Тектілік

Тектілік – адам бойындағы асыл қасиеттердің парасаттылықтың үлгісі ретінде ұрпақтан-ұрпаққа рухани сабақтастықпен берілуі.

Тектілік құбылысы жақсы адамның кездейсоқ қалыптаспайтынын, ата-бабалардан берілетін дүниетанымдық, ділдік, психологиялық, т.б. бейімділіктері болуға тиістілігін көрсетеді. Дегенмен, кез келген адамның әлеуметтік ортада өзін жақсы жағынан көрсете білуге, өзін жетілдіру арқылы белгілі бір қоғамдық дәрежеге жету мүмкіндігі жоққа шығарылмайды. Яғни, тектілік гендік түрде берілетін биологиялық қасиет қана емес. Өзінің жеке басының кемшіліктерімен күреспеген жанға халықтың қырағы көзі өз бағасын беріп отырған. Сондықтан қандай текті жерден шыққанмен де өмірде өз жолын таба алмай, жеке басының ғана мүддесінің аясынан аса алмаушылықты тектілік деп танымаған. Яғни, тектіліктің негізгі өлшемдерінің бірі абыройлы азаматқа айналу болып табылады. Осыған орай халық арасында “Жаманнан жақсы туады адам айтса нанғысыз, жақсыдан жаман туады бір аяқ асқа алғысыз” деген қанатты сөз айтылады. Тектілік адамның ізгілікке, баянды мақсаттарға ұмтылып, жақсы үлгі-өрнек қалдыруынан көрінеді. Ал пендешілік пен нәпсіқұмарлықтың теріс жолына түскен азамат тексіздіктің құрсауына шырмала түседі. Нағыз тектілік сыпайылықтан, кешірімпаздықтан, мейірбандықтан көрініп, осы ізгі ниетпен ешкімді төмендетпей, шеттетпей биіктеуге мүмкіндік береді. Халқының, Отанының мүддесін жоғары қоя білген адамдардың қатары көбейген сайын тектіліктің де қадірі артып, қоғамдағы қайшылықтар шешімі жеңілдейді.

Сілтемелер


Tags:

АдамБиологияСыпайылық

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ҚұндылықҰйқы безіҚояндарДүниежүзілік шаруашылық жүйесіКіші жүздің Ресейге қосылуыСарказмЗекетСабақтас құрмалас сөйлемБіріккен Араб ӘмірліктеріЖамиғ Ат-ТауарихҰлттық бірыңғай тестілеуҚанайналым жүйесіКөкөністер, жеміс-жидектер және бөлме өсімдіктеріҒаламшарАстана қаласының бас мешітіАндроново мәдениетіИсламдағы жыныстық өмір әдебіҚаңлы руыМұнайТүйелерАқсу-Жабағылы қорығыҚазақстан экономикасының тарихыСөз таптарыЗәрдің түзілуі және шығарылуыСинонимАбай Құнанбайұлының шығармаларыАсық ойыныСауд АрабиясыМорфология (лингвистика)Біріккен Ұлттар ҰйымыОрынборФранцияМүшел жасМемлекетТөлеңгіттерАдам атаҚаһарТамыр (өсімдік органы)КөмірсуларҒұндарОтырарГазҮш Жүз партиясыЖүйке жүйесіСаяси партияӘл-хамду ли-ЛләһҚазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресіЖұлдызКенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысКүкіртҚызылша (медицина)Алғашқы көмекДебатБуддизмЛиберализмМахаббатҚимақ қағанатыПариж бітім конференциясыАлтын Орданың хандарының тізіміПублицистикалық стильҚазақстан географиясыҚорғансыздың күні (әңгіме)Девианттық мінез-құлықМеталдарЖүрекӘміре ҚашаубаевІлияс ЖансүгіровМенің атым Қожа (повесть)Асқорыту мүшелеріСан есімБірінші дүниежүзілік соғысТабиғатты қорғауҚазақстанАзаматтық қоғамИстиғфарЖамбыл ЖабайұлыҰйғырларХиуаз Қайырқызы Доспанова🡆 More