Икебана

Икебана немесе Икэбана  (жап.

生 け 花 немесе  жап. い け ば な  икэбана, «икэ немесе икэру» жап. 生 け る -  Өмір, «бана немесе хана»  жап. 花 - Гүлдер, сөзбе-сөз «тірі гүлдер») — кесілген гүлдердің және бұтақтардың арнайы ыдыстарда үйлестірудің, сондай-ақ интерьерде композицияларды дұрыс орналыстырудың дәстүрлі жапон өнері. Икабаның негізіне биязы қарапайымдылық принциптің салынуы, табиғи материалдардың сұлулығын айқындау арқылы жеткізіледі.

Тарихы

Икебана XV ғасырда Жапонияда пайда болып, бастапқыда  діни бағытта  және  жапон ғибанатханаларда құдайларға сый ретінде қолданысқа енген. Сонымен қоса икебана гейш қыз оқушыларының оқу программаларына кіргізілген.

Икебана - өсімдіктердің табиғи түрлерінің және олардың далада мен тауларда өсулерінің тура көшірмесін жасауға бағытталған өнер деп адамдар жиі шатастырады. Алайда, икебана - бұл көшірме де, миниатюра да емес. Икебанада біз бір кішкентай бұтақ пен бір гүлді шексіз ғарыштық кеңістікте және шексіз уақытта аранжирлеп, бар жан-тәнімізді саламыз. Сол кезде біздің санада сол жалғыз гүл мәңгілік өмірді бейнелейді.

- Икенобо Сенкеи. «Шынайы нәзікітік»

Мектептер

Икебана белгілі мектептердің және стильдердің жиектемеде дамиды. Жапонияда ең танымал - Икэнобо, Охара, Согэцу мектептері.

Икэнобо

Икэнобо икебананың дамуындағы алғашқы мектеп болып саналады. Икэнобо XV ғасырдың ортасында, Роккаку-до будда ғибадатханасында діни қызметкер Икэнобо Сэнкаймен Киото қаласында ашылған. Икэнобо мектебі басқа мектептерге қарағанда, әліде икебананың ескі стильдерін пайдаланады. Мысалы, Рикка мен Сёка.

Охара

Охара мектебі 1897 жылы құрылып, икебанаға морибана атты жаңа стильді енгізген болатын. Морибананың ерекшелігі - өсімдіктердің тегіс, аласа вазаларда металлдық түйреуіштердің көмегімен орнату.

Согэцу

Согэцу мектебі (жап. 草 月 - «шөп пен ай») - 1927 жылы пайда болған, ең заманауи мектеп.

Бұл мектептегі басты айырмашылық, гүл мен өсімдіктердің ғана емес, тастардың, маталардың, металлдың, пластмассаның және тірі емес материалдардың басқа түрлерін қолдануы. Икебана арқылы тек бөлмелерді әсемдеуде ғана емес, сонымен қатар көшелерде, саябақтарда, метрода көрініс жасауға кірісті.

Стильдер

  • Рикка (жап. 立花) — XVII ғасырда икебананың ең танымал түрі болған. Алайда қазіргі кезде ескірген стиль болып саналады.
  1. Рикка Сёфу-тай
  2. Рикка Симпу-тай
  • Сёка (жап. 生花)
  1. Сёка Сёфу-тай
  2. Сёка Симпу-тай
  • Нагэирэ (жап. 投げ入れ; басқа атауы — хэйка) — ұзын, жіңіше мойынды вазаларда, өсімдіктердің ыдыстың шетіне сүйеніп орнату стилі.
  • Морибана (жап. 盛り花) — подноста немесе тегіс аласа вазаларда және судың кез келген мөлшермен орындалатын икебана түрі.
  • Дзиюка — дегеніміз еркін стиль.

Tags:

Икебана ТарихыИкебана МектептерИкебана СтильдерИкебана

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

БалықтарҰрықтануКүй аңызы (әңгіме)АтмосфераҚазақстан мемлекеттік рәміздеріЭмбрионТырнақшаАзаматтық іс жүргізу құқығыҚазақтың салт-дәстүрлері (тізім)Қол добыБақбақҒылыми-техникалық революцияҚимақ қағанатыБұлшық етАлғашқы көмекТерроризмБірінші дүниежүзілік соғысӘбу Насыр Әл-ФарабиРим империясыҚожа Ахмет Ясауи кесенесіАзотИммануил КантМейозЖынысты көбею және ұрықтану ерекшеліктеріАлкадиендерҚылмыстық құқықКөзімнің қарасы...СинонимҚышқылТопырақМиКөзАллитерацияАлланың есімдеріЖоғары молекулалы қосылыстарСолтүстік АмерикаПлагиатОқшау сөздерСүтқоректілерДінҚазақстан Республикасының Мемлекеттік ӘнұраныМәдениеттануАбайдың қара сөздеріБидай (астық)Мәскеу шайқасыҰлы Отан соғысыЖаңа білім беру жүйесіСаясатТүрік қағанатыТұздар (химия)Қазақстан демографиясыАдам даму индексіСынықТуберкулезЖіктік жалғауАқбөкенҚазақстан 2030ҚыпшақтарБәйтерек (монумент)Қосарлы ұрықтануРайымбек батырСұлтанәлі Базарбайұлы БалғабайМұнайЭвакуацияХалықаралық балалар күніАсан қайғы СәбитұлыГүлЛенинград шайқасыҚайта құру кезеңіҚазақстанның экономикалық аудандарыТуризмҚоректік тізбекӨсімдік селекциясыДүние жүзінің саяси картасыӘлеуметтік инфрақұрылымҚазақстан Республикасының Ұлттық музейіСалауат🡆 More