Нуклеотидтер

Нуклеотидтер – нуклеин қышқылдарын құрайтын негізгі құрылымдық бірлік.

Нуклеотидтер бір-бірімен ковалентті байланыс арқылы байланысқан 3 түрлі химиялық бөліктен тұрады:

  1. көміртектің бес атомы бар қант (ДНҚ молекуласында дезоксирибоза, ал РНҚ-да – рибоза);
  2. қанттың 1-көміртек атомымен ковалентті байланысқан пуриндік немесе пиримидиндік азоттық негізі. Бұл екі бөлік бірігіп нуклеозид деп аталатын құрылым түзеді. ДНҚ молекуласының құрамына пуринді негіздер – аденин (А), гуанин (Г) және пиримидинді негіздер – цитозин (Ц), тимин (Т) кіреді. РНҚ-ны да осы негіздер құрайды, тек тиминнің орнына мұнда урацил (У) болады (Т урацилден метилдік топ [–СН3] арқылы ажыратылады).
  3. Нуклеотидтердің 3-бөлігін фосфатты топтар (фосфор қышқылының бір немесе бірнеше қалдығы) құрайды. Фосфатты топтар бір қанттың 5-көміртегі атомымен келесі қанттың 3-көміртегі атомы арасында фосфодиэфирлік байланыстар құру арқылы полимерлі тізбек түзеді. Нуклеотидтерді кейде нуклеозид-5-монофосфат деп атайды. Мыс., аденин негізді нуклеотидті аденозин-5-монофосфат, гуанин негізді нуклеотидті гуанозин-5-монофосфат, т.с.с. Н. түссіз кристалл, суда жақсы ериді, органик. еріткіштерде ерімейді, металдармен, негіздермен тұз түзеді. Нуклеотидтер жоғары энергиялы қосылыстар болғандықтан организмдегі энергия алмасу мен жинаудағы маңызы зор.

Қызметі

Нуклеин қышқылдарының екі түрі бар: дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ), рибонуклеин қышқылы (РНҚ). ДНҚ өзінің репликациясын (екі еселенуін) қамтамасыз ете алады. ДНҚ ақпараттық РНҚ (аРНҚ) синтезделуін қамтамасыз етеді және аРНҚ арқылы нәруыз синтезін бақылайды.

Нуклеотидтер
Нуклеотидтер құрылысы

Нуклеотидтер - ДНҚ мен РНҚ-ның құрам бөліктері. ДНҚ молекуласындагы әрбір нуклеотид үш компоненттен тұрады: тимин, аденин, гуанин, және цитозин, азот қосылыстары, 5 мүшелі көміртекті көмірсулар, дезоксирибоза және фосфор қышқылының қалдығы. РНҚ, да көмірсулардан рибоза бар, ап азот қосылысынан тимин урацилмен алмасқан.

Дереккөздер

Tags:

Нуклеин қышқылдары

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

OAuthМоғолстанАманкелді Үдербайұлы ИмановАдай күйіАндроново мәдениетіПрокариоттарPythonБалықтарАфрикаЕділ қағанАлматы облысыТүркияӘмір ТемірҚазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі оқу-ағарту ісіМодаль сөздерАбай облысыҚасым ханСәбит Мұқанұлы МұқановАсан қайғы СәбитұлыҚаңлыларАминдерНағашыЭрих Мария РемаркТыныс белгілеріШанхай Ынтымақтастық ҰйымыСинонимАқбілек (роман)ЖалайырМал атауларыКөзАтмосфераНоғай ордасыҚазақстан және дүниежүзілік қауымдастықМіржақып ДулатұлыАрал теңізіШвейцарияДанияМағжан Бекенұлы ЖұмабаевЫбырай АлтынсаринМетонимияРобототехникаҚұрсақ тойЕсімшеАдам даму индексіДебатҚазақстан халқыСарыарқа (Солтүстік Қазақ жазығы)Түркістан автономиясыҚазақша УикипедияШөмекейКонъюнктивитСаясат НұрбекҮстеуҚырғыз руыШоқан Шыңғысұлы УәлихановҒаламшарInstagramУрбанизацияТәттімбет ҚазанғапұлыАс беруТәуке ханШежіреТәңір тауыЗекетКенесары ханЭндокриңді бездерЖылқы1930—1933 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылықҚателік сәждесіДінХристиандықҚарағанды облысыҚазақстан теңгесіҰлы Отан соғысыБайқоңыр (ғарыш айлағы)Наурыз мейрамыМазһаб🡆 More