Мұхаммед Ибн Идрис Әш-Шафиғи

Мухаммад ибн Идрис ибн ‘Аббәс әл-Қураши, әш-Шәфи’и - һиджра жыл санауы бойынша 150 жылы Шамда дүниеге келді, кейін ұзақ уақыт бойы Меккеде, одан соң Мысырда өмір сүрді.

Хиджра жыл санауы бойынша 204 жылы дүниеден озды. Имам әш-Шафи’и табиғиндердің ізбасарларының соңғы өкілі болып табылады. Ол дінде имам, әрі әһлю-Сунна уәл-джәмә‘аның ұлы ғалымы болған. Ол Құрайыш тайпасынан болғандықтан Мұхаммед пайғамбардың (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) ата-бабаларымен ортақ көп нәрселері болды.

Мұхаммед ибн Идрис әш-Шафиғи
Туған күні

Қайтыс болған күні

Имам әш-Шафи’идің білімін айтар болсақ, әрине оның білімі өте үлкен болған. Ал ол өзі туралы былай дейтін: “Мен 7 жасымда Құранды толық жаттап алдым, ал 10 жасымда имам Мәлик ибн Әнәстің «әл-Мууәттә» атты хадистер жинағын толықтай жаттап алдым”. Дәл осы себепті әш-Шафи’иді көптеген ғалымдар құрметтеген, сондай-ақ оны да «дін білімінің имамы» деп атаған. Онымен бірге, имам әш-Шафи’иді «дінді тірілтуші» (муджаддид) деп атаған.

Мәселен, бір күні имам Ахмад ибн Хәнбәл: «Әрбір ғасырдың басында Аллаһ Тағала осы үмметке дінді тірілтушіні (муджаддид) жібереді», – деген хадисті оқып, былай деді: “Біз осындай адамдарды іздей бастадық және мұндай адам бірінші ғасырда ‘Умар ибн ‘Абдул-‘Азиз, ал екінші ғасырда – әш-Шәфи’и екенін анықтадық”.

Дәл сол сияқты Хафиз Ибн Хәджәр да әш-Шәфи’иге мінездеме беріп былай деді: “Ол – екінші ғасырдың басында дінді тірілтуші болған кісі болған”.

Имам әз-Зәһәби ол туралы: “Ол – имам, хадис қорғаушысы, атақты ғалым”, – деді.

Имам Ахмад ибн Хәнбәлдің баласы ‘Абдуллаһ өзінің әкесінен былай деп сұралғаны жеткізіледі: “Әш-Шәфи’и кім болған? Өйткені сіз ол үшін Аллаһтан жиі-жиі дұға қылғаныңызды көремін”.

Бұл сұраққа имам Ахмад: “Ей балам! Әш-Шәфи’и біздің әлемге Күн сияқты және адамдар үшін денсаулық сияқты еді. Ойланшы, оларсыз немесе олардың орнын басқа бір нәрселер басса, біз өмір сүре аламыз ба?”, – деп жауап қатты.

Имам ‘Али ибн әл-Мәдини өзінің ұлына мынадай өсиет қалдырды: “Егер әш-Шәфи’идің сөзін естісең, оны жазбайынша бірде-бір сөзін қалдырма, себебі оның сөзінің әрбірі білім!”

Ғалымдардың сөздері имам әл-Миззидің «Тахзиб әл-кәмәл» мен Хафиз Ибн Хәджәрдың «Тахзиб әт-тахзиб» 10/451 кітаптарынан алынды.

Тағы қараңыз



Tags:

Шам

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Абай жолы (роман)КүйСаяси режимАқпарат технологиясыНаурыз көжеТабиғатАлаш партиясыӘлия Нұрмұхамедқызы МолдағұловаОрталық АзияБесік тойыҚазақтың ұлттық ойындарының тізіміҚазақстандағы сайлау жүйесіАлгоритмҚорқыт атаТұздар (химия)ГеографияҚазақстандағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізіміҚыстырма сөзЗиготаОм заңыТұтылуМәшһүр Жүсіп КөпейұлыҚышқылҚазақстан 2030Арыстан баб кесенесіАлаш автономиясыБатыс Қазақстан облысыЭкологиялық пирамидаҒаламшарМатериалдық мәдениетҰлыбританияҚатерлі ісікҚазақстан демографиясыҰшқан ұя (повесть)Түрік қағанатыБейорганикалық заттарБиомеханикаҮлкен деректерҚазақтың ұлттық ою-өрнегіОдағайҚазақтардың зергерлік бұйымдарыҚазақтың ұлттық тағамдарыБірінші дүниежүзілік соғысАқбілек (роман)Әдет-ғұрыптарПоэзияЫбырай АлтынсаринСаясаттануКітапханаСолтүстік ҚазақстанСаңырауқұлақтарТехникаӘміре ҚашаубаевБердібек Ыдырысұлы СоқпақбаевЖүйке жасушаларыМикроэлементтерХалықаралық қақтығыстарҚан топтарыТұқым қуалайтын ауруларБаскетболҒылыми-техникалық революция және дүниежүзілік шаруашылықтың дамуыСаптамаКүй аңызы (әңгіме)Әз-Жәнібек ханТоныкөкХХ ғасырдың 20-30-жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық және қоғамдық-саяси, мәдени жағдайыҮндістанТоқтар Оңғарбайұлы ӘубәкіровҚазақстан туыХақназар ханҰмаКомпьютерДүниежүзілік көрме (2017)ЖІӨ (номинал) бойынша елдер тізіміСөйлемнің бірыңғай мүшелеріҚақтығысШығыс ЕуропаАуыспалы егісМәдениеттану🡆 More