Жамбыл Облысындағы Ежелгі Қала Орны Ақтөбе

Ақтөбе — ежелгі қала орны.

Жамбыл облысы Шу ауданы Баласағұн атындағы ауылшаруашылық ұжымының жерінде, Ақсу, Қарабалта өзенінің Шуға құяр сағасында орналасқан. Ақтөбе 6-13 ғ. болған. Алғаш 1894 ж. археолог В.В. Бартольд ашқан. Қазба жұмысын 1941 ж. Г.И. Пацевич жүргізді. 1974 жылдан бері ҚазМҰУ-дің археологиялық экспедициясы зерттеп келеді. Ақтөбе — патша сарайы орналасқан бекіністен, шахристаннан, рабадтан тұрады. Қала сырты 2-3 қатар қорғаныс қамалмен, ормен қоршалған. Қамал іргесі 6 ғасырда қаланған. Сарай шахристан орталығында биікт. 7-8 м табиғи төбеде орналасқан. Ол 20 шақты бөлмеден тұрады. Қабырғаларының биікт. 1-1,5 м, көлемі 42х20х11 см, 45х21х17-18 см күйдірілген қыштармен, 40х60 см пахса кесектермен көтерілген. Едендеріне 22х22х4-5 см күйдірілген қыш төселген. Ақтөбенің екінші бөлігіне жүргізілген қазба жұмыстары барысында Қарахан дәуірінің (10-12 ғ.) 3 мыңнан астам мыс ақшалары, зергерлік бұйымдар т.б. табылды. Рабадтағы қазба жұмыстары нәтижесінде Ақсу өзенінен арна арқылы су тартылып, қоймадағы су тұндырылып қыш құбырлар арқылы қалаға жеткізіліп тұрғаны айқындалды. Құбырлар ұзындығы 50-60 см, диаметрі 10-20 см, бір-біріне жалғауға ыңғайлы етіліп күйдірілген саздан жасалған. Көше бойларында тазалық сақтау үшін арықтар қазылған. Орталық сарайдың шығысында әскерлер тұратын “Төрткүл” бекінісі орналасқан. Ақтөбедегі қазба жұмыстары 10-12 ғасырларда Шу-Талас өңірлерінде қала мәдениеті мен өркениеттің дамығанын көрсетеді. Ғалымдардың пікірінше, Ақтөбе орта ғасырда болған Баласағұн қаласының орны болуы мүмкін.

Дереккөздер:

Қазақ ұлттық энциклопедиясы


Tags:

189419411974Ақсу (Шу алабы)БаласағұнБекінісЖамбыл облысыРабадШу ауданы

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ҚобызҚұрмалас сөйлемӨкпеМиссионерлiкТыныс белгілеріҚазақтың XX ғасырдағы мәдениетіАқындар айтысыҚазақстанның пайдалы қазбаларыСын есімДүниежүзілік көрме (2017)Жайылма сөйлемЖалпы ішкі өнімАқ Орда (мемлекет)Жаңа экономикалық саясатЕуропа мемлекеттерінің және тәуелді аймақтарының тізіміРесурстарЭлектрондық сандық қолтаңбаАтомның ядролық үлгісі. Резерфорд тәжірибесіЭвакуацияҚазақстанның экологиялық проблемаларыМикроорганизмГүлді өсімдіктерЭмбриогенезЗәрдің түзілуі және шығарылуыИнтернетМетафораАсқорыту мүшелеріКөкжөтелҚажығали Мұханбетқалиұлы316-атқыштар дивизиясыҚұстарӨзбектерАқан серіИранӘйтеке биЖеке еңбек шартыШыңғыс ханҚанайналым жүйесіСынықҚазақстан музейлеріАғзалардың жеке дамуыҚазақстанның мұнай өнеркәсібіБақбақОнтогенезСуИсламСелекцияВегетативтік көбеюАзамат соғысыЕділ қағанХолециститҚазан төңкерісіКонституцияЕкінші дүниежүзілік соғысЭкологиялық проблемаҚолдан сұрыптауКанадаСәулетҚазақстан мәдениетіМәншүк Жиенғалиқызы МәметоваГормондарІлияс ЖансүгіровЧернобыль апатыДНҚБиоценозЖәркен БөдешұлыСарқылатын ресурстарБүйрекАйша бибі кесенесіМақал-мәтелдерОрыс асханасыҚазақ руларыМал шаруашылығыӨнеркәсіптің дамуы және оның шикізаттық бағыт-бағдарыКварцАзаматтық іс жүргізу құқығыМөде қағанҰлы жүз🡆 More