Шайқурай

Шайқурай (лат.

Дүние жүзінде қоңыржай, субтропиктік және тропиктік аймақтарда өсетін 300 — 400-дей түрі кездеседі. Қазақстанда шабындықта, қыратты жерлерде, өзен-көл жағалауларында, қиыршық тасты тау баурайында және орман шетінде өсетін 7 түрі бар. Көбінесе сарыбас Шайқурай (Н. perforatum) мен бұдырлы Шайқурай (Н. scabrum) жиі кездеседі. Бұлардың биіктігі 30 — 70 (кейде 100 — 120) см. Сабағы түзу, жапырақтары майда, онда нүкте тәрізді көптеген тесіктері болады, олар шоқталып немесе қарама-қарсы орналасады. Гүлдері майда, қос жынысты, сары түсті, жеке-жеке не шатыршаға ұқсап топтанған. Жәндіктер арқылы тозаңданады. Маусым — шілде айларында гүлдеп, тамызда жеміс салады. Жемісі — көп дәнді қорапшауыл шаруашылығы — дәрілік өсімдік, оның құрамында илік заттар, эфир майы, церилді спирт, каротин, С витамині, никотин қышқылы және гиперицин бояғыш заты бар. Дәрілік мақсатқа өсімдіктің жер үстіндегі бөлігін пайдаланады. Шайқурайды тыныс органдары ауруларына, бауырға тас байланғанда, іш өткенде, қуықтың қызметі бұзылғанда, әйелдердің жыныс аурулары кезінде, кейбір қа-быну процестерінде, іріңді ісіктерге, жараға, шиқанға қарсы пайдаланады. Халық медицинасында Шайқурайды қан тоқтату, қарын ауруларын, қан аралас іш өтуді емдеу үшін қолданады. Соңғы кезде ғалымдар Шайқурайдан алынған препараттардың кейбір аурулардың вирустарына (мысалы, тұмау, жүре пайда болатын иммундық тапшылық синдромы) қарсы жақсы әсер ететінін анықтады. Шайқурайдан шай қайнатып ішеді, ол жүйкені тыныштандырады және кейбір түрлерін бальзам алуға пайдаланады.

Шайқурай
Hypericum calycinum
Hypericum calycinum
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
Сабы: Malpighiales
Тұқымдасы: Hypericaceae
Кіші тұқымдасы: Hypericoideae
Тайпасы: Hypericeae
Тегі: Hypericum
L.
түрлері

490 түрі белгілі

Галерея

Дереккөздер

Tags:

КаротинЛатын тіліШайқурай тұқымдасыЭфир майы

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қазақша жыл санауХромосомалар314-атқыштар дивизиясыСәкен СейфуллинҚазақстанның білім беру жүйесінің тарихыКонсументтерБақытсыз ЖамалЕсік Алтын адамыХақназар ханХалықаралық еңбек бөлінісіСперматозоидМіржақып ДулатұлыҰлпан (роман)Гүлді өсімдіктерСынықҚазақстанның өсімдіктері мен жануарлар дүниесіФилософияҚазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі оқу-ағарту ісіСұрыптауҚоршаған ортаның ластануыҚышқылБір жасушалыларЖеңіл атлетикаКаспий экологиясыҚазақстанның мұнай өнеркәсібіҚатерлі ісікМемлекеттік басқару формасыДүниежүзілік сауда ұйымыТалғат Аманкелдіұлы МұсабаевОтбасыНегіздерМенің атым Қожа (повесть)Шөгінді тау жыныстарыҚазақстанҚан мен терҚуандық Уәлиханұлы БишімбаевҚазақстандағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізіміТүркістан (қала)Латын АмерикасыСемей полигоныҚазақстан халқы ассамблеясыАтомның ядролық үлгісі. Резерфорд тәжірибесіАзамат соғысыСоғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның ауыл шаруашылығы (1946-1960)Вегетативтік көбеюМетаморфтық тау жыныстарыҚазақстанның экологиялық проблемаларыБұлшықет талшығыРесейГеродотБұланты шайқасыЕсім ханТүсті металлургияБуддизмКиіз үйӘмір ТемірТүпті жуаАлкадиендерКәсіпорынҒарышЕуропа одағы38-атқыштар дивизиясыЭлектрокардиографияКСРО ыдырауыКөне түркі жазбаларыЫңғайлас салалас сөйлемҚазақ халқының ұлттық тағам түрлеріЕуразияЕкінші Дүниежүзілік соғыстағы КСРОҚазақ тіліндегі жыл айларының атауларының мағынасыПублицистикалық стильҚозғалыс (зат)Компьютерлік желіҚазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріҒабиден МұстафинМэйдзи жаңғыртуыҚазақстан соғыстан кейінгі кезеңдеБақбақАқпараттық қауіпсіздік🡆 More