Айна

Айна, оптикалық — беті тегіс, жарық сәулесін шағылдыратын және нәрсенің оптикалық кескінін беретін шыны немесе металл дене.

Айна

Айнадан жарық сәулесі түсу және шағылу бұрышының тепе-теңдігін сақтай отырып шағылады. Айна арқылы денелердің оптикалық кескіні алынады және ол кескіндердің орны геометриялық оптика заңдары бойынша анықталады. Ең көп тараған түрі — оптикалық жазық айна. Сондай-ақ оптикалық жүйелерде сфералық,параболалық, эллипсоидтық т.б. шағылдырғыш беттері бар дөңес және ойыс айналар да қолданылады.
Айна бетінің пішіні математикалық жағынан неғұрлым дұрыс болған сайын, олардың сапасы солғұрлым жоғары болып келеді. Айнаның шағылдырғыш бетінің тегіс еместігі (микробұдырлығы) жарық толқыны ұзындығымен салыстырғанда аз болуы керек. Жазық емес айналардың барлығына абберация құбылысы тән. Жазық айна — абберациясыз кескін бере алатын жалғыз оптикалық жүйе. Жазық емес айнадағы дененің орны мен кескіні мына қатынас бойынша анықталады: 1/s + 1/s! = 2/r, мұндағы r — қисықтық радиусы, s — айна төбесінен денеге дейінгі, ал s! — айна төбесінен дене кескініне дейінгі қашықтық. Бұл қатынас айнаның оптикалық осі мен айнаға түскен жарық сәулесі арасындағы бұрыштың шамасы өте аз болған жағдайда ғана орындалады. Айна астрономиялық (айналы телескоптарда), спектрлік, жарықтандырғыш құралдарда (прожекторларда, фарларда т.б.), сондай-ақ ультрадыбыстық аппаратуралар мен күнделікті тұрмыста кеңінен қолданылады.

Айнаны ылғал қабырғаға ілсе оның бетінде қоңыр дақтар пайда болады. Оны тазалап, бетін жалтырату үшін «Акноль», «Быстрый», «Свет», «Нитхинол», «Нитхинол-1» және «Бло», «Миг» концентраттары қолданылады. Кейбір қоспалы өзіңің дайындап ала аласыз: 1 ас қасық ұнтақталған бор (немесе тіс тазартатын порошок) мен 1 ас қасық сірке суын (уксусты) 1 стакан суға қосып, жақсылан араластырады. Осы қоспаны ысытып, одан кейін шамалы уақыт суытып, тұндырады. Содан соң бетіндегі суын төгіп тастайды да, қалған қоюымен айнаны тазалайды. Осындай мөлшерде бор мен мұсатыр спиртінен дайындалған қоспамен де айнаны тазалауға болады. Осыдан кейін айнаның бетін жұмсақ қағазбен сүрту керек.

Айнагеодезиялық және маркшейдерлік аспап аспаптарда жарық сәулесін шағылдыру үшін қолданылатын, беті күміс, алюминий немесе күрделі жарық шағылдырғышпен жабылған жазық параллель тілімше түріндегі оптикалық тетік.

Алғашқы айналар қола дәуіріне жатады. Олар күміс, мыс немесе қоладан жасалды. Кейінірек олар шыныдан айналар жасай бастады, оның артқы бетіне қалайы, алтын немесе күміс және қатты сынап қорытпаларының жұқа қабаты жағылады.

Дереккөздер


Tags:

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қазақстан демографиясы1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісДінҒарышТынымбай НұрмағамбетовӘбілхайыр хандығыДевианттық мінез-құлықКүйФранцияӨзбекстанБақытсыз ЖамалҚорғансыздың күні (әңгіме)Қазақстан Ресейдегі 1905-1907 жылдардағы революция кезіндеФилософияӘуе көлігіТуризмҰялы байланысХимиялық элементтердің периодтық жүйесіАлкандарРедуценттерДомбыраҚорықтарТемекіКөксерек (әңгіме)Төле би1921-1922 жылдардағы ашаршылықҚазақстандағы транспортМіржақып ДулатұлыТеатрҚазақстандағы туризмАустралияБразилияҚазақстан өзендеріҚазақ мәдениетіАлкендерМемлекет астаналары тізіміБейорганикалық заттарБауыр (орган)ШеңберӨмірзая (роман)КремнийҚажымұқан МұңайтпасұлыТемірқазықҚазақстан қорықтарының тізіміАннотацияДраматургияГерманияОрталық ҚазақстанМөде қағанҚұбыр желісіЮпитерҚазан төңкерісіТұрақты сөз тіркесіТоғыз-құмалақАққуларБастауышМақал-мәтелдерСаяси тұрақтылықМитозҚазыбек биАҚШ штаттарының тізіміАзамат соғысыШыңғыс Төреқұлұлы АйтматовАсқазан ауруларыТрансформаторҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыПанамаӘбіш КекілбайұлыКүн (жұлдыз)Түрік қағанатыҰлы Отан соғысыЭкологиялық жүйеСабақтас құрмалас сөйлемАлтынҚола дәуіріӨртЖанқожа НұрмұхамедұлыАурухана ішілік инфекцияӘн-Нас сүресі🡆 More