Лизинг — бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.
Машиналарды, құрал-жабдықтарды, көлік құралдарын, өндірістік мақсаттағы ғимараттарды ұзақ мерзімге жалдаған жалға алушы мүліктерді пайдалану шамасы бойынша борыштарын бірте-бірте өтеуі; лизингтік келісімшарт мерзімінің аяқталуы бойынша: жалға алушы қалдық құны бойынша құрал-жабдықтарды сатып алуы, мерзімін ұзартуы, материалдық құндылықтарды қайтаруы мүмкін.
Банктердің лизингтік операциялары несиелік операциялармен ұқсас болып келеді. Алайда, лизингтің несиеден бір айырмашылығын келісімшартта көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг объектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал несиеде банктің меншік объектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады.
Тарихта лизингке ұқсас операцияның б.э.2000 жылдай бұрын ертедегі Вавильонда жасалғандығы белгілі болғанмен, шетелдік зерттеушілер лизинг операциясының жасалғандығы туралы нақты зерттеулер ретінде 1877 жылы «Белл Телефон Компани» деген американдық компанияның телефондарды сатудың орнына жалға бергендігін тілге тиек етеді. «Юнайтед Стейтс лизин корп.» атты алғашқы лизингтік компания 1952 жылы Сан Францискода (АҚШ) құрылған. Европада 1962 жылы «Дойче лизинг ГМ6Х» деген бірінші лизингтік компания Дюссельдорфта (Германия) пайда болыпты.1972 жылдан бері еуропа лизинг нарығы дамып келеді.
Лизингтік мәмілелердің бірнеше түрлері бар. Барлық лизингтік операциялар екі түрге бөлінеді: шұғыл және қаржылық лизингтер.
1. Шұғыл лизинг – бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуін сипаттайды. Жедел лизингке мынандай белгілер тән:
2. Қаржы лизингі – бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-өзі өтеуімен байланысты сипатталады.
Осы лизингтердің отандық және халықаралық тәжірибеде қолданылатын мынадай түрлері бар:
1.Ішкі лизинг – бұл өзінің қатынасушыларының бір елден болып келуімен байланысты сипатталады.
2.Халықаралық лизинг – бір тарап немесе барлық тараптардың әр елден болып келуін сипаттайды.
Қаржылық лизинг – бұл мүліктің толық құнын төлеп алатын мүліктің түрін жалға беру, онда уақытша пайдалануға берілген мүліктің мерзімі шамамен мүліктің амортизацияланатын және пайдаланатын мерзіміне жақын болады. Лизингтік мәміленің тараптары:
- лизинг беруші(жалға беруші);
- лизинг алушылар(жалға алушылар) болып табылады. Басқаша сөзбен айтқанда, қаржылық лизинг – бұл инвестициялық қызметтің бір түрі.
Лизинг сөзі «to lease» ағылшын етістігінен аударғанда «жалға беру» беруде екі тарап қатысса: жалға беруші және алушы болса, ал лизингте үш қатысушы:лизинг беруші, лизинг алушы және жабдықтаушы болады. Лизинг лизингтік мәмілеге қатысушылардың қарастырған жағдайына байланысты және олар әрқилы болып бөлінеді:
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Лизинг, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.