Базаралы Қауменұлы

Базаралы Қауменұлы (1833-87) - Абайдың әкесі Құнанбаймен тартысып, айтысқан адам.

Руы - Тобықты ішінде Жігітек. Абай оны билеуші топтан жапа шеккен халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, ешкімнің ызғарынан ықпай, қарсы тұрған өжеттігі, ер мінезі үшін құрмет тұтқан. Құнанбай Базаралыны Жігітек руының көп адамымен бірге қылмысқа тарттырып, інісі Балағазбен қосып итжеккенге айдатып жіберген. Балағаз сонда өлген. Базаралы 1882 ж. қашып келген. Құнанбай тұқымымен қайта жауласып, бір түнде Тәңірбердінің бір үйір жылқысын шауып алып, қырып тастайды. Базаралы айдаудан қайтқанда, амандасуға барған бір топ кісінің ішінде Көкбай ақын да болады. Сөз реті келгенде Көкбай:

    «Алашқа абыройың әлі дардай,
    Келбетің қырық пұт тартқан қара нардай.
    Сипаттап бұдан дағы айтар едім,
    Тұрмын ғой жарияға жарай алмай», -

дейді. Сонда Базаралы «Айтайын десе Абайдан, айтпайын десе менен именіп түр екен. Сенің осың бәрінен артық болды», - деп, ризашылығын білдіреді. Бұдан Абайдың Базаралы бойындағы кейбір қасиеттерін ұнатпайтыны, сондықтан да Көкбай ақынның Базаралыны бастан-аяқ түгелдей мақтауға жүрегі дауалай алмай тұрғаны көрінеді. Базаралының ерлігі, сын-сипаты М. Әуезовтің «Абай жолы» романында жан-жақты суреттелген. Базаралының сүйегі Көлденең қыстағына қойылған.

Дереккөздер



Tags:

1833 жыл18821887 жылАбай ҚұнанбайұлыКөкбай ЖанатайұлыТобықтыҚұнанбай Өскенбайұлы

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қазақстанның мұнай өнеркәсібіШикізатБасты бетАралас құрмалас сөйлемҚазақстан өзендеріҚазақстанның Мәдени мұра жобасыІлияс ЕсенберлинҚимақ қағанатыХимия өнеркәсібіҚазақстанның Қызыл кітабына тіркелген бірінші санатты жануарларКәсіпорынЖылқы малының атауларыТұтынушы құқығыҚазақстан мейрамдарыҚасым-Жомарт Кемелұлы ТоқаевҚазақстандағы көмірТөлеген Тоқтаров1921-1922 жылдардағы ашаршылықАминқышқылдарАмерика–Жапон шарттарыТұрақты сөз тіркесіПалеозойЖай сөйлем және оның түрлеріТеатрТегеран конференциясыТыныс алу жүйесіМенің атым Қожа (повесть)Қасым ханМағжан Бекенұлы ЖұмабаевРайымбек батырПысықтауышҚұстарЖұлдыз18 ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайыМетаморфтық тау жыныстарыҒылыми-техникалық прогрессСинонимСаяси мәдениетАдам даму индексі бойынша елдер тізіміТерроризмДінКонсументтерАманжол Дүйсенбайұлы ӘлтаевЭкологияКүнделік.кзҚазақтың ұлттық ою-өрнегіДидактикаКүйГеродотБәйтерек (монумент)Рақымжан ҚошқарбаевАбстракционизмАбай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетіӨнеркәсіпЕгіншілікҚарсылықты салалас құрмалас сөйлемТалғат Жақыпбекұлы БигелдиновАқан серіҚазақстан халқыҰлпан (роман)Оғыз мемлекетіПневмонияЭлектромагниттік толқындарАдам даму индексіМодификациялық өзгергіштікҚасым АманжоловҚұрманғазы СағырбайұлыӨзбектерҚазақстанТоқтар Оңғарбайұлы ӘубәкіровНафтаДін философиясыМайданҒарышКөмір өнеркәсібіҚазақстандағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізіміЭкономикалық интеграция🡆 More