Уле Гуннар Сульшер

Уле Гуннар Сульшер (норв.

Қазір бапкерлікпен айналысады. 1997-2007 жылдары Норвегия Ұлттық құрамасында ойнады. "Манчестер Юнайтедтің" аңызға айналған футбошыларының бірі, 11 маусым бойы ешқайда ауыспай, осы клубта өнер көрсетті. Бапкерлік карьерасын норвегиялық клубтарды баптаудан бастады да, 2018 жылдың соңында "Манчестер Юнайтедке" уақытша бапкер болып тағайындалды. Бұл қыызметті 2021 жылдың 21 қарашасына дейін атқарды.

Уле Гуннар Сульшер Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Туған күні

26 ақпан 1973 (1973-02-26) (51 жас)

Туған жері

Кристиансунн, Норвегия

Азаматтығы

Уле Гуннар Сульшер Норвегия

Бойы

178

Позиция

шабуылшы

Клуб карьерасы
1990—1994 Норвегия Клаусененген 109 (115)
1994—1996 Норвегия Молде 42 (31)
1996—2007 Англия Манчестер Юнайтед 235 (91)
1990—2007 Барлығы 386 (237)
Ұлттық құрамы
1994—1995 Норвегия Норвегия-21 19 (9)
1995—2007 Уле Гуннар Сульшер Норвегия 67 (23)
Бапкерлік карьерасы
2008—2011 Англия Манчестер Юнайтед-2
2011—2014 Норвегия Молде
2014 Англия Кардифф Сити
2015—2018 Норвегия Молде
2018—2021 Англия Манчестер Юнайтед

Карьерасы

Футболшы карьерасы

Карьерасын Норвегияның үшінші дивизионында ойнайтын "Клаусененген" клубында бастады. Бұл клубта нәтижелігігі тым жоғары болды, 109 кездесуде 115 гол соқты. 1994 жылы жоғары дивизион өкілі "Мольде" футболшыны өз қатарына шақырды. "Мольде" сапында да жиі гол соғып, ұлттық құрамаға шақыртылды.

1996 жылы жазда "Манчестер Юнайтедке" ауысты. Манчестерлік клубтың Алан Ширермен жасаған сәтсіз трансфері нәтиже бермеді, Сульшер келген соң Ширер "Ньюкаслға" ауысып кетті.

Сульшер "Манчестер Юнайтед" сапындағы алғашқы ойынында-ақ гол соқты. 1996 жылы 25 тамызда "Блэкберн Роверспен" ойында матч барысында алаңға шығып, алты минуттан соң нәтижелі соққы жасады. Бір қызығы, 2007 жылы 31 наурызда "Манчестер" сапындағы соңғы голын да осы "Блэкберннің" қақпасына соқты, тағы да ойынға тыңнан қосылып, алты минуттан соң.

Алғашқы маусымда Англия чемпионатында 18 гол соқты.

1998/99 жылғы маусым Сульшер үшін табысты болды, "Манчестер Юнайтед" Англия чемпионы атанды, УЕФА Чемпиондар кубогын, Англия кубогын ұтты. Әсіресе 1999 жылы 26 мамырдағы Чемпиондар Лигасының финалы Сульшердің есінде мәіңгі қалды: "Бавариядан" 0:1 есебімен ұтылып тұрғанда Тедди Шерингем екеуі ойынға қосылып, бір-бір голдан соқты да, "Манчестер Юнайтед" 2:1 есебімен жеңіске жетті.

"Манчестер Юнайтедтің" бапкері Сэр Алекс Фергюсон Сульшерді көбінен ойын ортасында матчқа қосып отырды да, Сульшер көбінде гол соғып жатты. Сонысына қарап оны "супер алмасушы" деп атап кетті.

Карьерасының соңғы жылдарында жиі жарақаттанумен болды да, көзге түспей қойды. 2006 жылы клубпен жаңа келісім шарт жасасқанына қарамастан, 2007 жылы тамыз айында жарақатының кесірінен амалсыз футболмен қоштасты.

Бапкерлік карьерасы

2007 жылы "Манчестер Юнайтедтің" жасөспірімдер клубын жаттықтырды. 2010 жылы "Мольде" клубында бас жаттықтырушы болды. Бапкер ретінде де табыссыз болмады, 2011, 2012 жылдары Норвегия чемпионы атанды.

