Фильм Прометей

Жыл: 2012

Фильм Прометей
Ридли Скотт режиссёрі, Шарлиз Терон және Майкл Фассбендер

«Прометей (Prometheus)» фильмі

Ел: АҚШ, Ұлыбритания Режиссер: Ридли Скотт

Басты рөлдерде: Гай Пирс, Рейф Сполл, Нуми Рапас, Бенедикт Вонг, Идрис Эльба, Патрик Уилсон, Майкл Фассбендер, Иман Эллиотт, Шарлиз Терон, Логан Маршалл-Грин, Шон Харрис

Сценарий: Дэймон Линделоф, Дэн О’Бэннон

Продюсер: Уолтер Хилл, Дэймон Линделоф, Ридли Скотт

Жанр: Детектив, Фантастика, Қызық оқиғалы

Бюджет: $130 000 000

Әлемдік табысы: $403 354 469

Қысқаша суреттеме

ХХІ ғасырдың соңында ғалымдар бір аралды зерттеп жүріп, үңгір қабырғасынан таңғаларлық суреттер табады. Суреттерде алыстағы жұлдыздар жүйесінің координатары көрсетілген. Үңгір ішіндегі көне суреттерде бейнеленген жұлдыздар картасының растығына көз жеткізу үшін жекеменшік корпорация жаңағы ғалымдар бастаған топты «Прометей» кемесіне отырғызып, ғылыми саяхатқа жөнелтеді. Екі жылдан соң табылған ғаламшарға ғалымдар қонуға бел байлайды. Планета адам өмірі үшін жарамсыз болғанымен, онда адамдарға дейін де басқа тіршілік иелері «қонақ болғаны» айқын сезіледі. Ғалымдар таныс та, бейтаныс тіршілік иелерін зерттеп, адамзатқа қандай қатысы бар екенін анықтаулары тиіс.

Сын, рецензия

«Фильмдегі ой мен сауалдар

Жалпы ғалымдар адамдардың жаратылысына қатысты Дарвин теориясынан бөлек, бірнеше нұсқаны ұсынып жүргені белгілі. Солардың бірі — адамдар өзге планеталықтардың ұрпағы деген болжам. Өйткені, Мысыр пирамидалары секілді ғаламат құрылыстарды адамның қолымен тұрғызу мүмкін емес. Адамзат от жағып үйрену кезеңін бастап өткізіп жатқанда тастан қалалар тұрғызған Майя өркениеті де Дарвин теориясының кейбір мәселелеріне күмәнмен қарауға итермелейді. Сонда адамзат Жер-анамыз жаратқан эволюциялық дамудың нәтижесі емес пе? Адамды жаратушы өзге планеталықтар болғаны ма? Біз кімбіз? Ғарыш келімсектері деп атап жүргеніміз кімдер? „Прометей“ — осы мәселелерге байланысты өз нұсқасын ұсыныпты. Шынын айту керек, жауабынан бұрын көп сұрақ тастап кетті.

Неге „Бөтен“ емес?

Фильм басында осы режиссердің әйгілі фильмі, талай сиквелдер мен ұқсас фильмдердің жарық көруіне негіз болған 1979 жылғы классикалық „Бөтен“ (Чужой, Alien) туындысының приквелі болады деп ойластырылған еді. Бірақ кейін оны өз оқиғасы бар бөлек жоба етіп шығару ұйғарылды. Дегенмен Ридли Скоттың айтуынша, «Прометейдегі» оқиға «Бөтенде» баяндалған әлемде орын алады.

Режиссер жаңа туындысын „Бөтеннен“ қаншалықты алыс ұстағанымен, сәйкестіктер мен ашықтан-ашық жасалған байланыстар бәрібір бар. Ол бір сұхбатында „Бөтендегі“ ксеноморфты енді көрмейміз деп еді. Бірақ…

Актерлер

Актерлер құрамынан Нуми Рапас пен Шарлиз Теронды ғана көргендей болдық. Онсыз да кара-көлеңке кадрдлардан актерлердің ойындарын бағалау тұрсын, түрлерін де жөндеп көру қиын болды. Нуми Рапас — Скандинавиядан Голливудтқа келіп, талантымен көпшілікті мойындатқан дарын иесі. Бұл фильм оны тағы бір биік белеске көтеріп тастары анық. Кезінде «Бөтен» арқылы Сигурни Уивер жұлдыз атанса, енді Н. Рапастың да осындай шағы келген секілді. Майкл Фассбендер актерлік шеберлігімен тәнті ете алмады. Мүмкін киборг кейпіндегі образы кедергі болған шығар. Ал, Гай Пирс мүлдем есте қалмапты.

