Wordpress

Үлгі:Pp-move-indef

WordPress
Wordpress
Пайда болды 27.05.2003
Бағдарламалық жасақтама дамытушысы WordPress Foundation
Теру жүйесі Блог, Content Management System, Content Management Framework
Бағдарламалық жасақтама лицензиясы GNU GPLv2+
Веб-сайты wordpress.org

WordPress — GNU GPL лицензиясы аясында таратылатын, қайнар коды ашық, сайт контентін басқару жүйесі (CMS). PHP-де жазылған, дерекқор ретінде MySQL қолданады. Қолдану аясы — блогтардан бастап күрделі жаңалык порталдарына дейін сонымен қоса интернет-дүкен жасауға да болады. Қоса салынған «тақырыптар» және «қондырмалар» жүйесімен бірге сәтті архитектура кез келген жоба құруға мүмкіндік береді.

Мүмкіндіктер

  • сыртқы бағадарламалар және қызметтер арқылы жариялау;
  • оңай орнатып, теңшелеу;
  • RSS, Atom, trackback, pingback қолдайды;
  • кодпен әрекеттесеттін бірегей оңай жүйесі бар қосылатын модульдер (қондырмалар);
  • «тақырыптарды» қолдау, тез әрі оңай түрде сайт көрінісін және деректер еңгізу тәсілдерін өзгерту;
  • «тақырыптар» PHP-де жазылған файл-үлгілер жинағы түрінде жазылған, сондықтан бұл жылдамдыққа жақсы әсерін тигізеді;
  • көптеген «тақырыптар» және «қондырмалар» кітапханасы;
  • архитектура потенциалы күрделі жобаларды жасауға мүмкіндік береді;
  • адам түсінетін сілтемелер;
  • қазақша аудармасы бар.

Нұсқалар тарихы

Нұсқа Кодты атауы Шығарылым күні Өзгерістер
0.70 27 мамыр 2003 Алғашқы нұсқа
1.2 Mingus 22 мамыр 2004 Плагинді қолдау
1.5 Strayhorn 17 ақпан 2005 Kubrick жаңа қалыбы. Беттерді және қалыптарды басқару.
2.0 Duke 31 желтоқсан 2005 Жаңа әкімшілік панелі, Сурет жүктеу.
2.1 Ella 22 қаңтар 2007 Интерфейс қайта жасалды, Өңдеуге автосақтау мен қате тексеру қосылды.
2.2 Getz 16 мамыр 2007 Виджетті қолдау
2.3 Dexter 24 қыркүйек 2007 Кілтсөздерді қолдау, Жаңарту туралы құлақтандыру. Atom-ды қолдау.
2.5 Brecker 29 наурыз 2008 Жаңа әкімшілік панелі
2.6 Tyner 15 шілде 2008 Өзгерістерді бақылау функциясы
2.7 Coltrane 11 желтоқсан 2008 Әкімшілік панелі толық өзгерді. Автоматты түрде жаңарту қосылды.
2.8 Baker 10 маусым 2009 Басқару панелінен қалыптарды басқару. Виджеттер интерфейсі жақсартылды.
2.9 Carmen 19 желтоқсан 2009 Графикалық өңдеу орнатылды. Плагинді жаңарту қалтасы.
3.0 Thelonious 17 маусым 2010 Жаңа қалыпты тақырып. Әкімшінің жаңа интерфейсі.
3.1 Reinhardt 23 ақпан 2011 AdiminBar қосылды.
3.2 Gershwin 4 шілде 2011 Жұмыс жасау жылдамдығы артты. Internet Explorer 6 қолдауы тоқтады.
3.3 Sonny 12 желтоқсан 2011 Планшеттік компьютермен жұмыс жасау жақсарды.
3.4 Grant 13 маусым 2012 Twitter-мен қосылды. Тақырып баптауы жетілдірілді.
3.5 Elvin 11 желтоқсан 2012 Жазбаға сурет жүктеу функциясы жаңарды.
3.6 Oscar 01 тамыз 2013 Жаңа қалыпты тақырып Twenty Thirteen. Дыбыстық және бейне жабалар қосу.
3.7 Basie 24 қазан 2013
3.8 Parker 12 желтоқсан 2013 Сайт әкімшісінің жаңа панелі. Жаңа қалыпты тақырып Twenty Fourteen.
3.9 Smith 16 сәуір 2014
4.0 Benny 04 қыркүйек 2014
4.1 Dinah 18 желтоқсан 2014 Жаңа қалыпты тақырып Twenty Fifteen.
4.2 Powell 23 сәуір 2015
4.3 Billie 18 тамыз 2015 Құпия сөз-бен жұмыс жасау жақсарды. Жазба өңдеуінде автоалмастыру қосылды. 180 қателік түзетілді.

Тарихы

12 маусым 2001 жылда Michel Valdrighi b2 «движок» әзірлемесін бастады, кейіннен жобаға Matt Mullenweg және Mike Little қосылды. Ал 2003 жылы b2/cafelog ресми жалғасы ретінде WordPress шықты.

Жүлделер

2007 ж. — Packt жеңімпазы, Open Source CMS Award. 2009 ж. — ең үздік, Open Source CMS Award. 2010 ж. — «CMS мәртебе залы» санаты жеңімпазы, Open Source Awards. 2011 ж. — жылдық The Critters конкурсында жыл ашық веб-бағдарламасы жүйесі.

Tags:

Wordpress МүмкіндіктерWordpress Нұсқалар тарихыWordpress ТарихыWordpress ЖүлделерWordpress

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

МерезҚазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріКүкірт қышқылыТранспортирЖүйке жүйесіҚазақ хандарыҚой шаруашылығыШымкентБұрыш (геометрия)Жұқпалы ауруларАИВ/ЖИТСФранцияКенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысҚазақстан әкімшілік бірліктеріМұнайШайтанкөлӨсімдіктерҮстеуҚазақстан астанасыМонархияАс қорыту жүйесіҚазақтың ұлттық ойындарының тізіміПартеногенезҚазақстан экономикасының тарихыАзаматтық іс жүргізу құқығыИсламЖүсіп БаласағұниБатыс ҚазақстанЖүктілікӨлсем, орным қара жер, сыз болмай ма?..Осип Андреевич ИгельстромБірінші дүниежүзілік соғысҚабанбай батырАлаш партиясының бағдарламасыМезозойЖоғары молекулалы қосылыстарМұхтар Омарханұлы ӘуезовПлагиатБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қант қызылшасыАдам қаңқасыТабиғатты пайдалану мен қорғау негіздеріАктинҚозғалыс (зат)Қазақстанда генетика және селекция ғылымдарының дамуыКөмірсутекТемекіКиіз үйБиосфераДамушы елдерЖайылма сөйлемТоғыз-құмалақАқтабан шұбырындыPythonБейімбет Жармағамбетұлы МайлинӘлия Нұрмұхамедқызы МолдағұловаАнықтауышАлаш партиясыӘсет НайманбайұлыЖануарлар түрінің сан алуандығы. Жануарларды жіктеуЭкологиялық жүйеГаз өнеркәсібіОрыс асханасыҰрықтануХХ ғасырдың 20-30-жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық және қоғамдық-саяси, мәдени жағдайыКарл ЛиннейНегіздерҚазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніҚарлығаштарАйдын Ақанұлы АйымбетовЖіктік жалғауКөне түркі жазбаларыПневмонияДыбысНафтаШығыс Қазақстан облысыЗәр шығару жүйесіҚазақстандағы көмірҚоректік тізбек🡆 More