Айыр Өркешті Түйе

Айыр өркешті түйе (лат.

Дене ұзындығы 250-360 см, биіктігі 180-210 см. Жабайы айыр өркешті түйе (1877) Н. М. Пржевальский ашқан Моңғолия шөл даласында ғана кездеседі. Қазақстанда 18 ғасырға дейін жойылмай ұсақ үйір құрып тіршілік еткен. Сирек кездесетін жануар саны 400-600-ден аспайды. Үй жануарлары ретінде Орталық Азияда және Қазақстанда өсіріледі. Жабайы айыр өркешті түйе қолдағылардан айырмашылығы өркештері кішіріктеу және аяқтары ұзын.

Айыр өркешті түйе
Айыр өркешті түйе
Айыр өркешті түйе
Амандық күйі
Айыр Өркешті Түйе
Жойылу қаупіндегілер (IUCN)
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Сүтқоректілер
Сабы: Жұптұяқтылар
Тұқымдасы: Camelidae
Тегі: Camelus
Түрі: C. bactrianus
Екі-есімді атауы
Camelus bactrianus
Линней, 1758
Ареал
Ареал

Айыр (қос өркешті) түйе — сірі табандылар отрядының түйе тұқымдасына жататын ашатұяқты сүтқоректілердің бір түрі. А.т. екі өркеші бір-біріне жаналас, арасына екі кісі еркін орналаса алатындай алшақ орналасқан. А.т. негізгі мекендеген ортасына қарай Қазақстандық, Моңғолиялық, Астрахандық (қашақа), Орта Азиялық, т.б. болып бөлінеді. Бұлардың ішінде кең тарағаны қазақстаңдық қос өркешті түйе - қазақы бактриан. А.т. Қазақстанда өсірілетін түйенің 95 пайызын құрайды. Өте жүндес, шудалы болғандықтан, суыққа төзімді, шөлейт, қуаң далалы өңірде өсіруге жақсы бейімделген. Тірілей салмағы - 500-650 кг, таза ет шығымы — 60-62%. Әр інгеннен 7 айда орта есеппен майлығы 5,5% 1200 кг сүт сауылады, таза жүн түсімі 80-85% 6-7 қг жүн қырқылады. А.т. шамамен 35-40 жыл жасап, жұмыста 20-25 жыл пайдаланылады. 2-3 жасында жынысы жетіледі, бірақ інгені (бұзбашасы) алғашқы рет 3-4 жасында қайытылады, бурасы 5-6 жасында келеге шағылысқа түсіріледі. Буаз а.т. інгені 410 күн көтеріп, екі жылда бір жалқы боталайды. А.т. тұқымын асылдандыру жұмысымен Қазақтың ғылыми-зерттеу қаракөл шаруашылығы институты айналысқан .

Дереккөздер

Tags:

Латын тіліМоңғолияНиколай Михайлович ПржевальскийОрталық АзияТүйеҚазақстан

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

СелекцияҚазақ тіліндегі өсімдік атауларының тізіміТүрік қағанатыТың игеруАллитерацияӨзбектерАлаш қозғалысыКүй аңызы (әңгіме)ЛуврМысықАзия-Тынық мұхит аймағы елдерінің әлеуметтік-экономикалық даму одағыБалқашКонсументтерМенің атым Қожа (повесть)Табиғи газҰлы Отан соғысыПиелонефритКонгресс кітапханасыРесейТәттімбет ҚазанғапұлыҚазақстанның мемлекеттік құрылымыТемірЕртісӘйтеке биДәрілік өсімдіктерӘлемдегі ең танымал кітапханаларЖан басына шаққандағы ЖІӨ (АҚТ) бойынша елдер тізіміОрганикалық қосылыстарАдамаралық қарым-қатынасАустралияЖасушаМәншүк Жиенғалиқызы МәметоваЭндокриндік жүйеҚұндылықЭкстремизмКөктемҚояндарАхмет БайтұрсынұлыАбай жолы (роман)Осип Андреевич ИгельстромГалактикаХолециститҰрықтануШымкентАққан жұлдыз (роман)Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніБауыржан МомышұлыТөл сөзАлматы облысыСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚұстарУнитарлы мемлекетҚазақстандық Кеңес Одағының Батырлары (тізім)ДостықМұнай экспорттаушы елдер ұйымыҒылыми-техникалық революцияҰлыбританияҚұрмалас сөйлемМөде қаған1917 жылғы екі революция кезеңіндегі ҚазақстанРеформацияҒылыми фантастикаКөкжөтелҚозыке Бишімбайұлы БишімбаевШахмет Құсайынұлы ҚұсайыновӘміре ҚашаубаевҰйқы безіҚосарлы ұрықтануБесін намазыКітапАқбілек (роман)Ұлы жүзМеталдарБілімТүркістан облысыҚырғи қабақ соғысыЗәр шығару жүйесіҚорғалжын қорығыҚуыршақ театры🡆 More