2014 жылы қаңтар айында "Кардифф Ситидің" бас жаттықтырушысы болды, бірақ нәтиже көрсете алмай, сол жылы қыркүйекте ол қызметтен босады.

2015-18 жылдары тағы да "Мольде" клубының бас жаттықтырушысы болды.

2018 жылдың соңына қарай "Манчестер Юнайтед" тым нашарлап кетті де, бас бапкер Жозе Моуриньо қызметтен босады. Орнына Сульшер уақытша бапкер міндетін атқарушы боп тағайындалды. Алғашқы ойында-ақ "Манчестер" 5:1 есебімен "Кардифф Ситиді" ұтты. Алғашқы сегіз ойында Сульшердің командасы сегіз жеңіске қол жеткізді, бұрын-соңды Манчестерлік клубтың ешқандай бапкері мұндай сәтті дебют жасаған емес.

2019 жылы наурыз айында ресми түрде "Манчестер Юнайтедтің" бапкері боп тағайындалды.

Жетістіктері

Ойыншы ретінде

    Манчестер Юнайтед
  • Англия чемпионы (6): 1996/97, 1998/99, 1999/2000, 2000/01, 2002/03, 2006/07
  • Англия кубогы (2): 1999, 2004
  • Чемпиондар Лигасы: 1999
  • Англия суперкубогы (2): 1996, 2003
  • Құрлықаралық кубок: 1999

Бапкер ретінде

    Манчестер Юнайтед (21)
  • Ланкашир үлкен кубогы: 2009
  • Манчестер үлкен кубогы: 2009
    Молде
  • Норвегия чемпионы (2): 2011, 2012
  • Норвегия кубогы: 2013

Дереккөздер

Сілтемелер

Tags:

Уле Гуннар Сульшер КарьерасыУле Гуннар Сульшер ЖетістіктеріУле Гуннар Сульшер ДереккөздерУле Гуннар Сульшер СілтемелерУле Гуннар Сульшер1973 жыл26 ақпанКристиансуннМанчестер ЮнайтедМёре-ог-РомсдалНорвег тіліНорвегия Ұлттық футбол құрамасы

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Тірі ағзалардың негізгі қасиеттеріАнтигитлерлік коалицияҚазақ Кеңестік Социалистік РеспубликасыХалықаралық балалар күніҚұлдықДевианттық мінез-құлықЖелтоқсан көтерілісіне қатысқандар тізіміҚазақстандағы «қайта құру» саясатыБірінші дүниежүзілік соғысКөктемКаспий экологиясыӘбілхан ҚастеевВаршава келісімі ұйымыҚазақстанның жеті кереметіҚазақстанның экологиялық проблемаларыМіржақып. Оян, Қазақ (фильм, 2023)ДенсаулықКенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысӘлемнің жеті кереметіХалықаралық ұйымдарАлғашқы көмекҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖұлдызМұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрыАстық шаруашылығыҒылыми-техникалық прогрессАбай ҚұнанбайұлыАнтропогендік факторГүлҚабанбай батырЭволюцияГеосаясатӘйтеке биӘлкей Хақанұлы МарғұланКүш моментіҚазақтың ұлттық ойындарының тізіміТүркістан облысыІлияс ЖансүгіровШерхан Мұртазаұлы МұртазаЭстрогенҚазақ тіліӘлеуметтік инфрақұрылымКөксерек (әңгіме)ЖаһандануҚазақ қолөнеріМашинажасауАсық ойыныҚиял-ғажайып ертегілеріМұнай өнеркәсібіНанотехнологияБасты бетКөкжөтелГендік инженерияҚазақстан 2030Корея РеспубликасыСұрыптауPythonҚазақстан және БҰҰАстрономияБағыныңқы сөйлемЖайылма сөйлемСан есімҚазақстан халқы ассамблеясыҚытай Халық Республикасы экономикасыӘміре ҚашаубаевКонсументтерТүркістан автономиясыҒарышМал шаруашылығыЖүйке жасушаларыҚасым ханның қасқа жолыТемекіӨнерАлматы қорығыҚазақ театрыСабақтас құрмалас сөйлемӨсімдік селекциясыТүркияҚышқыл🡆 More