Жазбаша Айтыс

Жазбаша айтыс — ерте заманда Шығыс поэзиясында, атап айтқанда, араб, парсы, түрік, монғол әдебиеттерінде болған үрдіс.

Осы Шығыс елдерінде көне заманнан келе жатқан айтыс дәстүрі қазақ арасына кең тарады. Бұл құбылыс 20 ғасырдың бас кезінен бастап шықты, оның өзіндік өрнектері бар еді. Жазбаша айтыс ауызша айтыстың қорынан пайда болды, яғни соның заңды жалғасы, бір тарауы сияқты. Жазбаша айтыс сауаттылыққа, отырықшылыққа орай өріс тапты. Сауатты ақындар жұрт алдына шықпай, хат арқылы сөз сайысына түсті. Бұл сайыстың ең етек алған жағы Қазақстанның Оңтүстік өлкесі еді. Мысалы, Молда Мұса мен Манат қыздың хат арқылы айтысы бар. Мұса Байзақов Шығыс сюжеттеріне өлең, дастан жазған кісі. Кейде жазбаша айтыс екі жақ бетпе-бет кездесіп қалғанда ауызшаға айналып кетуі мүмкін. Молда Мұса мен Манат қыздың айтысы солай аяқталған. Жазбаша айтыста ақын әр жайды өлең етпей, бір желінің бойымен жүріп отырады, мұндай айтыста кейде мәдени, тарихи мәліметтер келтіріледі. Жазбаша айтыста ақын асықпай, айтпақ ойын белгілі бір қазыққа байлап айтады. Ауызша айтыста ақындар өлеңді суырып-салма әдісімен табанда шығарса, айтыста ойланып жауап беруге мүмкіндік бар. Мұнда білім, ой тереңдігін байқату жағы басым келеді. 1875 жылы 26 жастан жаңа асқан Молда Мұса Сырым қызға өлеңмен хат жолдайды:

    Ақ бетің ағаш үйге жаққан шамдай,
    Ішіне қараңғы үйдің атқан таңдай.
    Сыртыңнан, Сырым, сенің болдым асық,
    Ерте өткен Бапарым мен Күләндамдай.

Ақын өзі қыранға, қызды ақсұңқарға, асыл тасқа теңейді. Арада бұл хатқа Сыр бойының ақыны Бұдабай араласып, Молда Мұсаға жауап қайтарады. Сөйтіп, жазбаша айтыс басталып кетеді. 1913 жылы Сыр сүлейлері Шораяқтың Омары мен Таубайдың Жүсібі хат арқылы айтысады. Егер ауызша айтысқа екі адам қатысатын болса, жазбаша айтысқа кейде бірнеше ақын араласады, айтыс ұзап кетсе, сырттан біреу тоқтау сөз салып, төрелік айтады. Жазбаша айтысу мәдениеті білімділікті, оқығандықты керек етеді дедік. Соған бір мысал ретінде Таубайдың Жүсібінің екі араға делдалдық сөз айтып жүрген Ыбырашқа жазған жауабында "әбият", "назым", "ғазал", "бәйіт", "мұхаммас" деген Шығыс поэзиясының бес термині кездеседі. Сыр бойының жазып айтысқан ақындары көбінесе ғазел үлгісін жиі қолданған.

Жұмбақтап жазып айтысу әдісі де бар. Оған Тұрмағамбет Ізтілеуовтің Шәді Жәңгіровке он бір буынмен жазған жұмбақ өлеңін айтуға болады. Шәді жұмбақты шешіп, өлеңмен шешуін қайтарады. Ал, Ырысты мен он алты ақынның айтысы да жазу түрінде хатқа түскен айтыс. Мұнда қара өлең формасы мен ғазал араласып келеді. Ырысты мен он алты ақын адамгершілік, ізгілік, еңбек, әділдік, махаббат жайлы толғайды. Жазбаша айтыс өнері кейінгі заман тұсында да тоқтап қалған жоқ, үрдісі жалғасып келе жатқан өнердің бірі. Қалиқан Алтынбаевтың, Жақсылық Сәтібековтің, Мағираш Сәрікованың, Шекербек Садыхановтың, Ақұштап Бақтыгереева мен Жұмаш Сомжүрековтің жазбаша айтыстары осыған дәлел бола алады.

Дереккөздер

Tags:

1875 жыл20 ғасырАйтысОтырықшылықПоэзияСауаттылықШығыс өркениетӘдебиет

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Әуе шарыТері ауруларыТәңір тауыКенесары ханМикроэлементтерҚазақ газетіҚазақстанның мұнай өнеркәсібіКонсументтерҚұрмалас сөйлемКөлік1920-30 жылдарындағы Қазақстан әдебиеті мен өнеріСібір темір жолыНаурыз мейрамыЛатын АмерикасыТемекіНашақорлықҚадыр Мырза ӘліМемлекет астаналары тізіміКеңестік кезеңдегі Қазақстан тарихнамасыКүй аңызы (әңгіме)Киіз үй құрылысыГеографияШыңғыс ханТолеранттықАқбөкенСиэтл СаундерсӘскери қақтығысҚазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі оқу-ағарту ісіҰялы байланысЕтеккірЖай сөйлемӨкпеМұнайҚұқықБәйтерек (монумент)Қазақ кеңес әдебиеті мен өнерінің қалыптасуыЮрий Алексеевич ГагаринЕрлан Жүніс1930—1933 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылықЗәр шығару жүйесіШұғаның белгісіЕтістіктің шақ категориясы — іс-әрекетЭкономикаСаңырауқұлақтарҚазақ руларыҚола дәуіріЖүсіп БаласағұниАбиссина (мысық)Бұрындық ханШығыс АзияМұнай экспорттаушы елдер ұйымыГеометрияҒылыми-техникалық революцияБатыс-Сібір генерал-губернаторлығыТрансформаторМұнай өнеркәсібіБуылтық құрттарБөкей ОрдасыЗекетҚазақстан теңгесіАристотельТарауих намазыБиоценозПітір садақаСөз табыШолпан (ғаламшар)ҚарлығаштарМұхтар ШахановҰшқан ұя (повесть)Қазақстан экономикасыГастритЖалаң сөйлемСөйлемЭкологиялық проблемаҮтірӘбіш КекілбайұлыҚожа Ахмет Ясауи кесенесі🡆 More