Шеміршек

Шеміршек (cartіlage) — адам мен жануарлардың кейбір органдарын біріктіріп тұратын тірек; механикалық қозғалыс қызметіне қатысатын иілгіш серпімді тін.

Шеміршек
Шеміршек

Шеміршек кейбір омыртқасыздарда (мысалы, басаяқты моллюскаларда) болады. Дөңгелекауыздылар мен шеміршекті балықтардың қаңқасы шеміршектен тұрады. Басқа омыртқалы жануарлардың қаңқасы тек ұрық сатысында шеміршектен дамиды да, туғаннан кейін өсу процесінде сүйектеніп кетеді. Адам мен сүтқоректілерде шеміршек тек буын сыртында, қабырғаның төссүйекке жалғасқан жерінде, бронх, кеңірдек және құлақ қалқанында болады. Шеміршектің клеткааралық заттарының ерекшелігіне қарай үш түрі ажыратылады. Гиалинді шеміршек — қысымға төзімді, бірақ сынғыш келеді; негізінен бұлар ұрық кезінде болады. Талшықты немесе дәнекерлі шеміршек — қысымға (жиырылуға) да, сынуға да төзімді, ол омыртқа, жамбас-мықын буын аралықтарын жалғастырады. Эластинді шеміршек — гиалинді шеміршектен құралады, құрамында созылмалы талшықтар болады. Шеміршектің сыртынан шеміршекқаппен қапталған. Шеміршекқап сыртқы талшықты және ішкі хондрогенді (камбиалды клеткалы) қабаттардан тұрады. Оның құрамында жас шеміршек клеткалары — хондробластар бөлініп, көбею арқылы клеткааралық заттар түзіп, шеміршектің қалыңдап өсуін қамтамасыз етеді. Шеміршек зақымданған жағдайда шеміршек сырты тінінің өсуі арқылы бұрынғы қалпына келеді.


Дереккөздер

Tags:

АдамЖануарМеханикалық қозғалысТірек

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қазақтың ұлттық тағамдарыҚазақша жыл санауАдамМутацияПиелонефритОтырарАхмет БайтұрсынұлыӨркениетШығыс АзияІлияс ЕсенберлинӘлеуметтік шиеленістерді шешу жолдарыБиомеханикаҚожа Ахмет ЯсауиҚазақстан жерінде мал шаруашылығының қалыптасуыТабиғатты қорғауЗат алмасуТехнологияТемірқазықЮНЕСКОБолымсыздық етістікЕсім ханЮпитерАуыз бекітуОю-өрнекҚасым АманжоловЖетісу АлатауыГендерлік сәйкестікСирия азаматтық соғысыҚазақстан өзендеріӘбілқайыр хан (Кіші жүз)Әуе шарыГипофизСұлушаш (поэма)Корея РеспубликасыКеңес Одағы Коммунистік ПартиясыҚазақстан туыБеғазы-Дәндібай мәдениетіАқмола облысыМемлекет астаналары тізіміТезисХристиандық606 жылИсламдағы жыныстық өмір әдебіШығыс Еуропа жазығыЕкінті намазыҚызыл кітапБуддизмҚұқықҒылыми-техникалық революцияРамзауЛизосомаЭпитетКөктемАлаш қозғалысыҒұсылМоғолстанАсқар АлтайҚазақ хандарыАлюминийТұқым қуалайтын өзгергіштікАққуларАмерика Құрама ШтаттарыТабиғатБесікке салуБірінші Мемлекеттік ДумаКомпьютерДикторМитохондрияМагнитӘміре ҚашаубаевЕртегіҚазақстанның кен ресурстарыЖалқы есімТұздар (химия)ФилософияКиіз үй құрылысыКенесары ханМөде қаған🡆 More