Көнтабандылар

Көнтабандылар немесе Сірі табандылар (лат.

Бұл жасаққа қазіргі заманда сақталған Түйелер (Camelidae) атты бір-ақ тұқымдас жатады. Тұқымдасқа 2 туыс: Африка мен Азияда кең тараған түйелер мен Оңтүстік Америкадағы өркешсіз түйелер - ламалар жатады. Жеті тұқымдас қазіргі заманда құрып біткен.

Көнтабандылар
Кельн зообағындағы бактриан
Кельн зообағындағы бактриан
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Сүтқоректілер
Сабы: Көнтабандылар
Екі-есімді атауы
Tylopoda
Illiger, 1811
қазіргі уақытта сақталған тұқымдасы

Camelidae (Түйелер)

Көнтабандылар
Protoceras скелеті
Көнтабандылар
Stenomylus hitchcocki скелеті

Құрып біткен тұқымдастар:

Сірі табандылардың аяқтары ұзын, аша тұяқты, табаны қалың сірілі («Сірі табандылар» деп аталуы да осыдан). Сірі табандылар Азия мен Оңтүстік Америкада таралған. Жабайы қос өркешті түйе тек Орталық Азияда Монғолиядағы шөлді аймақта (Гобиде), ал гуанако мен викунья Оңтүстік Америкадағы таулы жерді мекендейді. Сірі табандылардың Америкадағы екі түрі (лама және альпака) қолға үйретілген. Бұларды да түйе сияқты көлік есебінде және жүні мен еті үшін ұстайды. Америкада кездесетін Сірі табандылардың өркеші болмайды. Сірі табандылардан тек айыр өркеш түйе мен нар көбінесе Африкада және Оңтүстік Азияда кездеседі. КСРО-да сірі табандылардың жабайы түрі жоқ, бірақ қазба қалдықтарына қарағанда бұрын өткен геологиялық дәуірлерде тіршілік еткен. Елімізде сірі табандылардан тек айыр өркеш түйе мен нар өсіріледі. Қазақстанда көбірек өсірілетіні айыр өркеш түйе, ал нар Түрікменияда көбірек өсіріледі.

Биологиялық сипаттамасы

Мойны ұзын ірі жануарлар. Аяғы жұпаяқты, үшінші және төртінші саусақтары сақталған, көнді жалпақ табанына денесінің салмағын салып қозғалады. Қарны үш бөлімнен тұрады: үлкен қарын, жұмыршақ, ұлтабар. Қазір Орталық Азияның даласында жабайы түйенің бір түрі — қос өркешті түйе сақталған. Бір өркешті түйенің, нардың тек қана қолға үйретілген бір түрі белгілі.Түйелер шөлді жерлерге бейімделген, ұзақ уақыт су ішпей жүре береді. Түйелерде май қоры өркешіне жиналады. Май қоры өз тарапынан артық су қоры болып есептеледі. Сондықтан өркешінде май көп түйелер шөлге шыңамды келеді. Қолға үйретілген қос өркешті түйелер Монголия мен Қытайда, ТМД-да Әзірбайжанда, Қазақстанда, Орта Азия елдерінде бар. Оларды жүк көлігі ретінде пайдаланады. Ламалар тек кана Оңтүстік Америкада тіршілік етеді. Олардың жабайы екі түрі - гуанока және викунья белгілі

Дереккөздер

Tags:

CamelidaeАзияАфрикаЛамаларЛатын тіліОңтүстік АмерикаТүйелер

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Дін философиясыКөп жасушалы ағзаларМодификациялық өзгергіштікСалалас құрмалас сөйлемДауыссыз дыбыстарТәуекел ханМагмалық тау жыныстарыСталинград шайқасыМартин ЛютерЖүсіп БаласағұниЖасанды интеллектХимиялық элементтердің периодтық жүйесіСуАлкиндерҚазақтың ұлттық тағамдарыҚазақ әліпбиіҚазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі оқу-ағарту ісіДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруЗат есімЕртісАшаршылықАвтокөлік шығаратын елдер тізіміБасты бетҚызыл кітапКубизмНегіздерЖеті жарғыНүкте (тыныс белгісі)ЭкологияСаяси партияТанымал қазақтардың тізіміШылауМеталдарЖүрек-қантамырлар жүйесіҚазақстан темір жолыҚазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріҚазақстанның экологиялық проблемаларыҚазақстан экономикасының тарихыАйша бибі кесенесіРим империясыМиссионерлiкАктинҚазақстан 2030Жер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміКүн (жұлдыз)ТерминТәттімбет ҚазанғапұлыӨсімдік шаруашылығыЕжелгі Рим өнеріФранция Ұлттық кітапханасыЖыныс мүшелерінің құрылысыҚазақстанның тұңғыш мектептеріСалт-дәстүрҚажығали МұханбетқалиұлыЭлектромагниттік индукцияАбай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетіЖұлдызТұқым қуалайтын өзгергіштікНұрдәулет Бәбиханұлы АқышЗат алмасуКапитализмЛенинград шайқасыОсип Андреевич ИгельстромМал шаруашылығыПедагогикаМысҒұндар мемлекетіЖыныссыз көбеюАдамаралық қарым-қатынасҚан мен терЖаһандануӨзбектерГлюкозаТұрақты сөз тіркесі1920-30 жылдарындағы Қазақстан әдебиеті мен өнеріТас дәуіріАқбілек (роман)Бұқаралық ақпарат құралдары🡆 More