Stray Kids: Кореялық ерлер пұттары тобы

Stray Kids — 2017 жылы Оңтүстік Кореядан топтың атымен аттас реалити-шоу арқасында JYP Entertainment компаниясынан шыққан бой-бэнд.

Топта барлығы 8 адам: Бан Чан, Ли Ноу, Чанбин, Хёнджин, Хан, Феликс, Сынмин және I.N. Алғашқы шағын-альбомы 2018 жылы жарық көрсе, ресми бастамасы (дебют) 25 наурызда I Am Not альбомымен өтті.

Stray Kids
логотипі
суреті
Stray Kids 2018 жылы сәуірде өткен Music Bank бағдарламасында
Солдан оңға қарай: Ли Ноу, Хёнджин, Бан Чан, Феликс, Сынмин, I.N, Чанбин, Хан
Негізгі ақпарат
Жанрлары

K-pop
Хип-хоп
Электрондық музыка

Белсенділік
жылдары

2017-қазіргі уақыт

Мемлекет

Корея Республикасы

Қайдан

Сеул

Лейблі

JYP Entertainment

Топ құрамы


Бан Чан
Ли Ноу
Чанбин
Хёнджин
Хан
Феликс
Сынмин
I.N

Басқа да
жобалары

3RACHA

straykids.jype.com

Карьера

2017: Реалити-шоу

2017 жылдың тамыз айында JYP Entertainment (JYPE) жаңа реалити-шоу нәтижесінде ерлер тобы дебют жасайды деп жариялаған. Көбірек ақпарат пен жоба атауы келесі 2 ай ішінде белгілі болды. 17 қазанда өтетін премьераға дейін JYPE "Hellevator" өлеңіне топтың бірінші бейне клипін түсірді.

Бірінші көрсетілім 17 қазанда өтті және әрбір эпизодта бір қатысушыдан шығарып тастап отырылды. Ең бірінші болып Ли Ноу шығарылды, оның артынан Феликс. Соңғы эпизодта көпшіліктің басым бөлігі (96%) топтың 9 адамнан тұрғанын қалағандықтан, Пак Джин Ён топтың толықтай 9 қатысушыдан құралатынын айтты.

2018: Mixtape

Stray Kids-тің ресми сайтының іске қосылуымен қатар JYP Entertainment пре-дебют шағын Mixtape альбомын көпшілікке таныстырып кетті. Бар 7 әнді топ мүшелері бірігіп құрастырған. Mixtape пен "Grr" өлеңінің би нұсқасы 8 қаңтарда шықса, "Young Wings" өлеңінің би нұсқасы бір апта кеш. Mixtape Gaon альбом тізімі мен Billboard әлемдік альбомдар тізімінде 2 орынға ие болды.

2018: I Am Not

5 наурызда Stray Kids-тің Unveil: Op. 01: I Am Not атты шоукейсі Сеулдағы Jangchung аренасында 25 наурызда өтетіні жайлы белгілі болды. Келесі күні бастаманың шағын-альбомына релиз өтті. Дәл сол күні "District 9" әнінің клипі шығарылды. 24 сағат ішінде 4 274 649 көрілім жинап, ертеректе Wanna One қойған рекордты жаңартты. 30 наурызда "Grow Up"-қа, ал 23 сәуірде "Mirror"-ға клип түсірілген болатын.

2018: I Am Who

12 шілдеде JYPE Unveil: Op. 02: I Am Who шоукейсі жайында хабарлады. 6 тамызда Stray Kids-тің қайта оралуы (камбэк) екінші "I Am Who" атты шағын-альбомымен Kyung Hee университетінде өтті. Алғашқы тәулікте 7 000 000 көрілім жинаған "My Pace" топтың үздік нәтижесіне, әрі корей әртістерінің арасында 24 сағат ішіндегі 17 жиі қаралатын бейнеге айналды.

2018: I Am You

4 қазанда JYPE үшінші шоукейстің атауын жариялады. Unveil: Op. 03: I Am You 22 қазанда Olympic Hall-да өтті де, келесі күні альбомның релизі болды.

