Құсу

Құсу, (vomіtus, emesіs) — асқазан ішіндегі заттардың ауыз арқылы еріксіз кері шығарылуын туғызатын күрделі рефлекторлық қозғалыс.

Терең дем алғанда көк ет босаңсып, көмекей қақпақшасы төмен түсіп, жұмсақ таңдайдың көтерілуінен құсық тыныс жолдарына түспейді. Мидың Құсу орталығында орналасқан хеморецептив аймағының тітіркенуінен құрсақ, кеуде бұлшық еттері жиырылады да асқазан қысқарып, оның өңешпен жалғасқан бөлігі кеңінен ашылып, құсықтың сыртқа шығуын қамтамасыз етеді.

Құсу ми қабығының қабынуынан (менингит, энцефалит), психикалық жағдайлар (истерия), организмде зат алмасу процесінің бұзылуы (уремия), қант диабетінің асқынуы (ацетонемия), иіс тию, улану, т.б., сондай-ақ, жүктілік кезінде де болады. Құсу арқылы организм зиянды заттардан тазарады. Егер Құсу тоқтамай, қайталана берсе, организмдегі судың азаюына (дегидратация, гиповолемия), натрий, хлор, калий тұздарының концентрациясының азаюына (гипонатриемия, т.б.), яғни зат алмасу процесінің бұзылуына әкеледі. Бұл жағдай жүрек-қантамыр, бүйрек, бауыр ауруларына әкелуі мүмкін. Сондай-ақ, асқазан-өңештен көп қан кеткенде де құсудың асқынуы байқалады.

Құсу жас балалар мен қарт адамдар үшін өте қауіпті. Себебі оларда аспирация (тыныс жолдарының құсықпен бітелуі) жиі кездеседі. Емі: уланғанда асқазанды жуу, дезинтоксикалық әрекеттер (тамырға әр түрлі сұйық дәрілер құю) жасау. Құсуды тоқтататын дәрілер (аминазин, этоперазин, мотилиум, димедрол, тавегил, супрастин, т.б.) пайдаланылады. Асқынған жағдайда хирургиялық операция жасалады.

Дереккөздер


Tags:

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ФранцияТоталитаризмСұлтанмахмұт ТорайғыровЕкінші жалпықазақ съезіСаңырауқұлақтарЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміЕуропа мемлекеттерінің және тәуелді аймақтарының тізіміҚатерлі ісікДефектологияЭпитетБактерияларҚарахан мемлекетіҚожа Ахмет Ясауи кесенесіҚазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік РеспубликасыЖұмабай ШаяхметовҚазақ тіліТың игеруҚазақ халқының өлім-жітім жөнелту салтыҚарлұқ қағанатыПысықтауышҚан топтарыМемлекет астаналары тізіміӘл-Ихлас сүресіМіржақып ДулатұлыЖасыл балдырларЖұмабек Ахметұлы ТәшеновМастопатияОңтүстік ҚазақстанРевматизмАдайЕркіндік1921-1922 жылдардағы ашаршылықЖатыр мойны эрозиясыЖүрек-қан тамырлар ауруларының алдын алуЖанрЖол белгілеріТеатрБалдырАфрикаЭндокриңді бездерҚазақстан Ресейдегі 1905-1907 жылдардағы революция кезіндеСалықApple Inc.ЖерШала түрленіп дамитындарҚызылордаАбылай ханТуберкулезОвуляцияФариза ОңғарсыноваБатыс Қазақстан облысыСауд АрабиясыКөсемшеҚазақстан Республикасы Қарулы КүштеріЭссеМоральАсан қайғы СәбитұлыЛизосомаРеформацияҚазақстандағы сауда және жәрмеңкелер1930—1933 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылықПсихологияГепатитЖүрек ауруларыКүкіртӨкпе обырыАсық ойыныАралық миГормондарАлаш партиясыАнаэробтарҚазақстан Парламентінің СенатыАуаРамазан (ай)Жусан иісі (повесть)ИнсультЖұлын🡆 More