Кәсіпкерлік капиталдың қалыптасу - Іс-әрекеттерінің қандай мерзімінде болмасын, кәсіпкер инвестициялар жасап отырады, олардың сипаты мен көздері іс-әрекеттің кезеңіне тәуелді болады.
Кәсіпкерлік бизнесті ұйымдастырудың бастапқы кезеңінде капиталдың алғашқы салымын жасау керек. Старттық (cope) капитал деп өндірістің бастапқы кезенінде жасалатын капиталдың алғашқы сомасы мен ағымдағы шығындар сомасының жиынтығы аталады. Старттық алғашқы капитал кәсіпорнын тіркеуге, банкте есеп-шот ашуға, ғимарат сатып алуға, немесе оны жалға алуға, ғимаратты жөндеуге, немесе, оны қайта құруға, машиналар, жабдықтар, приборлар, патентгер, лицензиялар сатып алуға жұмсалады. Ағымдық шығындарға шикізат пен материалдар, жалдау төлемі, жалақы, әлеуметгік қорларға аудармалар және т.б. жатады.
Старттық капиталдың және кәсіпкердің каражаттарының орнын жауып, өтеп отыру үшін меншікті (ішкі), немесе, несиелік (сыртқы) құралдар (қаржылар) қолданылады. Меншікті және несиелік құралдардың көздері факторлардың екі түрімен белгіленеді:
Меншікті қаражаттардың қайнар көздеріне мыналар жатады:
Несиелердің қайнар көздері: несие мен қарыздар, тұрақты пассивтер және несиелік қарыздар. Қаржы ресурстарының алғашқы қалыптасуы жарғы капиталы жасалып кәсіпорын құрылғанда басталады.
Жарғы капиталы — бұл фирманың негізгі жене айналмалы қаражаттарының қайнар көзі. Ал жарғы капиталының қайнар көзі мыналар: акционерлік капитал, құрылтайшылардың жарналары, салалық қаржы ресурстары, ұзақ мерзімді несие, бюджет қаражаттары. Жарғы капиталының көлемі өндіріс процесіне инвестицияланған ақша қаражаттарының негізгі және айналмалық көлемін бейнелейді.
Несие - бұл қарыз капиталының қозғалу нысаны, ол кайтарылып беріледі және иесіне пайда әкеледі. Қарыз капиталының қайнар көздері:
Қысқа мерзімді қарыздар жалақы төлеуге, шикізат алуға немесе дайын тауарларды сату ушін, күнделікті шығындарды өтеуге қолданылады. қысқа мерзімдік несиелердің жиі қолданылатындары:
¥зақ мерзімді заемдар — бір жылдан артық пайдаланатын қаржылар. Бұлар көбінесе қымбат жабдықтар, ғимараттар сатып алу үшін, зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін қолданылады. Ірі корпорациялардың көбі облигация шығарудан қосымша қаражаттар табады. Облигация — бұл құнды қағаз. Ол оның иесінің белгілі көлемде ақша сомасын кәсіпорынға өткізгенін куәлайды. Осы ақша оған белгілі мерзімде қайтарылуы керек және ол оған жылына бір немесе екі рет процент алуына құқық береді. Банкінің несиесінен облигация шығару ұнамды, бірақ банкілікпен салыстырғанда бұның проценті жоғары болуға тиісті, өйткені басқаша болса облигацияны ешкім сатып алмайды. Корпорациялардың облигациясы, әдетте номиналына сәйкес сатылатын, борышқорлық қолхат болып табылады.
Корпорациялардың акция шығару арқылы қаржылануы қаржыланудың ең қымбат түсетін жолы болып табылады. Батыс компаниялары бұл жолды өте сирек, қаржылаудың басқа түрі болмаған жағдайда пайдаланады. қаражат жетімсіз болғандықтан акциялар шығару бизнесмендердің басқару қызметіндегі тәуелсіздігін темендетеді. Қашан болмасын қаржыланудың түрлері көп болған сайын кәсіпорынның даму мәселелері қиындай береді.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Кәсіпкерлік капиталдың қалыптасуы, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.