Ескелді Ауданы

Ескелді ауданы — Жетісу облысындағы әкімшілік бөлініс.

Аудан орталығы – Қарабұлақ ауылы.

Қазақстан ауданы
Ескелді ауданы
Әкімшілігі
Облысы

Жетісу облысы

Аудан орталығы

Қарабұлақ

Ауылдық округтер саны

11

Ауыл саны

33

Әкімі

Ахметов Елдос Тұрсынбайұлы

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Қарабұлақ ауылы, Оразбеков көшесі, №67

Тарихы мен географиясы
Координаттары

44°54′12″ с. е. 78°29′42″ ш. б. / 44.90333° с. е. 78.49500° ш. б. / 44.90333; 78.49500 (G) (O) (Я) 78°29′42″ ш. б. / 44.90333° с. е. 78.49500° ш. б. / 44.90333; 78.49500 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1928

Жер аумағы

4,3 мың км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

52 368 адам (2023)

Ұлттық құрамы

қазақтар (74,54%), орыстар (20,51%), украиндар (0,18%), немістер (1,09%), шешендер (0,39%), корейлер (1,00%), поляктар (0,06%), татарлар (1,49%), ұйғырлар (0,24%), басқалары (0,27%)

Сандық идентификаторлары
Пошта индексі

040500-040520

Автомобиль коды

19

Ескелді ауданының әкімдігі

Облыс картасындағы Ескелді ауданы

Географиялық орны, жер бедері

Солтүстігінде Ақсу ауданымен, батысында Қаратал, Көксу аудандарымен және Талдықорған қаласымен, оңтүстігінде Кербұлақ ауданымен, шығысында Қытаймен шектеседі.

Ескелді ауданының жері негізінен Жетісу (Жоңғар) Алатауын екіге бөліп тұрған Көксу депрессиясы мен тау аралық ойыста орналасқан. Ауданның шығыс бөлігі – басын мәңгі қар мен мұз басқан биік тау сілемдерінен тұрады, мұнда ауданның ең биік жері (4016 м) орналасқан. Батысы – Көксу, Қаратал өзендері аңғарын қамтыған тегіс жазық. Мұнда аласа таулар (Дауылбай тауы, 922 м) мен қыраттар (Қызылжар, 932 м) кездеседі. Аудан аумағынан ағып өтетін Қаратал өзенінің Қараой, Шежі, Шымбұлақ және Көксу өзендерінің Құсақ, Жаңғыз салалары биік таулардан бастау алады. Ауданда аумағы кіші Үшкөл және Жасылкөл көлдері бар. Жер қойнауынан алтын, күміс (Бурақой), қорғасын, мырыш (Текелі, Батыс Текелі) кентастары өндіріледі. Мәрмәр, әктас кендері барланған.

Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі

Климаты континенттік. Қысы суық, жазы ыстық әрі қуаң (батысында). Жазық өңірдегі қаңтардың орташа температурасы –8 – 11°С. Шілденің орташа температурасы жазық жерінде 23°С-тан, таулы өңірде 18°С-қа дейін өзгереді. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері жазықта 250 – 350 мм, тауда 800 – 1000 мм. Шөлейтті дала белдеміне тән жазық бөлігінің топырағы сортаң, құмдақ сұр және қоңыр келеді, таулы өңірінің топырағы қоңыр, қызыл қоңыр, шалғынды қара. Өсімдіктерден жусан, сұлыбас, сүттіген, бетеге, қызыл мия, тал, шырғанақ, ырғай, долана, алма ағашы, қайың, шырша, қарағай өседі. Қасқыр, түлкі, қоян, аю, барыс, борсық, таутеке, арқар, марал, қырғауыл, кекілік, сарышұнақ, аламан, т.б. мекендейді. Таулы өңірінде «Жетісу аяқты балығы» мемлекеттік қорықшасы (4,8 мың га) орналасқан.

Шаруашылығы

Ауданда өнеркәсіп бағытында 6 кәсіпорын жұмыс істейді. Ірісі – «Алматы қанты» жабық акционерлік қоғамы. Ескелді би ауданының ауыл шаруашылығына жарамды жері 580,4 мың га (2006). Оның 51,4 мың га жері жыртылған, шабындық 16,4 мың га, жайылымдар 506,7 мың га жерді құрайды. Аудан жерімен Түрксіб темір жолы және Алматы – Өскемен автомобиль жолдары өтеді.