2019: Clé 1: Miroh

Топтың бастамасының 1 жылдық мерейтойына арнап JYPE Stray Kids-тің 26 наурызда үшінші камбэк өтетінін 5 наурызда жариялады.

Қосымша жетістіктері

2018 жылы 14 сәуірде Stray Kids Жапонияда өткен KCON музыкалық фестивалінде өнерін көрсетті. Бұл олардың дебюттан кейін бірінші рет шетелдік сахнаға шығуы еді.

Музыкадан бөлек жетістіктері

Ресми бастамаға дейін Stray Kids мүшесі 2018 жылы 13 ақпанда өтетін Jambangee Jeans кампаниясының көктемгі топтамасын қолдау үшін модельдер ретінде таңдалды. 26 маусымда Ivy Club кампаниясының күзгі топтамасына эксклюзивті модельдер ретінде алынды. 19 шілдеде Minute Maid Sparkling-мен бірге алғашқы ақша ағынын (кэш флоу) алды. 5 күннен кейін 24 шілде мен 31 тамыз аралығында CGV "Youth Brand Festival"-ға жарнамалық модельдер ретінде шақырылды. 19 қыркүйекте Stray Kids Lotte Duty Free-дің елшілері болып тағайындалды. Бұл ақпарат Lotte Duty Free-дің ресми инстаграм желісі мен ютубта жарияланды. 16 қазанда SK “Pro-Specs” кореялық спорт киімдерінің жаңа модельдері атанды.

Топ мүшелері

Лақап аты Шын есімі Туған күні Топтағы орны
Қазақша Хангыль Қазақша Хангыль
Бан Чан 방찬 Бан Чан 방찬 03.10.1997 Лидер, жетекші әнші, рэпер, продюсер
Уджин 우진 Ким У Джин 김우진 08.04.1997 Бас әнші
Ли Ноу 리노 Ли Мин Хо 이민호 25.10.1998 Бас биші, рэпер, саб-әнші
Чанбин 창빈 Со Чан Бин 서창빈 11.08.1999 Бас рэпер, саб-әнші, продюсер
Хёнджин 현진 Хван Хён Джин 황현진 20.03.2000 Жетекші рэпер, жетекші биші, саб-әнші, вижуал
Хан Хан Джисон 한지성 14.09.2000 Бас рэпер, әнші, продюсер
Феликс 필릭스 Ли Феликс 이필릭스 15.09.2000 Жетекші биші, жетекші рэпер, саб-әнші
Сынмин 승민 Ким Сын Мин 김승민 22.09.2000 Жетекші әнші
I.N 아이엔 Ян Чо Нин 양정인 08.02.2001 Әнші, кенже

Фильмография

Жыл Атауы Эпизод саны
2017 Stray Kids 10
2018 The 9th(Тоғызыншы) 4
Intro: I Am Not(Кіріспе: Мен Емес) 2
SK-Talker(SK-сөзқұмарлар) 7
The 9th: Season 2 5
Intro: I Am Who(Кіріспе: Мен Кім) 2
Stray Kids Amigo TV 3
Two Kids Room(Екі бала бөлмесі) 10
SKZ-Talker(SK-сөзқұмарлар) 15
SKZ Honey-tips(SKZ тәтті кеңестер) 4
The 9th: Season 3 3
Stray Directors 1
Intro: I Am You(Кіріспе: Мен - Сен) 1
Two Kids Room Vol. 2 10
SKZ & SKZ 5
2019 The 9th: Season 4 5
SKZ-Talker Go!(SK-сөзқұмарлар, алға!) 4
Finding Stray Kids(SK ізделінуде) 7
Two Kids Room Vol. 3 10

