Юто Нагатомо (жапонша 長友 佑都 Нагатомо Ю:то, 1986 жылы 12 қыркүйекте Сайдзё қаласында Жапонияда туылды) — жапон футболшысы, «Галатасарай» футбол клубы мен Жапония ұлттық құрамасының қорғаушысы.
2011 жылғы Азия Кубогінің жеңіпазы. Нагатомо әлемдегі ең зиялы футболшылардың бірі. Ол Мэйдзи Университетің бітіріп, экономиканың ғылыми дәрежесін алып, Жапонияда екі кітап жазды.
Юто Нагатомо | |||||||||||||||||||||||||
Жалпы мағлұмат | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Туған күні | 12 қыркүйек 1986 (37 жас) | ||||||||||||||||||||||||
Туған жері | Сайдзё, Жапония | ||||||||||||||||||||||||
Азаматтығы | |||||||||||||||||||||||||
Бойы | 1.70 см | ||||||||||||||||||||||||
Салмағы | 68 кг | ||||||||||||||||||||||||
Позиция | Сол қапталдағы қорғаушы | ||||||||||||||||||||||||
Клуб жайлы ақпарат | |||||||||||||||||||||||||
Клуб | |||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||
Ең алғаш профессионалдық футболды Нагатомо «Токио» клубында бастады, ол жақта 3,5 жылдай өнер көрсетті. «Токио» үшін Нагатомо 2010 жылдың маусымына дейін ойнап, клуб үшін Джей-лигасында 72 матч өткізді. 2010 жылы шілде айында «Чезен» клубына бір маусымға жалға берілді. 2011 жылы 28 қаңтарда «Чезен» ойыншыны толықтай 1.7 млн.евроға сатып алды.
2011 жылы 31 қаңтарда Нагатомо миландық «Интернационале» клубына жалға берілді. Миландық клубта 55 нөмерді алды. 6 ақпанда «Интернационале» үшін алғашқы матчын, 24 турда «Рома» клубына қарсы 75 минутта Уэсли Снейдерді ауыстырып,алаңға кірді . 6 наурызда 28 турда клуб үшін «Дженоа» клубының қақпасына алғашқы голын соқты, осы матчта 13 минут қалғанда алаңға кірген еді.
Ұлттық құрама үшін Юто Нагатомо 2008 жылы 24 мамырда алғашқы ойының Кот-д'Ивуар құрамасына қарсы шықты. Қазіргі сәтте Нагатомо ұлттық құрамасы үшін 30 матч ойнап, 3 рет голмен ерекшеленді. Нагатомо 2010 жылы өткен әлем чемпионатына қатысты.
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Юто Нагатомо, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.