Халқы

1939 1959 1970 1979 1989 1999 2009 2021
 44168 44911 61855 67573 61932 48548 50082 52362

Тұрғындар саны – 46631 (2019).

Әкімшілік бөлінісі

Аудандағы 33 елді мекен 11 ауылдық округке біріктірілген:

Халқының саны (2009, 2021)
Ауылдық округтері 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
Ақын Сара ауылдық округі 2146 1885 87,8 1080 960 88,9 1066 925 86,8
Алдабергенов ауылдық округі 4903 4862 99,2 2393 2407 100,6 2510 2455 97,8
Бақтыбай Жолбарысұлы ауылдық округі 8257 8312 100,7 4002 4140 103,4 4255 4172 98
Жалғызағаш ауылдық округі 1354 1316 97,2 682 686 100,6 672 630 93,8
Көкжазық ауылдық округі 1973 1952 98,9 998 1003 100,5 975 949 97,3
Қайнарлы ауылдық округі 1290 1302 100,9 682 703 103,1 608 599 98,5
Қарабұлақ ауылдық округі 21767 25572 117,5 10462 12609 120,5 11305 12963 114,7
Қаратал ауылдық округі 2521 2243 89 1250 1127 90,2 1271 1116 87,8
Қоңыр ауылдық округі 1639 1019 62,2 879 569 64,7 760 450 59,2
Сырымбет ауылдық округі 2059 1781 86,5 1075 934 86,9 984 847 86,1
Төлеңгіт ауылдық округі 2173 2118 97,5 1084 1070 98,7 1089 1048 96,2
ЖАЛПЫ САНЫ 50082 52362 104,6 24587 26208 106,6 25495 26154 102,6

Дереккөздер

Tags:

Ескелді Ауданы Географиялық орны, жер бедеріЕскелді Ауданы Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесіЕскелді Ауданы ШаруашылығыЕскелді Ауданы ХалқыЕскелді Ауданы Әкімшілік бөлінісіЕскелді Ауданы ДереккөздерЕскелді АуданыЖетісу облысыҚарабұлақ (Ескелді ауданы)

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Шоқан Шыңғысұлы УәлихановОвуляцияҚызылша (медицина)Бауыр (орган)РобототехникаҒұндарНаймандарҚан топтарыЖелі топологиясыЖаңа білім беру жүйесіКлиматтық белдеулерБасты бетАлкендерНьютон заңдарыҚазақ күресіЕуропа мемлекеттерінің және тәуелді аймақтарының тізіміҚылмыстық құқықҚазақстан Ресейдегі 1905-1907 жылдардағы революция кезіндеЖасушаҚазақ халқының ұлттық тағам түрлеріСмағұл Абатұлы ЕлубайЖоламан Тіленшіұлы бастаған көтерілісДәрілік өсімдіктерКөнерген сөздерҚартаюКСРО ыдырауыМастопатияДенсаулықЕкінші Мемлекеттік ДумаКірме сөздерӨлім кезеңдеріҚазақ тіліндегі жыл айларының атауларының мағынасыҚазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніЖылқыГормондарРезус-факторЖалпы ішкі өнімҚұрмалас сөйлемФагоцитозПсихологияның зерттеу әдістеріҚазақ философиясыАдам қаңқасыАбылай ханҰлыбритания16-17 ғасырлардағы Қазақ хандығыӨсімдіктерТүркістан облысыҚажылықҚан мен терҚұлақКөшбасшылықӘл-Фатиха сүресіДауыссыз дыбыстарГипофизҚазақстан Парламентінің СенатыКерей ханАуызашарҰлы жүзКәсіби сөздерҚыз ЖібекҚазақстан ұлттық парктерінің тізіміСемей полигоныӨкпеАрал теңізіШымкентТырысқақАбайдың қара сөздеріКөші-қонТемпераментБатыс Түрік қағанатыХаббл ғарыш телескопыФилософияБердібек Ыдырысұлы СоқпақбаевБуын үндестігіҚазақ халқының өлім-жітім жөнелту салтыКарбон қышқылдарыҚазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріҚазақстан теңгесі🡆 More