Барбаросса Жоспары

Барбаросса жоспары (Fall Barbarossa) — фашистік Германияның КСРО-ға қарсы бағытталған соғыс жоспарының шартты атауы.

Алғашқыда “Отто жоспары”, кейін император Фридрих І Барбаросса құрметіне аталынған. Барбаросса жоспарын дайындауды Адолф Гитлер 1940 жылы 21 маусымда генерал-фельдмаршал В. Браухичке тапсырған. Оны жасауға вермахтың бас қолбасшылығы, қарулы күштердің бас штабтары, армия топтары штабтары мен армия штабтары тартылады. Барбаросса жоспарының әр түрлі жобасы жасалынып, бірнеше рет талқылауға түскен. 1940 жылы қыркүйекте оны дайындауға генерал-майор Ф. Паулюс кірісіп, 19 қарашада негізгі жобасын В. Браухичке ұсынады. 1940 жылы 26 қараша мен 7 желтоқсан аралығында Цоссенде Ф. Паулюстің басшылығымен әскери-штабтық ойын өткізіліп, 13 — 14 желтоқсанда арнайы мәжілісте қайта талқыланған соң, 18 желтоқсанда А. Гитлер директиваға қол қояды. Барбаросса жоспарының негізгі мақсаты — Кеңес армиясының батыстағы басты күштерінің елдің түпкіріне қарай шегінуіне мүмкіндік бермей бөліп тастап, талқандау. Әрі қарай Киев, Мәскеу, Ленинград (Санкт-Петербург) қалаларын басып алып, АрхангельскВолгаАстрахан шегіне шығу көзделген. Жоспарда армиялар тобы мен жекелеген армиялардың міндеттері, өзара қарым-қатынасы, әуе және теңіз күштерінің қимылдары толығымен қамтылған. Ұлы Отан соғысы қарсаңында, Барбаросса жоспары бойынша КСРО шекарасына 5,5 миллион әскер, 4300-дей танк, 5000-дай ұшақпен қаруланған “Оңтүстік”, “Орталық”, “Солтүстік” армиялар тобы жинақталды. Барбаросса жоспары аз ғана уақыт ішінде орындалуы керек еді, бірақ КСРО халықтарының жанқиярлығының арқасында іске аспады.

Барбаросса Жоспары
Барбаросса операциясы

Дереккөздер


Tags:

Адолф ГитлерАрхангельскАстраханВолгаГерманияКСРОКиевЛенинградМәскеуСанкт-ПетербургҰлы Отан соғысы

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Жасушаның бөлінуіАдам эволюциясының негізгі кезеңдеріДНҚЗәр шығару жүйесіҚазақтың салт-дәстүрлері (тізім)ҚұстарҚазақстан өзендеріЭмбриогенезПиелонефритЖалғаулық шылауларМэйдзи жаңғыртуыПублицистикалық стильПопуляцияКеңестік Социалистік Республикалар ОдағыҒаламдық мәселелерҚазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктерДемографияМикроэлементтерҚазақстанның пайдалы қазбаларыТүркістан автономиясыСпирттерӨздігінен тозаңдануАс қорыту жүйесіТүркияДенсаулықҚазақ газетіҚұрманғазы СағырбайұлыЕсім ханАуыл шаруашылығыМақта (дақыл)Химия өнеркәсібіХиуаз Қайырқызы ДоспановаРесейСпартак көтерілісіЫбырай АлтынсаринТәуке ханАқпаратКөлік кешеніТеңеуТұқым қуалаушылықҚазақстандағы су қоймаларының тізіміИосиф Виссарионович СталинШығыс ҚазақстанЕрмұхан Бекмаханұлы БекмахановҚазақстан аудандарыНарықҚазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі оқу-ағарту ісіЕсімдікҚазақстанның өсімдіктері мен жануарлар дүниесіТанымал қазақтардың тізіміҚант диабеті1920-30 жылдарындағы Қазақстан әдебиеті мен өнеріАсық ойыныЭтиленСағадат Қожахметұлы НұрмағамбетовБілімТегеран конференциясыҚазан төңкерісіТұрар РысқұловСолтүстік АмерикаЖеті қазынаҚазақстандағы туризмИзомерияҚажымұқан МұңайтпасұлыАлтын ОрдаФотосинтезҚытайТөлеген ТоқтаровАқмола облысыКСРО ыдырауыҚоршаған ортаның ластануыАтом ядросыЛенинградтық өренімЖұлдызОперациялық жүйелерҚожа Ахмет Ясауи кесенесіҚоғамЖасанды интеллект🡆 More