Мал Атаулары

Мал атаулары - төрт түліктің (жылқы, түйе, сиыр, қой-ешкі) жасына, жынысына, жұмысқа пайдаланылуына қарай халықтың малдарға қойған аттары.

Мал Атаулары
Биелер

Кіріспе

Мал көшпелі қазақ елінің тұрмысында ғасырлар бойы мінсе - көлік, жесе - тамақ, ішсе - сусын, кисе - киім болды. Сондықтан өмір бойы етіне, сүтіне, терісіне, жүніне, күшіне қараған ел малды бағым-күтімін келістіріп, қастерлеген. Халықтың төрт түлікке байланысты тудырған мақал-мәтелдері мен ән-күйлері де, өлең- жырлары мен аңыз-ертегілері де, мысалдары мен қиссалары да көп. Ертедегі діни сенімдеріне орай қазақтар әр түліктің тәңірісі, иесі, қамқоршысы болады деп түсініп, түйені - Ойсылқара, жылқыны - Қамбарата, сиырды - Зеңгібаба, қойды - Шопаната, ешкіні - Шекшеката деп кие тұтқан.

Мал атаулары

Жылқыда

Толық мақаласы: Жылқы

Ірі қарада

Түйеде

  • 1 жасқа дейінгі төл - бота;
  • 1 - 1,5 жастағысы - буыршын (ұрғашысы - бұзбаша) деп аталады;
  • піштірілген еркек түйе - атан, қосөркешті еркек түйе - бура, сыңар өркештісі - үлек;
  • қос өркешті (айыр) және сыңарөркешті (нар) түйелердің алғашқы ұрпағын - қоспақ (біртума), екінші ұрпағын - балқоспақ, үшінші ұрпағын - мырзақоспақ;
  • тұңғыш ботайлайтынын - қаймалы, одан әрі боталай беретінін - інген, нардың ұрғашысын - аруана дейді.

Қой түлігінде

  • Қой түлігі негізінен қозы, саулық, еркек қой болып үш топқа бөлінеді. Оның жаңа туған төлі қозы деп аталады.
  • Туу мерзіміне қарай қозы: арамза, кейе, қауқа, күнтимес, көпей, бөдене деп аталады. Жетіле бастағандарын марқа, бағлан дейді.
  • Саулық: тұсақ, саулық, бойдақ қой.
  • Еркек қой: ісек, қошқар, азбан болып бөлінеді.
  • Жасына қарай қой: тоқты, құнан қой, дөнен қой, ағауыз деп те аталады.

Ешкіде

  • 6 айға дейінгі төл - лақ, сол жылы лақтағаны - шыбыш;
  • 2 жастағысы (тұңғыш лақтайтыны) - туша;
  • піштірілген еркегі - серке;
  • піштірілмегені - теке.

Дереккөздер

Tags:

Мал Атаулары КіріспеМал Атаулары Мал атауларыМал Атаулары ДереккөздерМал АтауларыЕшкіЖылқыСиырТүйеТөрт түлікҚой

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ЛиберализмКөзБаскетболОрбұлақ шайқасыОрынборУкраинаМенеджментМәншүк Жиенғалиқызы МәметоваТыныс алу жүйесіҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыКүнделік.кзАңырақай шайқасыАлматы облысыКүкірт қышқылыФутболПневмонияІлияс ЖансүгіровКіші жүздің Ресейге қосылуыЛейкоциттерҚимақ қағанатыӘл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіДауыссыз дыбыстарШерхан Мұртазаұлы МұртазаАдам даму индексіИса МәсихСын есімАзамат соғысыНұрсұлтан Әбішұлы НазарбаевТүркістан облысыҚостанай облысыТүркістан автономиясыТұқым қуалаушылықБатыс ҚазақстанБауырымен жорғалаушыларЖыныс мүшелері ауруларыТәттімбет ҚазанғапұлыАлаш автономиясыМәдениетТүрік қағанатыСырдарияКореяТұсаукесерҚазақтың салт-дәстүрлері (тізім)СүндеттеуСұлтанмахмұт ТорайғыровДін философиясыСоқырішекЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміЯсин сүресіГүлді өсімдіктерЖапырақОмар Жәлелұлы1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілісАфрикаPythonГалилео ГалилейҚазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік РеспубликасыКеңес Одағы Коммунистік ПартиясыҚазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік КомитетіАғылшын тіліЭнеолитЕжелгі ГрекияҚаһарӘлімұлыБаланы қырқынан шығаруСөйлем мүшелеріБозжыра шатқалыМетафораҚазақстан экономикасының тарихыЖаңа экономикалық саясатТүркияҚазақстан туыКөкөністер, жеміс-жидектер және бөлме өсімдіктеріДНҚСыбайлас жемқорлықГеографиялық ақпараттық жүйеҚазақстандағы ұжымдастыруТәңір🡆 More