Марапаттар мен номинациялар

Жыл Номинациялар Қатысушы Нәтиже
Asia Artist Awards
2018 Әйгілілік марапаты Stray Kids Номинацияланған
Жылдың бастаушысы Жеңіс
Gaon Chart Music Awards
2018 Жылдың жаңа әртісі Stray Kids Жеңіс
Golden Disc Awards
2019 Үздік Жаңа Әртіс Stray Kids Жеңіс
Bonsang дискі I Am Who Номинацияланған
Korea Popular Music Awards
2018 Жылдың бастаушысы Stray Kids Номинацияланған
MBC Plus X Genie Music Awards
2018 Жылдың әртісі Stray Kids Номинацияланған
Ерлер бастаушысы марапаты Жеңіс
Genie Music әйгілілік марапаты Номинацияланған
Melon Music Awards
2018 Жаңа үздік ерлер әртістері Stray Kids Номинацияланған
Mnet Asian Music Awards
2018 Жылдың әртісі Stray Kids Номинацияланған
Жаңа үздік ерлер әртістері Жеңіс
Mwave әлемдік фандардың таңдауы "My Pace" Номинацияланған
Seoul Music Awards
2019 Жылдың бастаушысы Stray Kids Жеңіс
Әйгілілік марапаты Номинацияланған
Ерекше Hallyu марапаты Номинацияланған
Soribada Best K-Music Awards
2018 Жаңа Hallyu бастаушысы марапаты Stray Kids Жеңіс

Халықаралық марапаттар

Жыл Номинация Қатысушы Нәтиже
Teen Choice Awards
2018 Келесі таңдау үлкен іс Stray Kids Номинацияланған

Басқа марапаттар

Жыл Номинация Қатысушы Нәтиже
Korean Brand of the Year Awards
2018 Жылдың ерлер арасындағы бастаушылар марапаты Stray Kids Номинацияланған
Korea First Brand Awards
2019 Ерлер арасындағы бастаушылар марапаты Stray Kids Жеңіс
V Live Awards
2019 ТОП 5 әлемдік бастаушылары Stray Kids Жеңіс
Soompi Awards
2019 Жылдың бастаушылары Stray Kids Күтілуде
2019 Үздік әртіст Stray Kids Күтілуде

Дереккөздер

Tags:

Stray Kids КарьераStray Kids Музыкадан бөлек жетістіктеріStray Kids Топ мүшелеріStray Kids ФильмографияStray Kids Марапаттар мен номинацияларStray Kids ДереккөздерStray Kids

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Электромагниттік индукцияАлаш ОрдаАминқышқылдарҚадыр Мырза ӘліТүйелерТабиғи сұрыптауҚасым ҚайсеновҚазақстанның мұнай өнеркәсібіОрганикалық қосылыстарНафтаАзаматтық іс жүргізу құқығыТемекіҚұрманғазы СағырбайұлыТөле биСәбит Мұқанұлы МұқановАдам қаңқасыАллитерацияГормондарЕрмұхан Бекмаханұлы БекмахановҚимыл-сын бағыныңқылы сабақтас сөйлемАлматыКеңестік Социалистік Республикалар ОдағыАлаш қозғалысыҚазақ хандығының құрылуыХалықаралық еңбектiк миграцияМерезЭмбрионАдам эволюциясының негізгі кезеңдеріБіржан ҚожағұлұлыТөл сөзБақытсыз ЖамалЖелтоқсан көтерілісіне қатысқандар тізіміЖеке еңбек шартыҚант диабетіЭкологиялық пирамидаАрқарҒаламдық мәселелерМұнай өнеркәсібіПалеозойТерроризмОтырарАбай Құнанбайұлының шығармаларыМәншүк Жиенғалиқызы МәметоваХақназар ханСөз табыМорфология (лингвистика)Қабанбай батырЖасанды интеллектСолтүстік Қазақстан облысыКорея РеспубликасыҚажығали МұханбетқалиұлыҚызылша (медицина)СинонимСюрреализмСудың ластануыОрманЖай санСөз таптарыЭндокриндік жүйеТанымал қазақтардың тізіміӨкпеҚарақұмықТың игеруЕуропа одағыӨлсем, орным қара жер, сыз болмай ма?..Әлем елдерінің тізіміӘлкей Хақанұлы МарғұланҚазақстанның пайдалы қазбаларыҚазақстан және БҰҰЭмбриогенезДыбысАқ Орда (мемлекет)Жылқы малының атауларыАралтөбе (көне қорым)ФотосинтезФариза ОңғарсыноваАмерика Құрама ШтаттарыЖай механизм🡆 More