Блог (ағылш.
Блогшы деп блог жетекшілерін атайды. Ғаламтордағы барлық блогтар жиынтығын блогосфера дейді.
Авторлық құрамына байланысты блогтар топтық және дербес (корпоративтік, клубтық) және қоғамық (ашық) болып бөлінеді. Құрамы бойынша - тематикалық және бірегей. Блог қолданушыларға бір тақырыпқа өз пікірлерін (комментарийлерді) қалдыру блогтарға тән қасиеті бар. Ол блогтарды желілік қарым-қатынас ортасын істейді және оның чат, веб-форум, жаңалықтар тобы және электронды поштасынан біршама артылықшылықтары болады.
Көп жағдайда дербес блогтар жеке сипатқа ие болады. Бірақ коллективтік және корпоративтік орталардағыдай дербес блог орталарының мамандырылған, яғни белгілі бір өмір сфераларына арналған блогтар болады:
Блогтарды оқу мен авторлық – мазмұны бойынша екі әртүрлі процесс деп есептеу керек. Өзінің жеке блогынан тыс контекст жүргізу блогтарының коммуникативтік мүмкіндіктерімен пайдаланатын адамдар, тікелей байланысуға мүмкіндіктері жоқ адамдармен, мысалы, басқа қалаларда тұратын жолдастармен, қарым-қатынастарды белгілейді. Блогтарда пайдаланылатын хабарламалардың альтернативтік экономикасы, қарым-қатынастың мұндай формасын ыңғайлы етеді, өйткені ол міндетті өз аралығын және «бірде-бір» шектелген қарым-қатынастарды қарастырады.
Евгений Горный өз баспасында туыстармен байланысты қолдаудан басқа мақсаттарды да анықтаған:
2005 жылы жүргізілген Livejournal блогтерлердің сауалнамасы іс жүзінде, блогтардың келесі функциялары ерекшеленген.
Коммуникативтік функция кең түрде таралған. Көптеген блогерлер айтуы бойынша, олар блогтарды қызықты адамдармен қарым-қатынас жүргізу үшін оқиды немесе жүргізеді деп айтады. Ең алдымен ол өз ойын көпшілік есту үшін айту мүмкіндігі. Ондаған таныстарға өзінің қала шетінде тұрған саябаққа барғаны туралы айтудың мағынасы неде? Егер оны блогта сипаттап, суретті сипаттау мүмкіндігі болғанда. Олардың әрқайсысы ол туралы олар үшін ыңғайлы уақытта оқи алады. Бірақ мұндай жағдай қарама-қарсы проблемаларды туғызады. Яғни, екі блогерлердің нақты өмірде кездескен кезде олардың фантазиясы болмай, олармен әңгімелесуі қызықтырмайтын кезде.
Бірнеше респонденттер басында дербес сайтты құруды ойлаған, бірақ блогты жүргізуі қанша жеңіл болғандықтан, бұл ақпаратты баяндау өз жайлы болды. Авторлардың шығармашылығын талқылау және баспаға шығаруға арналған блогтар кластары бар, бірақ кәдімгі күнделіктің де автордың дербестілігі туралы ақпараты бар. Көптеген блогерлер «басқалар мені оқу үшін күнделікті жүргіземін» деп айта алады.
Көптеген адамдар блогтарды жүргізіп, блогты оқуды және комментарийлерді талқылауды көңіл көтеру уақыты ретінде пайдаланады. Әсіресе, егер олар интернеттен басқа көңіл көтеру құралдарынан шектеліп, бос уақыты көп болған кезде. Кейбір пайдаланушылар блогтарды бос уақытты өткізу үшін пайдаланады, ал басқалары, керісінше, уақыт жетіспеушілікке байланысты толық қарым-қатынас үшін пайдаланады.
Әдеттегі күнделік сияқты , блог жаңа функциялардан басқа мемуаллар функциялар жүргізуші ретінде бола алады. Ол болшақта пайда болатын белгілі бір жазу орны болып табылада.Бұл функцияны пайдаланатын респонденттер, күнделікті өз үшін пайдаланады беп айтады. Яғни, белгілі бір оқиғаны ұмытпас үшін, оны жазып, кейінірек оны оқу мақсатында жүргізеді.
Блогерлердің өзге «МЕН» сипатын құрастыруға мүмкіндік берумен байланысты функция. Кейбіреулері күнделіктің жариялылығы оны әрі қарай жүргізуді мәжбүр еткізеді, сонымен қатар өзінің ойларын дұрыс құрастыруды үйренуге мүмкіндік береді, бұл жағдай олармен болған оқиғаларды жақсы түсінуге көмектеседі.
Блогтың психотерапевтік функциялары еске салуы кездеседі. Ол алдын-ала болжанған немесе эмоцияларды сыртқа шығару, қияларды айту, жүйке жүйесін қалпына келтіру, жазуларын жүргізу процесінде негізделген. Дәстүрлі кунделіктің бұл функциясы көптеген авторлармен айтылып және ол жаңа формаға және жаңа мүмкіндіктерге ие болуы мүмкін. Егер livejournal пайдалунышалрдың қоғамдастықтағы тұрақты диалогтар мазмұнын қарастыратын болсақ, бұндай транзакциялар қарым-қатынастың ең танымал формасы болып табылады, бір тұтынушы өмірге шағымдалса, онда басқалары оны жұбауратады.
•1992 жылы Тим Бендерс-Ли парағын «Washington Profile» газеті ең бірінші блог деп санайды.
•1996 жылы блогтардың кең таралуы болды.
•1999 жылының тамызында Сан-Франциско қаласындағы Pyra Labs компьютерлік компаниясы Blogger сайтын ашты. Бұл ең бірінші тегін блогтық жүйе болып саналды. Содан кейін 2003 жылдың ақпанында Google компаниясы Blogger-ді сатып алды.
•Ақпараттың төгілудің қайнар көзін ашуға талап еткен және компанияның ресми түрде жарияланбаған тауарлары туралы айтқаны үшін 2004 жылы блогерлерді сотқа берген Apple компаниясы екі жылдан соң сот процесінен жеңілді. Тілшілер секілді, ақпараттардың қайнар көзін жария етпеу туралы блогерлердің де құқықтары бар екендігін 2006 жылы сот шешімі қабылданды.
Блогтың негізгі сипаттары:
Блогтардың шектеулері және техникалық мүмкіндіктері, желілік технологиялардың ортақ толығымен анықталады. Бағдарламалық қамсызданудың бар болуы блогты жүргізуді жорамалдайды да, «Бүкіләлемдік торда» кәдімгі қолданушының жаңа жазуларды енгізуге мүмкіндік береді. Жүйенің мазмұнымен басқарудың жеке түрі және бұл бағдарламалық қамсыздандыру блогтың «қоғалтқышы» болып саналады.
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Блог, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.