Жүзу

Жүзу , спорттық жүзу – спорт түрлерінің бірі.

A.
Спорттық жүзу

Спорттық жүзу жарыстары еркін (кроль), брасс, баттерфляй, шалқалап жүзу, тағы да басқа тәсілдерімен 50 метрден 1500 метр қашықтық аралығында өткізіледі. Сондай-ақ жүзудің қолданбалы, су астында жүзу, синхронды (көркемдік) жүзу т.б. түрлері болады. жүзудің тұрмыстық, емдік, ойын түрлері де бар.

Халықаралық жүзу федерациясы

Халықаралық жүзу федерациясы (ФИНА) 1908 жылы құрылған. 1991 жылы оның құрамына 128 ел кірді. Олимпиялық ойындар 1896 жылдан, дүниежүз. чемпионаттар 1973 жылдан, еуропалық чемпионаттар 1926 жылдан өткізіледі. Дене шынықтырудың бір түрі ретінде жүзумен адамдар ежелгі дәуірден бастап айналыса бастаған. Біздің жыл санауымыздың басында Римде суы жылытылатын 50x20, 100x50 метрлік үй ішіндегі бассейндер салынған. 16 ғасырдың басында жүзу спорттық сипат алды. Алғашқы жарыс 1515 жылы Венецияда өткізілді. КСРО-ның 1947 жылы Халықаралық жүзу федерациясына мүше болуы, 1952 жылдан бастап Олимпия ойындарына қатысуы жүзу спортының Кеңес Одағында, оның ішінде Қазақстанда да жедел дамуына ықпал етті.

Қазақстанда жүзу спортының дамуы Алматыда Дене тәрбиесі институтының (қазіргі Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясы) ашылуымен тікелей байланысты болды. Оның түлектері 1946 жылы Бүкілодақтық жоғары оқу орындары арасындағы жарысқа қатысты. 1947 жылы алғаш рет жүзуден республикалық біріншілік ұйымдастырылып (Тастақ тоғанында), оған Алматы, Атырау, Орал қалалары жүзгіштері қатысты. Сол жылы Қазақстан тұңғыш рет КСРО біріншілігінде бәсекеге түсті. 1948 жылы Алматыдағы Мәдениет және демалыс саябағында студенттердің күшімен 27 метрлік ашық бассейн жасалды, онда екінші республикалық біріншілік өтті. Ю.Кабин, В.Минаев, Б.Елқондиевтер бірнеше рет Қазақстанның чемпионы атанды. Құрамына қазақстандық Г.Николаев енген КСРО жүзгіштері 16-Олимпия ойындарында (Мельбурн, 1956) 4x200 метрлік эстафетада Кеңес Одағына алғашқы қола медальді әкелді. 1957 жылы Қарағандыда тұңғыш жабық бассейн іске қосылды. Тәуелсіз Қазақстан дербес қатысқан Барселонада өткен 25-Олимпия ойындарына (1992) 7 жүзгіш, ал Сиднейде өткен 27-Олимпияға (2000) 8 жүзгіш қосты. Олардың бәрі дерлік Азия құрлығының үздіктері аталды. Жүзу адам ағзасына тигізетін пайдалы әсері жағынан басқа спортқа қарағанда ерекше орын алады. Жүзумен тұрақты шұғылданған адамның бұлшық еті үйлесімді жетіледі, жүйке тамыры нығаяды, денедегі зат алмасу, тыныс алу мен қан айналу жүйесінің қызметі жақсарады.

Тағы қараңыз

Дереккөздер


Tags:

Спорт

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысАвтокөлік шығаратын елдер тізіміБаскетболҚуыршақ театрыХимиялық элементтердің периодтық жүйесіТуберкулезМемлекет астаналары тізіміҚазақстанның Мәдени мұра жобасыПалеозойБейімбет Жармағамбетұлы МайлинКөп жасушалы ағзаларЕсім ханның ескі жолыЕкінші Дүниежүзілік соғыстағы КСРОЕуропаБіріккен Ұлттар ҰйымыАдам эволюциясының негізгі кезеңдеріАхмет БайтұрсынұлыӘбілхан ҚастеевМагмалық тау жыныстарыКСРО ыдырауы1920-30 жылдарындағы Қазақстан әдебиеті мен өнеріЖанрНаурызым қорығыРақымжан ҚошқарбаевМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміБиоценозФотосинтезСелекцияАуа ластануыЯдроҚола дәуіріКеңестік Социалистік Республикалар ОдағыОрталық АзияҚазақстанның сыртқы саясатыСақтарТабиғатты пайдалану мен қорғау негіздеріМэйдзи жаңғыртуыЖырауСталинград шайқасыДНҚАшық тұқымдыларҚазақстандағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізіміБастауышҚазақтың салт-дәстүрлері (тізім)ҚорықАбай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрыКиіз үйТүргеш қағанатыМәңгілік бала бейнеҚазақстан Республикасының халықаралық қатынастары мен сыртқы саясатыЖер сілкінуӘл-Фатиха сүресіҒарыштануМахамбет ӨтемісұлыТөтенше жағдайТүркияПлацентаТірі ағзалардың негізгі қасиеттеріАзотҚазақ мәдениетіОнтогенезТехнологияЖыныс қатынасынан жұғатын ауруларЖүрек ауруларыЖер бетінде тіршіліктің қалыптасу кезеңдеріҚарлұқ қағанатыОтырар кітапханасыMicrosoft ExcelАдамаралық қарым-қатынасБатыс Қазақстан облысыОтырар апатыЖан басына шаққандағы ЖІӨ (АҚТ) бойынша елдер тізіміТоқтар Оңғарбайұлы ӘубәкіровУрбанизацияДінСөйлем мүшелеріШөгінді тау жыныстарыӘпке (драма)🡆 More