Балалар Музыкасы

Балалар музыкасы — балалардың орындауына және тыңдауына арналған музыка.

Балалар музыкасы нақтылығымен, бейнелі мазмұнымен, қарапайымдылығымен, айқындылығымен ерекшеленеді. Балаларға арналған музыканың негізіне халық ертегілері, табиғат, жан-жануарлар әлемі арқау болады. Балалар музыкасы ән, хор, аспаптық пьеса, оркестрлік шығарма, сахналық-музыка туынды болып бөлінеді. Балалар музыкасы балалардың орындаушылық мүмкіндігіне сай шығарылады. Мысалы, әннің дауыс диапазоны, дыбыс шығару ерекшелігі, дикциясы; аспаптық шығармада орындау техникасының қарапайымдылығы ескеріледі. Аспаптық Балалар музыкасына фольклорға бейімдеу, биге еліктелген, бейнелі әуен тән. Балалар музыкасы ертеден белгілі (Ежелгі Грекияда). Орта ғасырдағы Балалар музыкасы шпильмандар (кезбе музыканттар) өнерімен байланысты. Балаларға арналған пед—музыка шығармалар жасауға 18—19 ғасырлардың классик-композиторлары И.С. Бах (“Шағын прелюдиялар мен фугалар”), И. Гайдн (“Балалар симфониясы”), В. Моцарт, Л. Бетховен, Р. Шуман, П.И. Чайковский, т.б. үлкен үлес қосқан. 20 ғасырда Балалар музыкасы жанрлық, әсерлілік жағынан байыды. Б. Барток, С.М. Майкапара, С. Прокофьевтің шығармалары үлкен беделге ие болды. Фортепьянолық циклдармен қоса балалар операсы, балеті, кантаталар, оркестрлік шығармалар дүниеге келді. Балалар музыкасы Қазақстан композиторларының шығарм-нан айтарлықтай орын алады. Бұл салада композиторлар А. Затаевич, Б. Ерзакович, А. Жұбанов, Л. Хамиди, Д. Мацуцин еңбек етті. Е.Г. Брусиловcкий балаларға арнап фортепьянолық пьесалар, М. Төлебаев “Жастық шақ” хор сюитасын жазды. Олардан кейін балаларға арнайы А.В. Бычков “Жалаңаш король”, Ж. Дастенов “Қаңбақ шал”, Т. МұхамеджановАлдар көсе” операларын, А.Серкебаев “Маугли менің бауырым” атты рок-опера-балет, С.Н. Кибирова “Үш торай” балеті мен фортепьяно үшін жазылған “Балалар альбомы” пьесалар циклын, Т. Қажығалиев “Бақытты балалық шақ”, В.А. Новиков симф. оркестрге арнап “Ойыншықтар” сюитасын, Ж. Тұрсынбаев “Жайлауда” атты хор-кантатасын жазды. Балалар музыкасының дамуы балалардың орындаушылық шеберлігінің, музыка білімінің жүйелі өсуіне, жалпы мәдениеттің көтерілуіне тікелей байланысты.

A.
A.

Дереккөздер

Tags:

Алдар көсеБалаБалетБорис Гиршевич ЕрзаковичБрусиловский Евгений ГригорьевичЖұбанов Ахмет ҚуанұлыЗатаевич Александр ВикторовичМацуцин Дмитрий ДмитриевичМузыкаМұхамеджанов ТөлегенМұқан ТөлебаевОпераФольклорХамиди Латиф АбдулхайұлыХорӘн

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ИсламЗар Заман ақындарыШәкәрім ҚұдайбердіұлыАТФҚазақстан Республикасының ҮкіметіФонетикаБұлшық етСоқырішекЕркіндікНаурыз көжеҚазақстан 2030Рибонуклеин қышқылыSaccharomyces cerevisiaeЭмоцияФилософияКеңестік Социалистік Республикалар ОдағыОйық жара ауруыВирусты гепатит ВЕрте токсикозТеміреткіЕуропа одағыТұсаукесерЖапырақІштің қатуыМотивацияНұрсұлтан Әбішұлы НазарбаевЫбырай АлтынсаринФотосинтездің жарық және қараңғы фазаларыҚұрмалас сөйлемСаяси билікЗәрдің түзілуі және шығарылуыБағаналы жасушаҚажылықКәффарат түрлеріКіші жүздің Ресейге қосылуыҚадір түніЭлектр өрісіҚыпшақтарАристотельHTMLСөйлемнің бірыңғай мүшелеріАзаматтық қоғамРесейЖұмыс уақытыШерхан Мұртазаұлы МұртазаҚабдеш ЖұмаділовАғзалар арасындағы байланыс түрлеріГлюкозаДамушы елдерҚазақстандағы басқа ұлттар немесе этникалық топтар тарихыКомпьютерлік желіТанымал қазақтардың тізіміӨркениетАқшаҚыстырма сөзҚант диабетіЕртегіАдамҚауіпсіздікМорфология (лингвистика)Жоңғар шапқыншылығыМұхаметжан ТынышбайұлыАзаматтық құқықТемпераментАмерика Құрама ШтаттарыҰшқан ұяЭкзистенциализмЖедел аппендицитЖошы ханОрта жүзКәсіпкерлікТәуке ханАтрофияРевматизмҚазақ философиясыГаметогенезАсқазан ауруларыЕтістік1930—1933 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылық🡆 More