Цистит

Цистит (лат.

cyctіtіs; грек. kystіs — қуық және іtіs — қабыну) — қуықтың өте жиі кездесетін қабынуы. циститпен балалар да, ер адамдар да, әсіресе әйелдер жиі ауырады.

Әдетте ауру микроорганизмдерден туындайды (бактериялық цистит), бірақ ол патогенді микрофлораның қатысуынсыз дами алады (аллергиялық, уытты).

Негізінен цистит қуыққа микроорганизмдердің енуіне байланысты пайда болады. 80-95% жағдайда бұл зәр шығару мүшелерінің жанында орналасқан тік ішекте тұратын ішек таяқшасы. Көбінесе гигиеналық ережелерді елемеу мен дұрыс жууға байланысты бактериялар уретраға енеді. Қабынуды басқа микробтар да тудырады - стафилококктар мен энтерококктар, жыныс мүшелерінің инфекцияларының қоздырғыштары - хламидиоз, трихомонас, Candida саңырауқұлақтары, герпес вирусы.

Аурудың қоздырушылары

Аурудың қоздырушылары: ішек таяқшасы, протей, стафилококк, т.б. инфекциялар. Бұлар қуыққа гематогендік жолмен организмдегі қабыну ошағынан немесе сырттан уретра (үрпі түтігі) арқылы жыныс мүшелерінен енеді. Аурудың дамуына қуыққа салқын тигізу, іш қату және ысталған, сүрленген тағамдарды көп жеу, т.б. әсер етеді. циститтің екі түрі ажыратылады.

Этиология

Циститтің жедел түрінде адам кіші дәретке жиі барады, зәр сындырғанда қуықтың тұсы, сегізкөз сыздап ауырады. Науқастың дене температурасы көтерілмейді. Несепті талдаудан өткізгенде, оның құрамынан лейкоцит,эротрицит және белоктың бар екені анықталады. Аурудың жедел түрінде дәрігердің тағайындаған емін уақытымен, дұрыс қабылдап, дерттің созылмалы түріне ауысып кетпеуіне күш салу керек. Науқас осының бәрін орындаса, аурудан жазылып кетеді. Циститтің созылмалы түрі қуық ісігі, простатит, уретрит, т.б. аурулардың салдарынан дамиды. Кейде дерттің өршуіне туберкулез, трихомоноз ауруларының да көп әсері бар.

Eмделу

Емі: режим және диета сақтау (рационнан консерві, ащы соустар, әр түрлі дәмдік қоспалар, ішімдік түрлерін шығару), жеміс-жидекті көп пайдалану, денені жылы ұстау, қуық тұсына жылу басу, бұлау қабылдау керек. Кейде дәрігер сұйықты көп ішуді (жылы сүт қосылған шәй, минералды су) ұсынады. Егер ауру асқынып кетсе, бұған себеп болған ауруды анықтап, соған байланысты арнайы ем қолданылады.

Tags:

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Шерхан Мұртазаұлы МұртазаҚазақстан және дүниежүзілік қауымдастықАлғашқы көмекОтбасыТемірЖыныс мүшелерінің құрылысыБіріккен Араб ӘмірліктеріОтырар апатыЖеуге жарамды және улы саңырауқұлақтарҚызғалдақСүтқоректілерХристофор КолумбЖүсіп БаласағұниInstagramАдай күйіЖанар АйжановаШымырЕуропа одағыКриштиану РоналдуСұлтан БейбарысТұсаукесерШектіӘлкей Хақанұлы МарғұланӘлем елдерінің тізіміИса МәсихАфрика мемлекеттері және тәуелді аймақтарының тізіміМиОксидтерКүкіртАйша бибіҚазақстанның экологиялық проблемаларыҚазақ философиясыЖоңғар хандығыҮндістанҚытайZaQ (Ninety One)ТерминЭлектромагниттік толқындарБесікке салуМенеджментРим империясыЧарлз ДарвинТынық мұхитЕрке сылқым (күй)Баланы қырқынан шығаруПсихологияның зерттеу әдістеріАқ Орда (мемлекет)Дінмұхаммед Қанатұлы ҚұдайбергеновСақ мәдениетіҚажымұқан МұңайтпасұлыӘн-Нас сүресіҚышымаДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруӘл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіІш өтуСөз табыҚан жасушаларыӨзін-өзі өлтіруШығай ханҚазақстан аумағындағы казак әскерлеріОттегіҚазақтың ұлттық ойындарының тізіміҚазақстан мемлекеттiк рәміздеріҚаңлы руыӨсімдіктер1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысҰйықтатын дәрілерӘбіш КекілбайұлыТәттімбет ҚазанғапұлыҚояндарАқуызБату ханЖай санФутболМоғолстанЖұқпалы ауруларҚасым ҚайсеновХалық тығыздығы бойынша елдер тізіміЖүрек аурулары🡆 More