Қызғыш

Қызғыш (лат.

Қызғыш
Қызғыш

Амандық күйі
Қызғыш
Least Concern (IUCN3.1)
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Құстар
Сабы: Татреңтәрізділер
Тұқымдасы: Charadriidae
Тегі: Vanellus
Түрі: V. vanellus
Екі-есімді атауы
Vanellus vanellus
(Линней, 1758)
Ареал: көк=қыста және ұшып өткен кезде, сары=ұялайтын, жасыл=екеуі де, жыл бойы
Ареал: көк=қыста және ұшып өткен кезде, сары=ұялайтын, жасыл=екеуі де, жыл бойы
Синонимдері

Tringa vanellus Линней, 1758

Қызғыш
Vanellus vanellus

Қазақстанның барлық өңірінде кездеседі (шөлді жерлерде тіршілік етпейді). Дене тұрқы 30 см-дей, салмағы 200 г. Жон арқасы мен жемсауы қара қоңыр, бауыры ақ түсті. Желкесінде жіңішке қауырсындардан тұратын айдары бар. Қызғыш — жыл құсы. Наурызсәуірде ұшып келіп, су маңындағы шалғынға және батпақты жерлерге құрғақ шөп төсеп, шұқырлап ұя салады. Қошқыл дақты 4 жұмыртқасын мекиені мен қоразы кезектесіп шайқап, 24 — 29 күнде балапан шығарады. Сондықтан “Қызғыштай қору” деген сөз тіркесі осыған байланысты шыққан. Қазан — қараша айларында қыстау үшін Азияның оңтүстігінене ұшып кетеді. Қызғыштар жәндіктермен және олардың дернәсілдерімен, жауын құртымен, ұсақ қоңыздармен қоректенеді.

Сипаттамасы

Қышғыш-жоны қан қызыл жарқылды қошқыл металдай жалтырыған жасыл реңді, біршама ірі денелі (180-250г, қанатының алымы- 72 см шанасында ) балшықшы құс. Қанаты дөңгеленген жиекті, күлгін жарқылды тұтас қара теңді болып келеді. Бастың екі жағы және мойнының сырт жағы- ақ, тамағының алдынғы бөлігі, бастың беткі бөлігі және бөтегесі - қара. Бауыры, қапталдары және қолтық ойындысы-ақ. Құйрықүсті және құйрықасты сары түсті. Құйрығы ақ, құйрық ұшы қара жолақпен көмкерілген. Басында жіңішке қара айдары болады. Аналығы аталығына ұқсас, алайда қанаттары едәуір жалпақ және тамағы мен бөтегесі ақ қауырсынды болып келеді.

Мекені

Қызғыш Еуразияда кеңінен орын тепкен. Қазақстанда сусыз кең жазира шөлден басқа жерлердің барлығына таралған. Ылғалды биотопты ұнатады. Сиретілген топпен ұялайды. Бұл ұжымдаса тыныштық сақтауға септігін тигізеді. Аздап тыныштық бұзылса, қызғыштар, « қыз-ғы, қыз-ғы» деп шу көтереді, бұл дыбыс құс атауын білдіреді. Жерді шұңқырлап, аздаған құрғақ шөп төсеп, тұя жасайды. Салындыдағы 4 қошқыл секпілді жұмыртқаларды ата-енелері 4 аптаға жуық басады. Бұдан соң ата-енелер балапандарға қамқорлық жасап, қанаттанғанша қорғайдым және өргізеді. Бұдан соң қызғыштар топқа жиналады. Кейде өте үлкен топ түзіп, қыстауға кеткенге дейін жылыстайды. Бунақденелілермен және солардың дернәсілдерімен, тіпті басқа да жәндіктермен қоректенеді. Ақпанның ортасынан-ақ Қазақстанда пайда болып, қазан-қарашада ұшып кетеді. Республиканың қиыр оңтүстігінде жалғыз–жарымы қыстап та қалады.

Дереккөздер


Tags:

Латын тіліТатреңтәрізділерҚұс

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Төле биБауыр (орган)Зәр шығару жүйесіАлаш қозғалысыӘбіш КекілбайұлыАнтикалық философияХалықаралық балалар күніОттегіҒаламшарФёдор Михайлович ДостоевскийОксидтерСиқымБаланы қырқынан шығаруМонархияЕрмұхан Бекмаханұлы БекмахановДүние жүзінің саяси картасыАвтомобиль маркаларының тізіміСарыарқа (Солтүстік Қазақ жазығы)МәтінБесікке салуЕкінші дүниежүзілік соғысСәбит Мұқанұлы МұқановҚайта құру кезеңіИнфрақұрылымОртағасырФидель КастроКарта ойыныҚазақ хандарыҮйсін мемлекетіҚыз ЖібекЖетісу облысыАсқазан мен он екі елі ішектің жара ауруыДешті-қыпшақ мемлекетіУақытҚазақ ұлттық киімдеріАнықтауышАуызашарКөміртегіОсман империясыСамаурынОтбасыІлияс ЕсенберлинБекзат Сейілханұлы СаттархановЖәндіктерЕр ТөстікҚазақстан Республикасының КонституциясыӘл-хамду ли-ЛләһАминдерЕтеккірМәдени мұраБіріккен сөздерТәңіршілдікКореяКанадаАбылай ханИспанияТуберкулезҚарлұқ қағанатыДін философиясыМұқағали Сүлейменұлы МақатаевМахаббатКөзімнің қарасы...Қазақстандағы ұжымдастыруҒұндар мемлекетіШығыс Қазақстан облысыЯдроҰлуларГлюкозаҚоғамҚазақстандағы «қайта құру» саясатыСахабаларЖыныс қатынасынан жұғатын ауруларМұхаммедЗекетҚазақ тіліндегі жыл айларының атауларының мағынасыҚант диабетіӘйтеке биӘн-Нас сүресі🡆 More