Альпілік Қатпарлану

Альпілік қатпарлану — мезозой мен төменгі палеоген кезіндегі геосинклинальдар мен платформалар аумағында кайнозой эрасында жас, биік тау жүйелерінің түзілуіне себеп болған тектоникалық құбылыс.

Бұл типті қатпарлану алғашқы рет Альпіде зерттелген, соған байланысты осылай аталған. А. қ. құбылысы нәтижесінде түзілген тау жүйелері жерортатеңіздік (ендік және солт.-батыс бағыттарында) және тынық мұхиттық (бойлық бағытта) деп аталатын екі белдемнен тұрады. Жерорта теңіздік белдемге: Еуропада — Альпі, Пириней, Андалузия, Апеннин, Карпат, Динар, Стара-Планина, Қырым, Кавказ таулары; Азияда — Понтий, Тавр, Түрікмен-Хорасан, Эльбрус, Гималай, Загрос, Сулеймен таулары мен Үндіқытай түбегінің тау тізбегі кіреді. Тынық мұхиттық белдемге: Азияда — Камчатка түбегі, Курил, Жапон, Филиппин, Индонезия аралдары; Солт. Америкада — Аляска мен Калифорнияның Тынық мұхит жағалауының қатпарлы жоталары; Оңт. Америкада — Анд тау жүйесі, Жаңа Гвинеядан Жаңа Зеландияға дейінгі Австралия құрлығын көмкеріп жатқан аралдар тобы; Антарктидада — Антарктида түбегінің қатпарлы жоталары енеді. Осы екі белдем Малакка түбегінің оңтүстігінде қосылады. А. қ-дың аймақтық дамуы екі үлкен кезеңге бөлінеді. Бірінші кезеңде (триастан палеогенге дейін) геосинклинальдық ойыстар пайда болып, іші шөгінді және жанартаулық жыныстарымен толып, қатпарланып біраз көтерілген; екінші кезеңде (палеогеннің соңы, неоген, антропоген) немесе орогендік кезеңде — бірінші кезеңдегі процесс жалғаса отырып, көптеген үлкен тау жүйелері құрылған (Гималай, Альпі, Кавказ, Тянь-Шань, Алтай т.б.); сонымен қатар жаңа тауаралық және тау алды ойыстары пайда болып, олар неоген-антропогендік (моласс және жанартаулық) жыныстармен толыққан. А. қ. аймақтарында тектоник. әрекет күшті болғандықтан, жер сілкіну, жанартау атқылау жиі болып тұрады. Қазақстанда мұнай, газ, көмір, сондай-ақ түсті металдардың кендері А. қ-мен байланысты түзілген. Әдеб.: Тектоника Евразии, под ред. А.Л.Яншина, М., 1967; Косыгин Ю.А., Тектоника, М., 1969; Белоусов В.В., Основы геотектоники, М., 1989.

Альпілік Қатпарлану
Кавказ таулары. Альпілік қатпарлану жарқын үлгісі

Tags:

Мезозой

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

СөзжасамАдам қаңқасыҚазақстандағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізіміЖүрек жетіспеушілігіЗейінКөзімнің қарасы...Ақтабан шұбырындыКөктемНьютон заңдарыЖатыр мойны эрозиясыАманат (партия)Қазақстан туыЖамбыл ЖабайұлыМитохондрияСалқам Жәңгір ханЖасыл балдырларҚыстырма сөзӨлім кезеңдеріАқтауХалық саны бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміҚанТалас шайқасыҚазақстанның экологиялық проблемаларыСемей полигоныАдамның зәр шығару жүйесіҚазақша жыл санауМендель заңдылықтарыҚазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі ғылыми мекемелері мен ғылыми-зерттеу жұмыстарыБуддизмҚан жасушаларыЭлектр өрісіКіші жүзАуыз бекітуКонституцияӨкпе обырыЭндокриңді бездерҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыҚазақстан ұлттық парктерінің тізіміАлтын ОрдаПопуляцияТұздар (химия)ХристиандықӘмір ТемірДыбысҚазақ Кеңестік Социалистік РеспубликасыАйнымалы токСібір жарасы (инфекциялық ауру)Солтүстік АмерикаАбиотикалық факторларҚазақ руларыҚазақ ұлттық киімдеріРесей империясының құрамындағы ҚазақстанКөксерек (әңгіме)Моңғол шапқыншылығыБатыр Баян (поэма)Көлденең жолақты ет ұлпасыҚазақ халқының өлім-жітім жөнелту салтыТұқым қуалайтын ауруларАдам тісіҮйсін мемлекетіНарықтық экономикаӘлеуметтануМиҚорқыт атаҚазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніЕсекжемЖалаң сөйлемHTMLТеңіз балдырларыЖүктілік кезіндегі гестоз ауруыАқсу-Жабағылы қорығыҚазақтардың Дүниежүзілік құрылтайыҒаламдық экологиялық проблемаларШешендік сөздерӨкпеХалықаралық ұйымдарҚазақ хандығыЕуропа одағы🡆 More