Әскери шен — Қарулы Күштер қатарында қызмет етушілерге әскери мамандығына, қызмет бабына, сіңірген еңбегіне, әскери және арнайы дайындығына, әскери қызмет түрлеріне қарай арнайы берілетін шен.
ҚР Қарулы Күштерінің әскери шені Қазақстан Республикасының “Жалпыға ортақ әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы” (1993 жылы 19 қаңтар және 1995 жылы 14 қараша) заңына сәйкес төмендегідей болып бөлінеді: солдаттар мен матростар — қатардағы солдат, ефрейтор, матрос, аға матрос; сержанттар және старшиналар — кіші сержант, сержант, аға сержант, старшина, 2- және 1-статьялы старшина, бас старшина, корабль бас старшинасы; прапорщиктер мен мичмандар — прапорщик, аға прапорщик, мичман, аға мичман; кіші офицерлер — кіші лейтенант, лейтенант, аға лейтенант, капитан, капитан-лейтенант; аға офицерлер — майор, подполковник, полковник, 3-, 2- және 1-дәрежелі капитан; жоғары шенді офицерлер — генерал-майор, генерал-лейтенант, генерал-полковник, контр-адмирал, вице-адмирал, адмирал, армия генералы және Қазақстан Республикасының Маршалы. Медицина немесе заң саласындағы әскери-есептік мамандықтары бар офицерлердің әскери шеніне “Медицина қызметінің ...”, “Әділет қызметінің ...” деген анықтауыш сөз қосылады. Авиацияның жоғары офицерлер құрамының әскери шеніне “Авиацияның ...” деген сөз қосылады. Ұлан бөлімдерінде, ұлан кемелерінде қызмет ететін әскери қызметшілердің әскери шенінің алдына “Ұланның ...” деген сөз қосылу арқылы ерекше ұландық атақ беріледі. Запастағы азаматтардың әскери шенінің алдына “Запастағы ...”, ал отставкадағылардың атақтарына тиісінше “Отставкадағы ...” деген сөз қосылады. Жоғары шенді офицерлер құрамына әскери шенді ҚР Президенті береді. Басқа әскери шен беру тәртібі әскери қызмет атқару туралы арнайы нұсқауларда көрсетілген. Әскери қызметшілер мен әскери міндеттілердің әскери шені ҚР Қарулы Күштерінің жалпы әскери жарғысы мен әскери қызмет атқару туралы нұсқауларда көрсетілген тәртіп бойынша алынып тасталуы немесе қалпына келтірілуі мүмкін.
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Әскери шен, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.