Қорыту

„Прометей“ — адамзат тарихына жауап іздейтін, іздеткізетін туынды. Егер, адамдар шынымен өзге планеталықтардың ұрпағы болса, режиссер осы фильмі арқылы дәл сол теорияға сендіре алды. Ғылыми фантастика мен үрейлі триллерді сәтті үйлестіре білген Р. Скотт еңбегіне тағы бір тәнті болдық. Тек сюжеттік желінің өрбуінде сұрықсыздық бар екенін, динамиканың жетіспейтіндігін айтып өту қажет. Қалай десек те, 1979 жылғы «Бөтенді» жаңадан көруге немесе қайталап көруге итермелегені рас. Жалғасына да үміт артқызып қойды».

Түсініктемелер

Прометей деген кім және не?

Аттас фильм туралы жазбас бұрын, атауына назар аударайық. Грек мифологиясында Прометей деген титан болғанын айта кету керек. Ол адамдарды құдайлардың қаһарынан қорғаушы болған. Аңызға сәйкес Прометей адамдарды топырақ пен судан жаратты.

Сондай-ақ, фильмдегі саяхатшылардың ғарыш кемесі «Прометей» деп аталады. Осы арқылы фильм атауында бірнеше түрлі мән-мағына жатқанын байқауға болады.

Сілтемелер

  • Киностан порталы

Tags:

Фильм Прометей «Прометей (Prometheus)» фильміФильм Прометей Қысқаша суреттемеФильм Прометей Сын, рецензияФильм Прометей ТүсініктемелерФильм Прометей СілтемелерФильм Прометей

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ХХ ғасырдың 20-30-жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық және қоғамдық-саяси, мәдени жағдайыСанаЖол белгілеріХақназар ханТұздар (химия)Ноғай ордасыОрбұлақ шайқасыФариза ОңғарсыноваСөйлемКөлік жолдарының ұзындығы бойынша елдер тізіміТөңкеріс (қоғам)Рамазан (ай)Баубек БұлқышевЕуропаАбиссина (мысық)Ғылыми-техникалық революция және дүниежүзілік шаруашылықтың дамуыШілдеханаМемлекет астаналары тізіміҚазақстандағы транспортОралхан БөкейҒарыштануЖарапазанТеатрӨзен көлігіҚазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктерЖұлдызды аспанАвтомобиль жолыБрокерБәйтерек (мифология)Батыс-Сібір генерал-губернаторлығыӘлихан Нұрмұхамедұлы БөкейхановҚақтығысКәффарат түрлеріЭтносБатаТыныс алу ауруларыАбай жолы (роман)Мағжан Бекенұлы ЖұмабаевДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруЖай сөйлем және оның түрлеріӘуе көлігіЕңлік-КебекҚазақша жыл санауҚазақ руларыЖоңғар шапқыншылығыҚұстарМахаббат, қызық мол жылдарАсан қайғы СәбитұлыҚазақстан халқы ассамблеясыҚазақ батырлар тізіміЖанқожа НұрмұхамедұлыАбай Құнанбайұлының шығармалары18 ғасырдағы Қазақстан тарихнамасыКүрделі эфирлерТынымбай НұрмағамбетовАутизмӨкпеКиіз үйҰмаҒылымЖарықтың интерференциясыБақытсыз ЖамалҒылыми стильЖапонияМәдени мұраҮлкен деректерМәдениетЖануарларКөсемшеУрбанизацияАрыстан баб кесенесіШыңғыс ханИнфрақызыл сәулеАтмосфераКиіз үй құрылысыГаз өнеркәсібіБеғазы-Дәндібай мәдениетіҚазақтар🡆 More