Сазген

Сазген — Қазақтың фольклорлы-этнографиялық халық аспаптары ансамблі.

Республикалық халық музыка аспаптары музейі жанынан, профессор Болат Сарыбаев зерттеп, жаңғыртқан көне музыкалық аспаптар негізінде Қазақ ССР Мәдениет Министрінің орынбасары Өзбекәлі Жәнібековтың тапсырмасымен 1980-1981 жылдары құрылды. Музейдің директоры әрі ансамбльдің көркемдік жетекшісі Жарқын Шәкәрім домбыра мен дабыл, қобыз бен сыбызғыдан басқа Б.Сарыбаев жаңғыртқан жетіген, шертер, сазсырнай, үскірік, асатаяқ, дауылпаз, тұяқтас, қоңырау, үш ішекті домбыра тәрізді халқымыздың көне музыкалық аспаптарын алғаш рет ансамбльге пайдаланып қазақтың көне тамырлы түркі дүниесіндегі музыкалық үндестігін жаңғыртты. Ансамбль репертуарында халық күйлері «Кеңес», «Келіншек», «Арнау», «Маңғабыл», «Телқоңыр», «Сал күрең», халық композиторы Байжігіттің «Ерке атан», «Қайың сауған», «Азаттық», «Алмажай», «Көкбалақ», «Жұмағұл», «Қособа», «Арман» күйлері және «Қылышпан би», «Жезтырнақ», «Айда былпым», «Шалқыма» билері сонымен қатар «Дидаку», «Гүлдер-айым», «Шилі өзен», «Қуатым-ай», «Әй-әй бөпем» тәрізді халық әндері орын алды.

Сазген
«Сазген» фольклорлы-этнографиялық ұлт аспаптар ансамблінің алғашқы мүшелері. Фотосурет 1981 жылы түсірілген. Солдан оңға: Жарқын Шәкәрім (ансамбльдің жетекшісі), Ерлан Қуандықов, Сәуле Боранбаева, Таласбек Әсемқұлов, Зәбира Жәкішева, Роза Кан Екінші қатарда тұрғандар: Қожахмет Мұсабеков, Күләнда Айтова, Ботагөз Құспанова, Оразғазы Бейсенбаев, Зүлфия Молдағаринова, Майра Ысқақова.
Сазген
«Сазген» ансамблінің алғашқы афишасы. 1981 жыл
Сазген
«Сазген» фольклорлы-этнографиялық ұлт аспаптар ансамблінің алғашқы мүшелері. Фотосурет 1981 жылы түсірілген. Отырғандар: (Солдан оңға) Зәбира Жәкішева, Роза Кан, Сәуле Боранбаева, Ерлан Қуандықов, Ботагөз Құспанова Екінші қатарда тұрғандар: Таласбек Әсемқұлов, Майра Ысқақова, Күләнда Айтова, Қожахмет Мұсабеков, Жарқын Шәкәрім (ансамбльдің көркемдік жетекшісі)

Республикалық халық музыка аспаптары музейі қызметкерлерінен құрылған «Сазген» фольклорлы-этнографиялық ұлт аспаптар ансамблінің 1980 жылғы алғашқы мүшелері : Жарқын Шәкәрім (Музей директоры, ансамбльдің жетекшісі), Ерлан Қуандықов, Сәуле Боранбаева, Таласбек Әсемқұлов, Зәбира Жәкішева, Роза Кан, Қожахмет Мұсабеков, Күләнда Айтова, Ботагөз Құспанова, Оразғазы Бейсенбаев, Зүлфия Молдағаринова, Майра Ысқақова. Ансамбльдегі қазақтың көне музыкалық аспаптары, ежелден сақталған дәстүрімізге тән қоңыр үнділікті, фольклорлық музыкамыздағы көркемділікті, көрермен тыңдаушыларымызға алғаш рет паш етті.

Сазген
Жарқын Шәкерімді Республикалық халық музыка аспаптары музейінің тұңғыш директоры етіп тағайындау жөніндегі Қазақ ССР Мәдениет министрі Жексенбек Еркімбековтың қолымен берілген бұйрық

Дереккөздер

Tags:

19801981АнсамбльБолат Шамғалиұлы СарыбаевДомбыраЖарқын Жақияұлы ШәкәрімЖетігенМузейМузыкаПрофессорРепертуарРеспубликаФольклорШертерЭтнографияҚазақӨзбекәлі Жәнібеков

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

УақытБайқоңыр (ғарыш айлағы)Тынымбай НұрмағамбетовБасты бетШыңғыс Төреқұлұлы АйтматовБенье-ле-ЖуифОтбасыСалауатты өмір салтыФосфорСпорттық туризмБатыс Сібір жазығыМұхаммедYouTubeСаяси партияТемірқазық1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісАммиакӘмір ТемірЛаңкестік әрекетДемографияТұрар РысқұловТұмар ханшаТүркістан облысыМемлекеттік шекараТалас жазуыЕрулікҚазақстан соғыстан кейінгі кезеңдеБөкей ОрдасыҚант диабетіҚан топтарыКремнийПедагогикаЯдроҚоршаған ортаны қорғауКүлтегін ескерткішіЕртегіФилософияАйша бибі кесенесіАурухана ішілік инфекцияӘнұранҰлтаралық қақтығысАхмет БайтұрсынұлыМоғолстанАбайдың қара сөздеріБесік тойыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануМәдени мұраҒарышкерҚазақ тіліҰрықАннотация18 ғасырдағы Қазақстан тарихнамасыБуылтық құрттарОразаны бұзбайтын жағдайларУақыт машинасы (роман)Қазақстан теңгесіФариза ОңғарсыноваҚожа Ахмет ЯсауиРамазан (ай)ЖетіқарақшыБиосфераСинапстерФизикалық-географиялық аудандастыруӘуе шарыОрбұлақ шайқасыАвтомобильСинтаксисМендель заңдылықтарыРухани мәдениетНаурыз көжеАлгоритмҚарағанды облысыБаланы қырқынан шығаруҚанМысырКеңестік кезеңдегі Қазақстан тарихнамасыҰлы Жібек жолыЗар Заман ақындарыШілдехана🡆 More