Жоғарғы Бас Қолбасшы

Жоғарғы Бас қолбасшы, Жоғарғы қолбасшы (Chef suprme; der Oberste Befehlsaber; the supreme commandor) – соғыс кезіндегі және бейбіт уақыттағы мемлекеттің (немесе одақтас мемлекеттердің) Қарулы Күштерінің ең жоғарғы басшысы.

Жоғарғы бас қолбасшы қажет болғанда сол елдің (немесе одақтас мемлекеттердің) барлық азаматтық мекемелеріне де төтенше билік жүргізе алады. Батыс Еуропа елдерінде және Ресейде бұл қызмет 1914 ж. шілде айынан (1-дүниежүзілік соғыс басталғаннан кейін) енгізілді. 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында (1939 – 45) КСРО-да Жоғарғы бас қолбасшы қызметін маршал (1945 ж. 27 маусымнан генералиссимус) И.В. Сталин атқарды. Ал гГитлере қарсы одақ елдері армияларында: Солтүстік-Батыс Еуропадағы одақтас экспедициялық күштердің Жоғарғы қолбасшысы болып АҚШ генералы Д.Эйзенхауэр, Жерорта теңізі маңайындағы соғыс қимылдарына Жоғарғы қолбасшы болып Ұлыбритания фельдмаршалы Г.Вильсон тағайындалды (қ. Екінші дүниежүзілік соғыс). Қазіргі кезде бірқатар мемлекеттердің конституциясы бойынша сол мемлекеттің басшысы Жоғарғы бас қолбасшыміндетін қоса атқарады. Атап айтқанда, АҚШ, Франция, Ресей мемлекеттерінде Жоғарғы бас қолбасшы – президент, Жапониядаимператор, Ұлыбританияда – король немесе королева, Германияда федеральдік канцлер, т.с.с. Кей жағдайда одақтас мемлекеттердің біріккен әскер күштерінің Жоғарғы бас қолбасшысы тағайындалады. Мысалы, НАТО-ның Еуропадағы біріккен қарулы күштерінің Жоғарғы бас қолбасшысы. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша Президент Жоғарғы бас қолбасшы болып саналады. Жоғарғы бас қолбасшы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін басқара отырып, стратегиялық міндеттерді белгілейді. Қажет жағдайда атқарылатын әскери қимылдар жоспарларын қарап бекітеді және оны қажетті адам күшімен, қару-жарақтармен қамтамасыз етеді, әскердің барлық түрлері мен топтарының бірлесе қимыл жасауын ұйымдастырады. Ол Бас штабтың алдына әскердің ең басты стратегиялық міндеттерін белгілеу, соған байланысты оқу-жаттығу операцияларының оперативтік-стратегиялық жоспарларын жасау міндеттерін қояды. Сондай-ақ, Жоғарғы бас қолбасшы одақтас мемлекеттермен әскери байланыстардың нығаюын, Қарулы Күштер алдына қойылған міндеттердің дәл уақытында орындалуын, жүргізілген операциялар мен жаттығулардың нәтижелерінен дұрыс қорытындылар шығарылуын, операция барысында жауынгерлер мен әскер басшыларының әскери тәжірибе жинақтауын, ұрыс жүргізудің жаңа тәсілдерін үйренуін, офицер кадрларының даярлануын, округ, дивизия, корпус командирлеріне лайықты мамандар тағайындалуын қадағалайды.

Дереккөздер:

Қазақ ұлттық энциклопедиясы


Tags:

АҚШБатыс ЕуропаГенералиссимусГерманияГитлерДивизияЕкінші Дүниежүзілік соғысЕкінші дүниежүзілік соғысЕуропаЖапонияЖерорта теңізіЖоспарИмператорКонституцияКорпусМаршалНАТООкругОперацияОфицерПрезидентРесейСоғысСтратегияТәжірибеФельдмаршалФранцияҚазақстан Республикасының КонституциясыҚазақстан Республикасының Қарулы КүштеріҚаруҚару-жарақҰлыбритания

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Жылулық сәулеҚанайналым жүйесіІлияс ЕсенберлинҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыЕуропа одағыҚажымұқан МұңайтпасұлыНаурыз мейрамыЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміАққуларСаясатҚазақстан және дүниежүзілік қауымдастықҚоршаған ортаны қорғауБалқашХимиялық элементтердің периодтық жүйесіАйдын Ақанұлы АйымбетовАвтомобиль жолыСинонимКіші жүздің Ресейге қосылуыҚазақ мәдениетіБатыс ҚазақстанАқтабан шұбырындыСүтРуналық жазуҚұранБауыр (орган)ПартеногенезШілдеханаКүн (жұлдыз)Әуе шарыЗурзееНекеӨкпеВирустарПсихологияБактерияларГольджи жиынтығыБұлтты технологияҮйсін мемлекетіӘміре ҚашаубаевБейімбет Жармағамбетұлы МайлинКиіз үй жабдықтарыҚаһарТар жол, тайғақ кешуМемлекеттік шекараҚожа Ахмет Ясауи кесенесіҚазақтың 500 ән-күйіӘл-Фатиха сүресіКөлікМетафораУран (химиялық элемент)ЖұлынТөңкеріс (қоғам)ФразеологизмКодекс КуманикусҒылымАуған соғысы (1979—1989)Сайлау жүйесіШетел инвестицияларыАллергияТабиғатИсламдағы жыныстық өмір әдебіАлюминийКүн жүйесіТехникаЕкінті намазыПрозаМағжан Бекенұлы ЖұмабаевСинапстерМал шаруашылығыPythonӘйтеке биҚанСирия азаматтық соғысыҰйқы безіЖалқы есімСиэтл СаундерсВолейболТом Сойердің басынан кешкендеріЖоғары сатыдағы саңырауқұлақтар🡆 More