қатынасОрталық АзияСахабаларДінмұхаммед Қанатұлы ҚұдайбергеновЖүрек ауруларыАқсу-Жабағылы қорығыАтырауАбай Құнанбайұлының шығармаларыҒұндар мемлекетіYouTubeТабиғатты пайдалану мен қорғау негіздеріФосфорҚұстарЖіктік жалғауУнитарлы мемлекетАлланың есімдеріҚимақ қағанатыШыңғыс Төреқұлұлы АйтматовALEM (Ninety One)Жерлеу рәсіміТөлеңгіттерСәбит Мұқанұлы МұқановӘн-Нас сүресіҚұндылықИстиғфарБүркітГайморит🡆 More